Мәдениет жаңалықтары және спорт жаңалықтары



Дата02.03.2023
өлшемі16.24 Kb.
#470257
Мәдениет және спорт жаңалықтары 14срсп


Мәдениет жаңалықтары және спорт жаңалықтары
1)Мәдени жаңалықтың бірі-ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ «БЕРЕЛ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚОРЫ АШЫЛДЫ.


Астанадағы Ұлттық музейде «Берел» ғылыми-зерттеу қоры ашылды. Онда белгілі «Берел» сақ қорғандарынан табылған бірегей артефактілер жинақталған. Құнды жәдігерлерді іздестіру экспедициясына белгілі археолог Зейнолла Самашев жетекшілік еткен. Қорда зерттеуден өтіп, қалпына келтірілген 2 мыңнан астам жәдігер сақталды. Олардың ішінде алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері, ағаш бөлшектері бар. Шара ғалым Зейнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Белгілі археолог- Берел қорымы, Аралтөбе, Сарайшық ескерткіштеріне қазба жұмыстарын жүргізген. Соңғы жылдары Шығыс өңірінде ғалым жетекшілік еткен археологиялық қазба жұмыстары оң нәтиже көрсетті. Елеке сазы, патшалар жазығындағы «Алтын адам» Түркі дәуіріне тән қаған кешені, Ақбауыр сақ заманының қоныстары Қазақстан археологиясына теңдессіз жаңалық әкелді.  

2) Петропавлда жаңа қазақ театры ашылды. Салтанатты шараға мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысты. Өнер ордасы 2018 – інші жылы салына бастап, «сақалды» құрылысқа айналған болатын. Алғашқы мердігер ұйыммен жасалған келісім шарт 3 рет ұзартылып, ақыры басқа компанияға берілді. 500 орындық нысанға бюджеттен 4 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. Енді мұнда қаладағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды - драма театрының ұжымы жайғасады. Бұған дейін олар ескі ғимаратта өнер көрсетіп келді. 

Спорт жаңалықтары



  1. Қазақстан алдыңғы ондықта.

Халықаралық теннис федерациясы ұлттық құрамалардың соңғы ойындарын саралап, әлемдік рейтингті өзертті. Жаңартылған тізімде еліміздің әйелдер құрамасы 10-сатыға жайғасты. Яғни, Елена Рыбакина бастаған жерлестеріміз Ұлыбритания, Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, тіпті, Польша сияқты елдерді де басып озған. Қазақстан құрамасының еншісінде 739 ұпай бар. Ал көш басына 1142 ұпай ұпай жинаған Австралия орналасты. Үздік үштікті Швейцария мен Испания түйіндеді. Айта кетейік, дәл осы Испания қыздары бірер апта бұрын ұлттық құраманың басты қарсыласы болды. Қос команда Шотландияның Глазго қаласында командалық әлем чемпинаты аясында жолыққан болатын. Кездесулер сериясында Испания айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұған қоса біздің топта жергілікті Ұлыбриатния қыздары да болды және қазақ қыздары оларды 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде, отандастарымыз плей-офф кезеңіне өте алмады. Айта кетейік, Билли Джин Кинг Кубогының шешуші жарысына 12 команда ғана жолдама алған болатын. 

2) 6 дүркін әлем чемпионы.
Қазақстандық Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан керемет жетістікке жетті. 15 жасар қазақ қызы жуырда ғана Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Ол 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында белдесті. Күлгін белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Тіпті финалда жергілікті, яғни БАӘ спортшысын ұпай көрсеткішімен жеңді. Жібек аталған жарысқа дейін Абу-Даби қаласында 20 күн болған. Осы уақыт ішінде жергілікті клубтардың бірінде жаттығып, шеберлік шыңдағанын алға тартады. Сонымен қатар ол өзінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың да ерекше еңбегін атап өтті. Айта кетейік, дүниежүзілік додадаға биыл 1500-ге жуық жиналды. Оның ішінде 159 жерлесіміз бар. Қазақстандық жасөспірімдер бас аяғы 11 алтын, 8 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет