Медициналық ұйымның атауы


Пациентті сәйкестендіру әдістері



бет2/6
Дата28.01.2024
өлшемі60.15 Kb.
#490077
1   2   3   4   5   6
каз СОП Правила идентификации пациентов (1)

Пациентті сәйкестендіру әдістері:

  1. Науқастың сәйкестендіргіштері (тегі, аты мен күні, айы, туған жылы) медициналық құжаттамада кез келген түрде жазбаша – терілген және басылған мәтін, немесе қолмен жазылған жазба немесе стикер (жапсырма) түрінде көрсетіледі. Міндетті талап – мәтін оқылуы керек.

  2. Науқастың сәйкестендіру деректері бар стикерлер медициналық құжаттарға уақытында принтерде мәтін басылғанға дейін немесе құжат басып шығарылған кезде дереу желімделеді. Пациентті сәйкестендірусіз медициналық құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат бермейді.

  3. Төлем тапсырмалары, талондар, жүгірткі, төлем түбіртектері, орындалған жұмыстар актілері сияқты медициналық емес құжаттарда, сондай-ақ науқастың зерттеуінің цифрлық бейнесі бар CD-дискіде пациенттің тегі мен инициалына және науқастың туған жылына дейін қысқартуға болады.

  4. Биоматериал салынған контейнерде (қан, зәр) толық ТАӘ мен туған күні пациенттің көзінше көрсетілуі керек.

  5. Пациентті сәйкестендіру кезінде қате немесе қате дерлік орын алса (ол дерлік болды, ол дер кезінде анықталды және түзетілді) (мысалы, манипуляция басқа пациентке жасалды), «Оқыс оқиға туралы есеп» нысанын толтырып, пациенттерді қолдау қызметіне (сапа бөліміне) жіберіңіз немесе «Оқыс оқиғалар туралы есеп» жәшігіне салыңыз (анонимді түрде болады).

  1. Қағидалардың сипаттамасы.

Пациенттерді сәйкестендіру бойынша талаптар:
1) 1Пациентті келесі екі сәйкестендіргіш негізінде сәйкестендіреді:

Назар аударыңыз! Науқастың нөмірін немесе орналасқан жерін пациенттің сәйкестендіргіші ретінде қолдануға болмайды, себебі бұл ауыспалы белгілер.
2) Пациенттерді ерекше жағдайларда, мысалы, коматозды немесе сандырақтау, бағдарсызданған, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ жағдайда сәйкестендіру келесі сәйкестендіргіштер негізінде анықталады:

  • белгісіз;

  • жынысы (ер/әйел);

  • стационарлық науқастың медициналық картасының нөмірі.

3) Жаңа туылған нәрестелердің медициналық құжаттамасында сәйкестендіру келесі үш сәйкестендіргіш негізінде жүзеге асырылады:

  • жаңа туған нәрестенің анасының тегі;

  • жаңа туған нәрестенің жынысы (ұл/қыз);

  • жаңа туған нәрестенің туған күні, айы мен жылы;

  • егіздер/үшемдер болған жағдайда, реттік нөмірін көрсетіңіз (1, 2, 3).

4) Босану залында акушерка жаңа туған нәрестенің екі аяғына қыздарға қызғылт түсті, ер балаларға көк түсті білезік бекітеді, онда келесі деректерді көрсетеді:

  • ананың тегі, инициалдары және ауру тарихының №;

  • жаңа туған нәрестенің жынысы (ұл/қыз);

  • салмағы, бойы;

  • туған уақыты (сағ, мин.) және күні, айы мен жылы.

5) ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген «Бөлімшелер мен кабинеттерде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналында» мыналарды көрсетіледі:

  • пациенттің тегі, аты, әкесінің аты;

  • медициналық картаның нөмірі.

6) Патологиялық бөлімшеге жіберілетін биологиялық материал салынған контейнерде мыналар көрсетіледі:

Егер бір пациенттен бірнеше материал болса, онда қосымша мыналар көрсетіледі:
- реттік нөмірі мен орналасқан жері, мысалы, 1 - оң жақ аналық безі, 2 - сол жақ аналық безі.
7) Таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас берердің алдында жалпы үстелден арнайы үстелді шатастырып алмау үшін изобоксқа стикер жапсыру арқылы белгіленген диетаға сәйкес арнайы үстелдерді сәйкестендіреді, онда мыналар көрсетілген:

  • тегі, аты, әкесінің аты (толық),

  • пациенттің туған күні, айы мен жылы,

  • пациенттің диеталық үстелінің №.

№ 15 жалпы диеталық үстелді сәйкестендіру қажет емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет