Меңдігүл шындалиева



бет47/76
Дата18.05.2022
өлшемі1.76 Mb.
#456877
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

Жалпытеориялық мақала қоғамдық дамудың жаһандық сұрақтарына жауап береді.
Тәжірибелік-талдамалық мақала қоғамдағы нақты жағдайлар мен үрдістерді талдауға бағытталады.
Ғылыми-көпшілік мақала ғылым саласындағы сұрақтарға түсінікті тілде жауап береді.
Полемикалық мақала автордың өз қарсыласына сәйкестендіріп құрған пікірталасын бейнелейді. Пікірталас қоғамның дамуына қатысты сұрақтарға жауап беретін жаһандық деңгейде, жеке проблема мен жауап берушінің көзқарасын білдіретін түр.
Мақаланың ескі түрі - бас мақала – айқын насихаттық сипатта жазылады, қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерді және олардың шешілу жолдары тұжырымдайды.
Мақала материалдың кең көлемде талданатындығымен ерекшеленеді. Егерде корреспонденция жазу барысында журналист жалқыдан жалпыға ұмтылыс жасаса, мақалада, керісінше, жалпыдан жалқыға талпыныс жасалады. Зерттеушілер мақалаға тән белгілері мен міндеттерін ескере келе, мақаланың жазылу деңгейін төмендегідей етіп бөледі.
Мақала авторының алдында мынадай міндеттер тұрады:

  1. Мақаланың өзектілігі мен маңыздылығына мән беру, тақырыптың мағынасын ашу.

  2. Қоғамдық мәселеленің шешілу жолдарын көрсету, талдау жасау.

  3. Жалған ақпарат беруден, жала жабудан аулақ болу.

Мақаланың белгілері:

  1. Әртүрлі құбылыстардың бір-бірімен өзара байланысы.

  2. Салыстыру, бағалау, түсіндірме, толықтырулар мен болжамдардың, яғни талдамалы-жинақтау әдістерінің қолданылуы.

  3. Коммуникативтік құралдардың қолданылуы.

  4. Болған оқиғаның кешегісі мен бүгінін салыстырмалы түрде байланыстыру.

  5. Мақаланың қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге құрылуы.

Обьектінің мақалада көрінуінің бірінші кезеңі – онымен танысу. Бұл жағдайда берілген мәліметтердің топтамасы мен типология әдістері қолданылады.
Түсіндірменің екінші кезеңі – түсіндіру, яғни себеп-салдарлық байланыстарды көрсету.
Түсіндірменің үшінші кезеңі – болжам жасау. Мұнда сарапшы бағалауларының әдісі, экстраполяция әдісі, сценарий әдісі қолданылады.
Түсіндірменің төртінші кезеңі – баға. Тікелей авторлық баға, сарапшы бағалауының әдістері қолданылады.
Түсіндірменің бесінші кезеңі – қалыптасқан шарттар негізінде журналистің ұсынған іс-әрекетер бағдарламасы. Белгілі бір құндылықтарға ие бола отырып, өз мақсатына қалай жетуге болады, немесе мақсатқа жету үшін қандай құндылықтарды пайдаланған жөн.
Мақаланың композициясы автордың зерттеу әдісінің қандай түрін таңдап алатынына байланысты.
Стилистикалық ерекшеліктеріне келсек, мақаланы екі үлкен топқа бөлуге болады.

  1. Ғылыми стильге бейімделген мақала. Бұл сипаттағы мақалалар тілінің нақтылығымен, терминдердің молдығымен, автордың ойлау тереңдігінің логикалық сипатын айқындайтын және ақпаратты «қосуға» мүмкіндігі молдығымен ерекшеленеді.

  2. Еркін көсілуге болатын мақала. Мұндай мақалаларда авторлық «мені» белсенді жұмыс істейді, көркемдік бейнелеуіш құралдар, троп түрлері, ауызекі сөйлеу лексикасы еркін қолданылады. Жай сөйлемдер мен жалғаулықсыз байланыстар саны едәуір ұлғаяды.

Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады. Бұрын Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы «қоғамның басқарушы, бағыттаушы күші» болғандықтан, орталық органның газеті «Социалистік Қазақстанның» әр санында шеткі, сол жағына басмақала жарияланып тұрды.
Бас мақала сол жылдардағы қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т.б. аясына арналады. Кейде сондай мақалалар қоғамдық мекемені басқаруға арналған зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге арналғанымен, қоғамдық пікір туғызған жағдайлар да кездесіп отырған. 1980-ші жылдардың облыстық және республикалық газеттердің алғашқы бетінде басмақала жазуды үрдіске айналдырған.
Кейіннен бұл жанрдың қоғамдық маңызы жойылып, қайта құру жылдары газет беттерінен алынды. Дегенмен, жанрдың шындық бағасынан гөрі, күні біткен қоғамның ескірген тәртібі басмақала арқылы оқырмандардың наразылығын туғызды. Осы жанр арқылы редакция өткен жағдайларға талдау жасап, өзінің іс-әрекеттерінің (тоқсандық, жылдық, бесжылдық т.б.) қорытындысын шығаруға, болашақтың жоспарын құруға пайдаланды.
Журналдардағы басмақала кең көлемде жазылады. Жылдың алғашқы нөмірінде өткен жылдағы оқиғаларға баға беру, келешектің жоспары, басылымның алға қойған мақсат- міндеттерін хабарлау негізінде жазылып жүр.
Проблемалық мақала қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.
Мақаланың бұл түрінің негізі - барша халыққа мәлім, қоғамда шешуді талап ететін мәселелерде жатыр. Егер елде инфляция, жұмыссыздық, заң бұзушылық кең етек алса, жалпыхалықтық мәдениет өзінің шындық бейнесін жоғалтса, онда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендейтіндігі белгілі. Нақты, анық, еліміздегі маңызды деректерге сүйенсек: зауыттардың жұмысы (жалақы төленбей кешіктірілсе, мықты мамандар жұмыстан кетсе) тоқтайды. Бұдан қандай қорытындыға келеміз? Қоғамға себеп-салдар, шешім мен ұсыныстардың қайнар көзі керек.
Мақалаға «кім?», «не?», «қайда?», «қашан?», «қандай?» т.б. қойылатын сұрақтар жеткіліксіз. Негізгі «кім кінәлі?», «не істеу керек?» деген маңызды сұрақтар қажет. Журналистердің міндеті – зерттеу жүргізу, қиындықтардың көп тармақты себебі мен салдарын, туындаған күрделі мәселелерді анықтап, шешудің жолдарын табу проблемалық мақаланың міндеті.
Теориялық мақала. Мақаланың бұл түрінің мазмұны қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуын және оның қазіргі жағдайына өзіндік көзқарасына, тарихи өсу тәжірибесіне ғылыми-теориялық жағынан талдау жасаудан құралады және газет-журналдарда, арнайы салалық басылым беттерінде жарияланады. Барлық тақырыптық бағыттағы мақалалар тартылады.
Ақпараттық мақала. Бұл атау үлкен қарсылық тудыруы мүмкін. Біз жоғарыда мақалада дәлелдеу, талдау және зерттеуге байланысты мәлімет бере кеттік. Енді корреспонденцияға келейік, онда тек қана сараптамалық талдау ғана емес, ақпараттық талдау болса, ол кеңейтілген, тереңдетілген ақпараттық мақала болуы мүмкін.
Ақпараттық мақала – мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың деректеріне негізделеді. Сонымен қатар, қоршаған ортада барлық болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты – оқиғаларды жедел хабарлау емес, әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.
Мақала – зерттеу. БАҚ туралы заңның қабылдануымен редакциялардың қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларды дербес зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі туды. Көп жағдайлармен күрделенген, деректердің жинақталуы мен талдануын, мол құжаттардың зерттелуін, үлкен көлемдегі түрлі қалалар мен тіпті мемлекеттерде адамдардан сұхбат алуды талап ететін жағдайлары жөнінде сөз қозғалып жатыр. Сонымен бірге, осындай жұмысты кейде қысқа мерзімде өткізуге болады. Әрине, бір журналист кәдімгі мақаламен жұмыс істеу шеңберінде осындай жұмысты атқаруы мүмкін емес. Осы кезде сараптамалық орталық (немесе сараптамалық топ) іске кіріседі. Ақпараттың жинақталу мен талдану нәтижесі мақала- зерттеу немесе осыған ұқсас мақалалардың сериясы болуы мүмкін.
Мақала-зерттеу – жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі. Мақала-зерттеудің тақырыбы редакция пікірінше ресми органдар мен жеке БАҚ-нан толық емес және қате жария етілу салдарынан көбірек объективті, терең, мұқият қарастырылуға тиіс оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен қатар, сөз көп жылдық тарихы бар оқиғалар жөнінде болуы да ықтимал. Мұндай мақалалардың мақсаты – шындықты ашуға талпыныс, әділдікті қалпына келтіру.
Мақала-зерттеудің авторы - авторлар тобы немесе ұжымдық зерттеуді пайдаланатын бір журналист те бола алады. Дегенмен, осындай мақалалар кейде авторы көрсетілмей, редакциялық болып беріледі.
Ең бір көрнекі мақала-зерттеуге мысал ретінде, бірнеше ай бойы басылған Оңтүстік-Кореялық ұшақтың 1983 жылғы қайғылы опат болуына арналған жарияланымдардың топтамасын алуға болады. Бүкіл әлемдік баспасөзде бұл туралы көп жазған болатын, бірақ кеңес үкіметі, сол кездегі тәуелсіз емес баспасөз әлемдік БАҚ-ның деректері мен ақпараттарында қайшылықтар көп болды. Бұл халықаралық шиеленістің себепшісі болды. Бұл шиеленісті жою үшін аталған оқиғаны қайтадан қарауды қажет етті. Мұнымен «Известия» газетінің сараптамалық орталығы айналысып, көлемді мақала-зерттеу жариялаған болатын.
Мақала-зерттеу бұрынғы және қазіргі тарихпен байланысты оқиғалардан басқа, жоғарыда көрсетілген мысалдай әртүрлі себептерге байланысты мәселені қозғауды, оның өңделуін, ақпаратпен қамтамасыз етілуін немесе теорияландыруын талап етпей, оның тергеуін талап ететін деректерге арналуы мүмкін.
Ресейдің «Литературная газета» басылымында соңғы жылдары бұл жанрдағы материалдар жарияланатын «Расследование «ЛГ» мақсаттық жолағы енгізілген. «Известия» газетінде мақала-зерттеулер көп жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет