Е.Шәймерденнің пікірінше, елтаңбаның қарапайым пішінінен күрделі түріне дейінгі дамуы бірнеше кезеңнен тұрады екен. Бірінші кезең, ерте әлеуметтік белгілердің пайда болуымен сипатталады. Қазақ қоғамында көнеден келе жатқан белгінің бірі - малға ен салу. Екінші кезең, таңба белгілерінің қолданылуымен ерекшеленеді. Бұл деңгейге дала мәдениетіңің айрықша белгісі болып табылатын тайпалық таңбалар сәйкес келеді. Үшінші кезең, мөрлердің пайда болуы, төртінші - рулық таңба, бесінші – аймақтық және қалалық герб, алтыншы, ең жоғарғы деңгей – ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбаның болуы.
Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады.
Қазақ халқы мен мемлекеттілігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Олардың әрқайсысының өз таңбасы болды.
Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, сонымен қатар рәміздеріміз әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз үғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп қарауға болмайды. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар.
Жай ғана мысал, Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің үлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз.
«Қоғамда Қазақстан - біздің отанымыз, бүл үғымға көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір. Қай үлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең алдымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісім ахуалын қолдауы.
Құрамындағы ұлттар мен ұлыстар саны біздегіден де көбірек гүлденіп отырған мемлекеттер аз емес. Бүл елдерде патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақ басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалады. Қазақстандық патриотизм елдің нағыз патриоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне: Туына, Елтаңбасы мен Әнұранына ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Қазақстандық патриотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жүрт», «азаматтық борыш», «ар-намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен - отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты. Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.
Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдар арқылы тұтастанатыны белгілі. Алайда бұл бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті дәуіріндегі адам мен дүние қарым-қатынастары туралы тікелей әдебиет болмағанымен, осы мәселенің кейбір жақтары Қ.Ш.Нұрланованың, Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.Шаханованың, Г. Шалабаеваның, Ә.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж. Молдабековтың, Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың және тағы басқа зерттеушілердің ғылыми нәтижелерінде XV ғасырдың екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мәдени өзгерістері, олардың рәміздік суреттемелері зерделенген.
Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік хронологиясы жатады және ол өзінің рәміздік көп мағыналығымен көзге түседі
Белгілі философ Ю. Хабермас индивидуалдық коммуникацияның әр мәдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай қасиеттеріне назар аудару қажет деген:
- жеке адамдардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі;
- өзіндік меннің бар болуы және оған сүйену;
- моральдық жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда индивидуалдық дискурс жүре алады.
Қазақ хандық дәуіріндегі ақын-жырауларда жеке-даралық дискурстың жоғары деңгейде болғанына мынандай дәлелдер келтіруге болады. Қазақ даласындағы әлеуметтік коммуникациядағы ерекше этносоциологиялық сана мен әлеуметтік бірлік мәдениеті үрдісінің қалыптасуын білдіреді. Адамның адамзат тарихы қалыптасқаннан бергі тарихын оның рухани болмыс-бітімінің үздіксіз ашылу үдерісі деп қарастыруға болады. Адамзат тарихы адамның өз шығармашылық қасиеттерін көрсетуі арқылы, көзқарастары мен ойлары, жасаған образдары және дүниетанымымен ерекшеленеді.
«Қазақ ділмәрларының азаматтық татулық пен әлеуметтік бүтіндіктің көріну формасы мен оны іске асыру тетігін келесі бір тамыры ретінде қазақтың үш жүздік құрылымын қарастырғандығын айтуға болады. Қазақ ділмәрларының пікірінше, дәстүрлі дала қоғамындағы үш жүздік әлеуметтік құрылымның өзі ру, тайпа, ел, ұлт болып, бүкіл қоғамда төлтума коммуникацияның қалыптасуына тікелей мұрындық болған». Кеңпейілділік, кешірімділік, досқа адалдық, өзара адами түсіністік қарым-қатынастар көп қырлы сипатымен адамдардың өздерін өз өмірлерін бағалай білуге жетелейді.
Кеңпейілділік, кешірімділік, досқа адалдық, өзара адами түсіністік қарым-қатынастар көп қырлы сипатымен адамдардың өздерін өз өмірлерін бағалай білуге жетелейді. Асан қайғының ойынша, адамның қоғамдағы орны оның атқаратын іс-әрекеттерінің адамшылық арнадан көрінуі және адамдардың бірін-бірі бағалай білуіне байланысты. Әсіресе дау-дамайдан, жанжал, ұрыс-керістерден өздерін сақтауы тиіс. Адамның қадірлі болуының негізі – сол адамның мінез-құлықтарынан туындайды. Адам өз-өзін тежеп, сабырлы ұстауы оның беделін арттырады.
Философиялық ой ағымымен айтсақ, адамның бағалы не бағасыз болуы оның өзіне ғана байланысты. Ол өзі ғана осы қасиетке ие бола алады немесе бола алмайды. Асан толғауының негізінде қайырымдылық рухы жатыр. Зұлымдықтан, жамандықтан, адам беделін түсіретін әрекеттерден сақтандыру, бұл орайда маңызды сатылар, тек қайырымдылық арқасында жағымсыз құбылыстарды тудырмау немесе болдырмау Асанның болмысындағы әділеттіліктен бастау алады. Асан тыйым салып отырған әрекеттердің адамға тигізер зияны көп.
Біріншіден, Асанның өзін ұстай білуге үндеуі коммуникацияда адамның қадірін арттырып, оның бағалы жақтарына баулиды. Бұл дегеніміз адамның бағасын білдіреді, мойындатады, яғни коммуникацияға қажетті қасиеттердің сапалы болуын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |