Емі - Негізгі ем қағидалары кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетіп жүрек жұмысын жақсарту болып табылады. Осы мақсатпен көк тамырға 2,4% –10 мл эуфиллин ерітіндісін жібереді. Жүрек жұмысын жақсарту мақсатымен жүрек гликозидтерін (строфантин, корглюкон ерітінділерін) тағайындайды. Сонымен қатар зәр айдайтын дәрі-дәрмектерді (гипотиазид, верошпирон) қолданған жөн. Гипоксияда оттегі берген тиіс. Оттегі тапшылығында қанда көмір қышқылығының мөлшері көбейіп ол тыныс орталығын қоздырады. Сондықтан оттегімен емдегенде фосфор қышқылы және сілтілердің ара қатысын мұқият қадағалап отыру қажет: газ қоспасындағы ылғалды оттегінің мөлшері 40-60% болуға тиісті. Бұл қоспа катетермен мұрын арқылы 6-9 л-мин көлемінде 15-20 минут жіберіледі. Тыныс орталығын тітіркендіру үшін әр 2-3 сағат сайын 2 мл кордиамин немесе камфора ерітінділері тері астына жіберіледі.
- Патогенездің негізгі факторлары
- Қан тамырлар облитерациясы
Негізгі емдеу принциптері: - стационарлы режім
- Диета № 10 су мен тұзды шектеу
- Оксигенотерапия.
- Антибиотикотерапия:
- Бета-лактамды антибиотиктер: цефтриаксон 1,0 3 рет күніне б.е; Амоксиклав 1,2 2 рет күніне венаға
- Макролиттер : азитромицин 0,5 көк тамырға 1 рет күніне 3 күн
- Жүрек гликозидтері: т. Дигоксин 0,00025 ½ т 1 рет күніне
- Мочегонді:
- Фуросемид 60 мг 2 рет күніне көк тамырға диурезді бақылаумен
- Т. Альдорон 50 мг 2 т 3 рет күніне
- Муколитиктер: N-ацетилцистеин 0,2 1 т 3 рет күніне 1/3 ст. сумен
- Бронходилататорлар: Беродуал 1 доза 2 рет күніне
- Антиоксиданттар: аскорбин қышқылы ерітіндісі 5 % 6 мл көк тамырға
- АПФ ингибиторы: эналаприл 5 мг 2 рет күніне
- Иммуномодуляторлар – циклоферон 125 мг/мл 2 мл б/е күн аралатып
- Антиаггреганттар
Достарыңызбен бөлісу: |