- Негізгі клиникалық белгілері жүрек жұмысының жеткіліксіздігімен сипатталынады. Созылмалы өкпетекті жүректің бастапқы кезеңінде жүрек қызметі жеткілікті. Аурудың клиникасы себепші сырқаттың белгілерімен сипатталынады. Тексергенде оң қарыншаның ұлғайғаны анықталынып, құрсақ үсті бұрышынан жүрек лүпілі көрінеді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігі дамыған жағдайда созылмалы өкпелік жүректің белгілері айқын көрініс береді.
Клиникалық бейнесі - Науқастың тынысы тарылып, ентігеді. Жалпы диффузды цианоз білінеді. Мойын көк тамырлары қанға толып, айқын білінеді. Жүрек жиі қағады, аяқтары ісінеді. Бауыр ұлғайып ауырсынады. Қозғалыс қабілеті төмендейді. Жүрек жұмысының жеткіліксіздігінің соңында ағзаның бүкіл мүшелері зақымданады, гипоксия өршіп ацидоз дамиды. Қан анализінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшері көбейеді, ЭТЖ 2-4 мм/сағ дейін бәсеңдейді.
Диагностикальқ критерийлері: - • Экспираторлы сипаттағы ентікпе, әлсіздік, тершеңдік, жүрек аймағындағы ауру, диффузды «жылы» цианоз, мойын веналарының ісінуі, эсіресе дем шығарғанда, саусақтарының барабан таяқша тэрізді, тырнақтарының сағат эйнектері сияқты өзгерісі.
- • Наукастарда ісіну, ортопноэ, теріастылық веналарының кеңеюі, тыныс алғанда жоғалмайтын эпигастральді пульсация, гепатомегалия.
- • Объективті оң қарыншаның гипертрофиясы, жүректің шекарасының оңға ығысуы, жүрек тондарының элсіздігі, ІІ-ІІІ акцент, оң қарыншаға күш түсуі ( R тісшесінің У1-2дегі үзын болуы) және S тісшесінің V5-6 -дағы үзын болуы. Т тісшесінің инверсиясы болуы мүмкін.
- • ЭхоКГ кезінде жүректің оң жақ бөлігінің гипертрофиясы мен дилатациясы, өкпе артериясының қысымының жоғары болуы.
- • Қан анализінде эритроцитоз, гематокрит жоғары, канның қоюлануының жогарылауы.
- • Жүрек жеткіліксіздігі дамуында зэр анализінде протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |