Мәдениет – қоғамдық құбылыс. "Мәдениет" ұғымы және оған қатысты көзқарастардың көптүрлілігі



бет3/3
Дата11.11.2023
өлшемі417.39 Kb.
#483006
1   2   3
мәдениет қоғамдық құбылыс

Мәдениет тарихына көз салсақ.
Ө ткен ғасырдың отызыншы жылдарының ішінде ондаған мың зиялы өкілдерінің саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі. Алайда, зиялы қауым қатты зардап шексе де, мәдени-рухани үдеріс тоқтап қалған жоқ. Бәрібір ұлттың ішкі рухани әлеуеті орасан зор шығындардың орнын толтырып отырды және әлеуметтік-мәдени өмірдің де үнемі алға жылжуын қамтамасыз етті. Осылай үлкен кедергілерге, ауыр соққыларға қарамастан, қазақ халқының мәдениеті Кеңес Одағының қарамағына енген өзге ұлттардың мәдениетімен бірге үнемі өрлеу үстінде болды.
Мәдениеттің даму үрдісінде үлкен тоқырау жетпісінші жылдардың ішінде анығырақ біліне бастады. Бұл Кеңес Одағының жалпы мемлекет ретіндегі алға басу жолындағы тоқыраумен тығыз байланысты еді. Қоғамдық өмірдің барлық аяларын қамтыған түрлі кедергілер мен іркілістер туралы сыни пікірлер де осы тұста орын ала бастаған болатын.
Көркемөнерде ол алдымен тілдің тұрмыс шеңберінде ғана қолданылуына байланысты тақырып аясының тарылуы, кітап оқырмандары мен театр көрермендерінің азаюы сияқты құбылыстардан байқалды. Жетпісінші, сексенінші жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ірі олқылықтардың бірі - өмір шындығын біржақты әсірелеп көрсету болды.
Ол кездердегі қазақ қаламгерлері негізінен өздерінің көркем шығармаларында ауыл өмірін тілге тиек етті. Тұрмыстық мәселелер көркем әдебиеттегі негізгі сюжет желісіне айналды. Отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастар, солардың өмір жайлары жиі көрініс берді. Идеология әдеби-мәдени үдерісте болып жатқан құбылыстарды ашып көрсетуге ерік бермеді. Саяси өмір, халықаралық қатынастар аяларындағы оқиғалар, әскери өмір тұрмысы, өндіріс тақырыбы жеткілікті суреттелмей жатқандығы айтылып жүрді. Тақырыптық шектеулілік сол кездегі қазақтың көркем әдебиетінде ғана емес, өнердің өзге түрлеріне де тән болды. Ақыры бұл құбылыс жалпы көркем әдебиет оқырманы санының азаюына, тиісінше көркем шығармалардың таралымының шектелуіне әкеліп соқтырды. Бүкіл республика өмірінде орыс тілінде таралатын ақпараттар, ғылыми және көркем әдебиет мөлшері үлкен қарқынмен артып отырғанда олардың қазақ тілінде таралуы үнемі кеміп отырды. Сол кезде қазақ халқының демографиялық өсуіне сай көркемөнер шығармаларының пропорционал көбею құбылысы болмады.
Мәдени-рухани өмірдің негізгі тармақтарының бірі — білім берудегі іркілістер оқушылардың білімге деген ынтасының түсіп кетуінен, жалпы орта білімнің сапа деңгейінің төмендеуінен, білімді бағалаудағы формалдылықтан байқалды. Білім саласының мәселелері үнемі көтеріліп отырды, бірнеше рет білім саласының жұмыстарын жақсартуға бағытталған қаулы-қарарлар қабылданып, реформалар жүзеге асырылды. Білім мәселелерін тереңдей қамтыған реформа 1984 жылы жүргізілді. Мұның барлығы да сол кездегі Кеңес Одағында, кейіннен тәуелсіздік алған Қазақстан шеңберінде білім мәселелерін алға жылжытып жіберуге септігін тигізе алмады.
Кеңес өкіметінің тұсында Қазақстан ғылымы екіжақты бағытта дамыды. Қазақстанда нақты және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері бірқатар жетістіктерге де жетті. Солай болса да, Кеңес кезіндегі ғылымның тоқырауы қоғамдық-гуанитарлық салалардан айқын көрініс берді. Қоғамдық ғылымдар ол кезде шын мәнінде коммунистік идеологияның насихатшысына және оның идеясын халыққа таратушы құралға айналды. Философиялық, социологиялық, саясаттану, мәдениеттану ғылымдары іс-жүзінде коммунистік партияның бағдарламаларының, съездерінің шешімдерін, олардың алға қойған міндеттерін халыққа түсіндіру, олардың дұрыстығын дәлелдеу бағыттарында жұмыс істеді. Тарих ғылымы орескел бұрмалаушылықтарға ұшырады. Әсіресе ұлттық мүдделерге тікелей қатысы бар мәселелер зерттеу аясынан тыс қалып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет