Қортынды тазалық
Аптасына бір рет жоспар бойынша қортынды/апталық/тазалық жүргізеді.Қортынды тазалық 5 сатыдан түрады
І.Бөлмедегі шығаруға келетін заттарды сыртқа шығарару, қалғанын бөлменің ортасына жылжыту. 0,5% жуу ерітіндісіне ветошьтарды сулап бөлмені және барлық заттарды шылап жуу.
Бөлмені келесі ретпен тазалап жуады
1-төбесі
2-қабырғасы
3-терезені,терезе алдын,батарея,есік
4-бөлмедегі заттарды ,артынан сыртқа шығарылған заттарды сүртіп жуу.
5-соңында еден
ІІ.Таза сумен шайып сүрту.
ІІІ.Зарарсыздандыру ерітіндісімен шылап қою, артынан жуып сүртуі /бұйрық бойынша/
ІУ.Таза сумен жуып сүрту
У.30 минут кварц шамын қосу, желдету / жазда 10 мин, қыста 5 мин/
Заттардың инфекциялық қауіпсіздігін сақтау үшін микроорганизмдерді жою немесе құрту процессі-медициналық құрал жабдықтарының демконтаминациясы деп аталады.
Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Төсеме клеенкалар, алжапқыштар, полимерлі үлдірден және клеенкадан жасалған матрастардың тыстары - дезқұралдың ерітіндісіне малынған мата сулықпен сүрту тәсілімен;
Оттекті бетперделер, оттекті жастықтар ұштары, электр/вакуумды сорғыштар шлангілері, медициналық термометрлер, дәретке отыратын ыдыстар, несепсауыттар, эмальданған легендер, клизмалардың ұштықтары, резеңке клизмалар - кейіннен сумен шая отырып, дезқұрал ерітіндісіне батыру тәсілімен;
Достарыңызбен бөлісу: |