Медициналық ұйымның атауы


Пациенттерді сәйкестендіруді жүргізуге қойылатын талаптар



бет3/6
Дата28.01.2024
өлшемі60.15 Kb.
#490077
1   2   3   4   5   6
каз СОП Правила идентификации пациентов (1)

Пациенттерді сәйкестендіруді жүргізуге қойылатын талаптар:

  1. Қабылдау бөлімінде стационарлық пациентті тіркеу кезінде медбике білезікті басып шығаруға арналған нысанға жеке басын куәландыратын құжатқа немесе туу туралы куәлікке сәйкес пациенттің толық Т.А.Ә. мен туған күнін жазады.

  2. Күндізгі стационарда медбике, тіркеуші күндізгі стационардағы пациентті тіркеу кезінде білезікті/бейджді басып шығаруға арналған нысанға жеке басын куәландыратын құжатқа немесе туу туралы куәлікке сәйкес пациенттің толық Т.А.Ә. мен туған күнін жазады.

  3. Терілген сәйкестендіргіш білезік түрінде басылады, пациенттің жағдайына қарай білекке немесе аяққа тағылады. Білезікте/бейджде мыналар көрсетіледі:

  • тегі, аты, әкесінің аты (толық);

  • туған күні, айы және жылы.

  1. Қабылдау және бейінді бөлімшелерде медбике пациентке, күтушіге теріні тітіркенуден және қызарудан сақтау үшін сәйкестендіру білезігін тағудың, білезікті құрғақ ұстаудың мақсаты мен маңызы туралы түсіндіреді.

  2. Бөлімшенің медбикесі медициналық құжаттамада пациентті сәйкестендіру үшін тегі, аты, әкесінің аты мен туған күні, айы мен жылы жазылған стикерлерді, жапсырмаларды басып шығарады. Стикерлер стационарлық пациенттің медициналық картасының қалтасына салынады.

  3. Пациенттің сәйкестендіру деректері бар стикер медициналық құжаттамағы мәтінді басып шығарғанға дейін оң жақ жоғарғы бұрышқа жабыстырылады.

  4. Пациентті сәйкестендіру мына жолмен орындалады:

  1. Пациент коматозды, сандырақтау, бағдарсызданған, психоэмоционалды немесе сөйлеу қабілеті бұзылған күйде болып, ауызша сұрау мүмкіндігі болмаған кезде салыстыру келесі жолмен жүргізіледі:

  • білезік, бейдж деректерімен салыстыру;

  • медициналық құжаттардың деректерімен салыстырылады.

  1. Барлық емдік-диагностикалық процедуралар, медициналық манипуляциялар пациенттің дұрыстығын нықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

  2. Білезікке аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда медбике/мейіргер, бөлімшенің акушері білезікті бейджге ауыстырады, онда пациенттің толық ТАӘ мен туған күнін көрсетеді. Пациентке, пациентті күтетін адамға бейджді үнемі тағып жүру керектігі үйретіледі. Медқызметкерлер кез келген жағдайда сәйкестендіру білезігінің немесе бейдждің болуын талап етуі керек.

  3. Пациент білезікті жоғалтып алса немесе бүлдірсе, медбике, мейіргер, бөлімше акушері қысқа мерзімде Қабылдау бөліміне телнұсқаға тапсырыс береді. Пациентте білезік болмаған кезеңде толық ТАӘ мен туған күні ауызша сұралады және медициналық құжаттамамен салыстырылады.

  4. Пациент шығарылатын кезде бөлімше медбикесі білезікті шешіп не кесіп, «Б» сыныбының медициналық қалдықтары ретінде тастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет