7. Залалсыздандыру және залалсызданған материалды сақтау.
Мақсаты: Пациентті жұқпалы аурудан /инфекциядан/ сақтандыру.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу№ 1 кесте
Өңдеу жүргізу кезіндегі процестер
|
Ерітіндінің бастапқы температурасы0С
|
Ұстау уақыты, минутпен
|
1. Дезинфекциялау аяқталған соң ММБ-ы ағынды сумен шайылады
|
|
0,5
|
одан кейін: жуу заты ерітінділерінің біріне толық батырылған кезде малынады
|
20 – 50
|
15
|
2. Жөкенің немесе мақталы-дәке тампонының көмегімен әр бұйымды жуу ерітіндісімен жуу
|
|
0,5
|
3. Ағынды сумен шаю
|
|
10,0
|
4. Тазартылған сумен шаю
|
|
0,5
|
5. Кептіру шкафында ыстық ауамен кептіру
|
85
|
Ылғал толық кеткенге дейін
|
Жуу ерітіндісін дайындау№ 2 кесте
Компоненттердің атауы
|
Дайындауға арналған компоненттер саны
|
Қолданылуы
|
1. Жуу заты Ауыз су
|
3 грамм (бұдан әрі – гр)
1 литрге дейін
|
Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) қолданылады
|
2. Жуу заты
Ауыз су
|
1,5 гр
1 литрге дейін
|
Механикаландырылған тазалау кезінде ротациялау әдісімен қолданылады
|
3. Жуу заты
Ауыз су
|
5 гр
1 литрге дейін
|
Қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
4. Сутегі тотығы ерітіндісі 27,5%.
Жуу заты
Ауыз су
|
17 гр
5 гр
1 литрге дейін
|
Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) және қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
5. Жуу заты 0,8%.
Ауыз су
Жуу заты 1,6 %
Ауыз су
|
8 миллилитр (бұдан әрі – мл) концентрат
1 литрге дейін
16 мл концентрат
1 литрге дейін
|
Қолмен тазалау кезінде қолданылады
|
Медициналық қажетті құралдарды залалсыздандыру
алдында тазалау сапасын бақылау.
Қан барын анықтау үшін азопирам тексерісі жасалады.
Жуу заттарың сілті компонеттерін анықтау үшін: 1%фенолфталейн қолданылады.
Бақылауға, өңделген құралдардан 1% алынады/кем дегенде 5-6 құрал/.
Азопирам реактивінің көмегімен медициналық қажетті құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау.
- Азопирам реактивті тазалап, жууға әзірленген медициналық құралдары дұрыс өңдемеу нәтижесіндегі анық қан іздерін анықтауға қолданынады.
- Залалсыздандыру алдындағы өңдеуді тоқсанда 1 рет СЭС және ДС өткізеді. ЕМП де өзіндік бақылау аптасында 1 рет жүргізіледі, бөлімнің аға мейірбикесімен ұйымдастырылады және бақыланады.
Азопирам реактивінің көмегімен құралды тазалау алдында өңдеу сапасын анықтау әдістемесі.
1. Реактивтер: амидопирин ұнтағы, тұз қышқылды анилин, 3% су тотығы, 96% этил спирті, дистилденген су. Су 3% су тотығын әзірлеуге қолданылады.
2. Негізгі ерітінділерді әзірлеу:
-1 литр ертіндіге 100 грамм амидопирин және 1,0-1,5 грамм тұз қышқылды анилин алынады. Құрғақ ыдыста заттарды араластырады және 1 л көлемінде 95% этил спиртін құяды. Осы қоспаны барлық ингредиенттердің толық еруіне дейін таяқшамен араластырады. Осылайша азопирамның құрамында 10% амидопирин, 0,10-0,15% тұз қышқылды анилин, қалғаны 96% этил спирті. Дайын ерітінді тығыз жабылған флаконда қараңғы жерде 40С температуда (тоңазытқышта) 2 данада сақталады, қараңғы бөлмеде 18-23С температуда 1 айдан артық емес сақталуы керек. Реактивтің тұнбасыз сақтау процесінде біркелкі сарғайуы оның жұмыс сапасын төмендетпейді. Шамалы көлемді тексеруде 50-200 мөлшермен дайындайды, индикация-реакциясының тотықтырғышы болып 3% су тотығы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |