26. Кінәнің нысанын көрсетіңіз:
А) тікелей қасақаналық;
В) абайсыздық;
С) жанама қасақаналық;
Д) балама қасақаналық;
27. Адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы нақты мүмкін екендігін алдын ала білсе осы зардаптың болуын тілемесе де бірақ олардың келуіне саналы түрде жол береді:
А) тікелей қасақаналық;
В) жанама қасақаналық;
С) немқұрайдылық;
Д) менмендік;
Е) анықталмаған қасақаналық.
28. Адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз әрекетін қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе:
А) тікелей қасақаналық;
В) жанама қасақаналық;
С) менмендік;
Д) немқұрайдылық;
Е) аффектіленген қасақаналық.
29. Кінәлінің заңға қайшы (заңға сыйымды емес) іс-әрекеттерімен туындаған қатты жан күйзелісінде пайда болады:
А) алдын ала ойластырылған қасақаналық;
В) табан астында пайда болған қасақаналық;
С) аффектіленген қасақаналық;
Д) балама қасақаналық;
Е) нақтыланған қасақаналық.
30. Адамның, жасалған әрекеті одан туындайтың зардаптарының қылмыстық-кұқықтық салдары туралы қате болжауы:
А) заңдық қате;
В) шын мәніндегі (іс жүзіндегі) қате;
С) жарамсыз қылмыс;
Д) объектідегі қате;
Е) салдарындағы қате.
31. Адамның жасалған әрекеттің шын мәніндегі мән-жайына қатысты қате болжауы:
А) заңдық қате;
В) шын мәніңдегі қате;
С) құқыққа қарсылығындағы қате,
Д) жалған қылмыс;
Е) жазаланушылығындағы қате.
32. Қылмыскердің, онымен жасалған қылмысына психикалық қатынасын сипаттайтын белгілер:
А) субъектінің жасы, есі дүрыстығы;
В) кінә, себеп, мақсат;
С) қылмыс заты;
Д) қылмыс объектісі;
Е) қоғамға қауіпті әрекет, қоғамға қауіпті зардаптар, себепті байланыс.
33. Тікелей қасақаналықтың еріктілік кезеңі немен сипатталады:
А) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін тілеумен;
В) қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарауынан;
С) коғамдық қауіпті зардаптардың келуіне саналы түрде жол берумен;
Д) қоғамға қауіпті зардаптарды жеңілтектікпен болғызбаймын деп есептеумен;
Е) қоғамдық қауіпті зардаптардың келуін алдын ала болжауға міндет пен мүмкіндіктің бар
болуымен.
Достарыңызбен бөлісу: |