Амбулаториялық пациенттерді сәйкестендіруді жүргізуге қойылатын талаптар:
Амбулаториялық пациенттерді сәйкестендіру процесі тіркеу орнынан басталады.
Тіркеуші емханаға келген пациентті түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған жеке басын куәландыратын құжаттар негізінде тіркейді: жеке куәлік, ересектерге арналған төлқұжат немесе әскери билет, балалардың туу туралы куәліктері және күтуші адамның құжаттары.
Медициналық ақпараттық жүйеде тіркеуші пациент деректерінің паспорттық бөлігін толтыру кезінде мыналарды көрсетуі керек:
тегі, аты, әкесінің аты;
туған күні, айы және жылы.
Жоғарыда аталған деректер амбулаториялық пациенттің зерттеулерден өтетін, консультациялар мен процедуралар алатын бүкіл уақытына сәйкестендіргіштер болып табылады.
Амбулаториялық пациенттерді сәйкестендіру мына жолмен орындалады:
пациенттің ТАӘ мен туған күнін ауызша сұрау арқылы, пациент өзі барлық сәйкестендіру деректерін дауыстап айтуы қажет;
медициналық құжаттардың деректерімен салыстырылады.
Процедуралардың алдында сәйкестендіруге қойылатын талаптар:
Жалпы бөлімшеде трансфузияны бастардың алдында: пациенттің тегін, атын және әкесінің атын, туған жылын нақтылайды – пациент деректерді ауызша растауы керек. Деректер сәйкес келмесе, себебін анықтайы, трансфузияны бастамайды.
Ессіз күйдегі науқастарға реанимация бөлімшесінде трансфузияны бастардың алдында: пациенттің медициналық картасында көрсетілген деректерді (жынысы, жасы, бойы, салмағы) пациенттің сыртқы деректерімен салыстыру керек және пациенттің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын нақтылау керек. Деректер сәйкес келмесе, себебін анықтайды, трансфузияны бастамайды.
Наркоз кезінде трансфузияны бастардың алдында: пациенттің медициналық картасында көрсетілген деректерді (жынысы, жасы, бойы, салмағы) пациенттің сыртқы деректерімен салыстыру керек және пациенттің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын хирургтан және анестезиологтан сұрап нақтылау керек. Деректер сәйкес келмесе, себебін анықтайды, трансфузияны бастамайды.
Жалпы бөлімде үйлесімділікке анализ бен қан алу кезінде: пациенттің тегін, атын және әкесінің атын, туған жылын нақтылау керек – пациент деректерді ауызша растауы тиіс. Деректер сәйкес келмесе, себебін анықтайды.
Ессіз күйдегі науқастардан реанимация бөлімшесінде үйлесімділікке анализ бен қан алу кезінде: пациенттің медициналық картасында көрсетілген деректерді (жынысы, жасы, бойы, салмағы) пациенттің сыртқы деректерімен салыстыру керек және пациенттің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын нақтылау керек. Деректер сәйкес келмесе, себебін анықтайды.
Наркоз кезінде үйлесімділікке анализ бен қан алу кезінде: пациенттің медициналық картасында көрсетілген деректерді (жынысы, жасы, бойы, салмағы) пациенттің сыртқы деректерімен салыстыру керек және пациенттің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын хирургтан және анестезиологтан сұрап нақтылау керек.
Анализдер мен үйлесімділікке алынған қанды таңбалау: қанды алғаннан кейін бірден пробиркада пациенттің тегі, инициалдары мен медициналық картасының нөмірі көрсетіледі. Сәйкестендіру, қан алу және таңбалау бір мезгілде бір науқаста ғана жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |