Медициналық құжаттарды рәсімдеу


Денсаулықтың физиологиялық түрі



бет4/5
Дата22.05.2022
өлшемі31.42 Kb.
#458505
1   2   3   4   5
Медициналық құжаттарды рәсімдеу

Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Әлеуметгік түртұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр— өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр— адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Рухани тазалық— тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;
• психикалық күй үшін — мен тілеймін;
• адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
• зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;
• өсу мен даму көрсеткіштері;
• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;
• қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
• имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет