Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


«Перинатальді өлім» көрсеткішін есептеу әдістемесі



бет24/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
пмсп экзамен 3

43. «Перинатальді өлім» көрсеткішін есептеу әдістемесі.Перинаталдық өлім – жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап туғаннан кейінгі 7 күнге дейінгі кезеңдегі ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің барлық өлімін көрсететін статистикалық көрсеткіші.Перинаталдық өлім-жітім коэффициенті өлі туылған нәрестелер санының, сондай-ақ өмірінің алғашқы 7 күніндегі өлім-жітімнің тірі туылғандар мен өлі туылғандардың жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.Неонатальды өлім-жітім балалардың туғаннан бастап өмірінің 28-ші күніне дейінгі өлімін көрсетеді. Жаңа туылған нәрестелер өлімінің коэффициенті неонаталдық кезеңдегі қайтыс болғандар санының сол жылы тірі туылғандар санына қатынасы ретінде есептеледі. Ерте неонаталдық өлім-жітім коэффициенті (өмірдің алғашқы 7 күніндегі өлім-жітім) ерте неонаталдық кезеңде қайтыс болғандар санының сол жылғы тірі туылғандар санына қатынасымен анықталады. Кеш неонаталдық өлім-жітім коэффициенті (өмірдің 7 күнінен кейін өмірінің 28 күніне дейін болатын өлім) кеш неонаталдық кезеңде қайтыс болғандар санының сол жылы тірі туылғандар санына қатынасымен анықталады.
44. Перинатальді өлімнің алдын алу шаралары.Перинаталдық өлім – жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап туғаннан кейінгі 7 күнге дейінгі кезеңдегі ұрықтың немесе жаңа туған нәрестенің барлық өлімін көрсететін статистикалық көрсеткіші.Ұрықтың және жаңа туған нәрестенің өлімінің ең көп тараған себептері: Асфиксия; Туа біткен ауытқулар; тыныс алу бұзылыстары; Жұқпалы аурулар; Жүктілік және босану кезіндегі асқынулар. Соңғы жылдары емханаларда нәресте және ұрық денсаулығын қорғау қызметі дамуда. Ол үшін қажет: * УДЗ аппараттарымен қамту; * Кардиомониторлармен қамту, * Биохимиялык лаборатория, * бактериальды флора, вирус, иммуноглобулиндерді анықтайтын лабораториямен қамту. Медико-генетикалық қызмет бөлімі ретінде пренатальды диагностикасының мақсаты: › Болашақ ата- аналарға ауру бала туылатын жағдай жайлы ақпарат беру; > Ауру бала туылу кауiп- катері жоғары ата-аналар жүктілікті үзу немесе ауру бала туылу жайлы шешім қабылдайды; > Жатырішілік патологияны ерте кезеңінде анықтап, емдеу тактикасын жүргізу; Болашақ ұрықтың денсаулығына болжам жасау;
45. Қалалық емхана жағдайында динамикалық бақылау қалай жүзеге асырылады Егер науқасты бірінші рет диспансерлік есепке алатын болса, учаскелік медбике диспансерлік бақылаудың бақылау картасын (№030/у форма) толтырады. Науқас екі немесе оданда көп ауырумен ауыратын болса бөлек диспансерлік бақылау картасы толтырылады,мысалы невропатолог қарайтын болса өзінің дубликатын қойып береді.Негізгі
бақылау картасына аймақтық дәрігер-терапевт зерттеу нәтижелерін, емін, ұсыныстар және басқада мәліметтерді тіркеп отырады.Пациенттерге бақылау жүргізу шеңберінде мыналар қабылданады: анамнез жиналады, маман тексереді, тексерулер жоспары жасалады, емдеу, профилактикалық шаралар тағайындалады, диагноз тексеріледі, аурудың ағымы және оның даму қаупі туралы болжам жасалады, жыл сайын бақылау жоспары түзетіледі. Созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылауды жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер терапевт, учаскелік педиатр, орта медицина қызметкерлері (учаскелік медбике немесе фельдшер) жүргізеді. Қажет болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және салауатты өмір салты кабинеттерінің мамандары тартылады. Диспансерлік науқастарды және рецидив немесе асқыну қаупі бар пациенттерді динамикалық бақылауды жүргізу емханалар, диспансерлер және басқа да медициналық мекемелер қызметкерлерінің міндеті болып табылады. Учаскелік терапевт-дәрігерлер: Қызмет көрсететін аумағындағы тұрғындардың персоналды санағын жүргізеді; Белгілі бір науқасқа аумақтық немесе өндірістік қағида бойынша медициналық-санитарлық бөлімшеде, емханада, диспансерде және басқа емдік-алдын алу мекемесінде қызмет көрсетілетінін есепке алады; Кезеңділікті жоспарлап және тұрғындарға профилактикалық тексерулер жүргізуіне қатысады; Қызмет көрсететін контингентке диспансеризация бойынша барлық мамандар мен қызметтер жұмысын координациялайды; Аумақ тұрғындарына емдік-сауықтыру шараларын жүргізеді; Диспансерлік бақылаудағы барлық науқастарға динамикалық бақылау жүргізеді; Аумақта диспансеризацияның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді. Дәрігер-терапевт диспансеризацияны арнайы бөлінген уақытта (айына 1-2 рет) жүргізеді, ол уақытта дәрігер ағымдағы барлық ауру қабылдаулардан босатылады. Бұл жайлы ол терапиялық бөлімше меңгерушісіне хабарлауы керек. Емхана штаты толық болса, терапевт-дәрігерге маман-дәрігерлер бригадасы беріледі. Мұндай мүмкіншілік болмаса, терапевт-дәрігер диспансеризациядағы шақырылған науқастардың бәріне сәйкес мамандарға қабылдауға талондар алып береді. Сонымен қоса көрсеткіштеріне байланысты, терапевт-дәрігер алдын ала немесе қабылдау кезінде науқасты лабораторлы-инструменталды зерттеулерге жолдайды. Науқаста терапевт-дәрігерге келесі қабылдауға келгенінде мүмкіндігінше осы мәліметтер болуы керек.Диспансерлік бақылаудағы әрбір науқасқа 1 жылда 3-4 белсенді қабылдаулар жоспарлау керек, соның ішінде ол есепте тұрған дәрігерге 2 реттен аз емес. Учаскелік терапевттің диспансеризация бойынша жұмысына әрбір емханада бар диспансеризация кабинеті көмектеседі. Ол жерде терапевт немесе басқа мамандар бақылауы керек науқастар арасынан таңдама жасалады.Диспансеризациялық жұмыстарды ұйымдастыру мен оның орындалу жауапкершілігі бас дәрігер, оның емдеу ісі бойынша орынбасары және бөлімше меңгерушілеріне беріледі. Зерттеудің толықтығы мен сапа бақылауы емдеу мекемесінің мүмкіншіліктерімен, диагностикалық кабинеттердің болуы мен штат толықтығымен анықталады.

46.Динамикалық бақылау кезеңдері бірінші кезеңі- диспансеризацияға контигенттерді таңдау. Диспансеризацияға ішкі патологиялардың негізгі түрлері бар науқастар жатады. Динамикалық бақылаудан өтетін контингенттерге дені сау адамдар да, патологиясы бар адамдар да кіреді: * өзінің физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылауды талап ететін тұлғалар (балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер, , колледж оқушылары, ЖОО студенттері); * өндірістік ортаның қолайсыз факторларының әсерін сезінетін адамдар (зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өнеркәсіп кәсіпорындарының ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылары); * декреттелген контингенттер (тамақ өнеркәсібі, коммуналдық қызмет, қоғамдық жолаушылар көлігі, Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері және т. б.) * арнайы контингенттер (атом электрстанциясы апатынан зардап шеккен адамдар); * Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген контингенттер; * созылмалы аурулары бар адамдар; * кейбір жіті аурулардан кейінгі реконвалесценттер; * туа біткен (генетикалық) аурулары және даму кемістіктері бар адамдар. Ішкі патологияларға байланысты жеке мамандардың қарауына терапевт немесе жанұялық дәрігер жолдама береді. Динамикалық бақылаудың екінші кезеңі- бұл сау және науқас адамдарды есепке алу кезінде дәрігердің белгіленген жоспар шараларын орындауы. Динамикалық бақылау барысында жыл ішіндегі іс-шаралар орындалады, түзетіледі, толықтырылады. Жыл соңында әрбір диспансеризацияланушыға кезеңдік эпикриз толтырылады, ол мынадай сәттерді көрсетеді: пациенттің түпкілікті жай-күйі; жүргізілген емдеу-сауықтыру іс-шаралары; ауру ағымының серпіні; денсаулық жағдайын қорытынды бағалау (жақсару, нашарлау, өзгеріссіз). Эпикризді бөлімше меңгерушісі қарап, қол қояды. Көптеген денсаулық сақтау ұйымдарында ыңғайлы болу үшін "жоспар" сияқты арнайы нысандар қолданылады- медициналық картаға жапсырылатын және құжаттарды ресімдеуге кететін уақытты едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін" диспансерлік бақылау эпикризі". Динамикалық бақылаудың үшінші кезеңі- мұнда анализдің сапалы көрсеткіші және диспансеризацияның әсерлігі жатады. Сапалы көрсеткішті есептеу кезінде, диспансеризацияның әсерлігі науқастар үшін толық календарлы жылмен есептеледі, яғни жыл бойы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін дәрігер бақылауында болған адамдар. Диспансерлік жұмысты талдау көрсеткіштердің үш тобын есептеу негізінде жүргізіледі: * диспансерлік жұмыс көлемін сипаттайтын; * диспансеризация сапасы; * диспансеризацияның тиімділігі. 18 жастан асқан пациенттерді диспансерлік бақылау жүзеге асырылады: - 2 жылда 1 рет (Д (I) диспансерлік бақылау тобында тұрған пациенттер); - 2 жылда 1 реттен кем емес (д (II) диспансерлік бақылау тобында тұрған 18 жастан 65 жасқа дейінгі пациенттер); - қажеттілігіне қарай (Д (II)диспансерлік бақылау тобында тұрған 65 жастан асқан пациенттер); - жыл сайын (Д (III) диспансерлік бақылау тобында тұрған пациенттер). Учаскелік терапевт дәрігердің (жалпы практика дәрігерінің), учаскелік педиатр дәрігердің диспансерлік бақылау топтарында тұратын пациенттерге диспансерлік тексерулер мен зертханалық-аспаптық зерттеулердің еселігін осы маман дәрігерлер аурудың бейіні бойынша дәрігер-мамандар тағайындаған бақылаудың бақылау мерзімдерін және медициналық араласулардың (клиникалық хаттамаларды тексеру және өзге де әдістер) қосымша көлемдерін ескере отырып айқындайды Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін диспансерлік есепте тұрған әрбір пациентке дәрігер жылдық эпикриз жазады. Онда аурудың ұзақтығы, оның ағымының сипаты, ілеспе патологияның болуы, жүргізілген тексерулер мен терапевтік профилактикалық шаралар, күнтізбелік жыл ішінде диспансерлік бақылаудың тиімділігі көрсетілген. Егер пациент есептен шығарылмаса, бір мезгілде келесі жылға диспансерлік бақылау жоспары жасалады.

47. "Диспансерлік науқастарды электрондық тіркеу"ақпараттық бағдарламасының жұмысымен танысу. Диспансерлік науқастарды электронды тіркеу – аурушаңдық бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастардың тізім жүйесінен тұратын ақпараттық жүйе. Бұл бағдарламада диспансерлік есеп картасын жүргізу бойынша емхана дәрігердің күнделікті жұмысы, статистикалық немесе оперативтік есептері толықтай автоматтандырылған. Автоматтанған қызмет түрі – халықтың диспансерлік топтарының тіркелімін құру .«ДНЭТ» порталының автоматтандыру объектілері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері және еншілес ұйымдары болып табылады. «ДНЭТ» порталы диспансерлік науқастардың есебін жүргізу бөлінісінде медициналық ұйымдардың жұмыскерлеріне науқастарды диспансерлік есепке алуды және бақылауды, диспансерлік науқастардың тіркелімін құрып, сақтауды, статистикалық және талдамалық деректерді өңдеп, ұсынуды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жүйенің құрамы және оның ішіндегі шешілетін функционалдық міндеттердің өзара әрекеттесу тәртібі: Дереккөздер келесі қосалқы кіші жүйелер болып табылады:- СБЖ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың есебі» қосалқы кіші жүйесі; - ННТ - «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Наркологиялық науқастар тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;- ПНТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Психикалық науқастар тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;- ҚДҰТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Қант диабеті» Ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;- ТНҰТ – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен науқастардың ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі;- медициналық ұйымдардың «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;- «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі.

48.Паллиативтік көмектің анықтамасын беріңіз. Паллиативтік медициналық көмек – ауыр және емделмейтін аурулары бар пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызметтер кешені, медициналық, арнаулы әлеуметтік қызметтерді, рухани қолдауды қамтиды. «Паллиативті» термині латынның «pallium»: «бетперде» немесе «жамылғы» деген сөзінен шыққан. Паллиативтік көмек халықтың кез-келген әлеуметтік топтарына арналған және әлеуметтік мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тегін ұсынылады. Паллиативтік күтім көрсету керек аурулар: 1.ауыр жарақаттар, соның салдарынан адам өмірдің көптеген функцияларын қайтымсыз түрде жоғалтқан және өзіне қамқорлық жасай алмайтын; 2.буындардың, тамырлардың және жүйке жүйесінің ауырсынуының алдын-алу кезеңдерінде; 3.деменция (қартайған деменсия); 3.онкологиялық аурулар нашарлау кезеңінде және терминалдық сатыларда; 4.қайтымсыз бүйрек жетіспеушілігі ; 5.СПИД. Паллиативтік көмек сонымен қатар депрессия, мазасыздық, шаршау, ұйқысыздық және ентігу сияқты басқа да мазасыз белгілерді жеңілдетеді. Паллиативтік көмек мүмкіндігінше белсенді, қанағаттанарлық және ауыртпалықсыз өмір сүруге көмектесетін кеңейтілген күтімді жоспарлау және қолдау жүйесін ұсынады. Паллиативтік көмектің негізгі қағидаттары пациенттің абыройы мен дербестігі, оның денсаулық жағдайын үздіксіз бақылау, қарым-қатынас, әртүрлі дәрігерлердің, дін қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің және т.б. пациенттермен өзара іс-қимыл түріндегі көп кәсіби тәсіл, жақындарын қолдау болып табылады. Паллиативтік көмектің негізгі міндеттері:Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату; Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру; Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыстарына психологиялық қолдау көрсету.; Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу; Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру; Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады. Паллиативтік көмек бірінші кезекте:- инкурабельді онкологиялық науқастар; - инсульт алған пациенттер;- АИТВ инфекциясының терминалдық сатысындағы науқастарға қажет. Паллиативтік көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильді бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Паллиативтік медициналық көмек ұйымдары аудандық және облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады. Паллиативтік көмектің үш түрі бар: Бірінші түрі – хоспистік көмек, ол жан-жақты қолдау көрсетуден тұрады. Хосписте пациенттің басқа қажеттіліктері де қамтамасыз етіледі. Бұл мекемеге дәрігер үйдегі ауырсынудан, күтімнің жоқтығынан немесе аурудың ауыр сатысынан құтылу мүмкін болмаған жағдайда жібереді. Екінші түрі – терминалдық көмек. Ол науқастың өмірінің соңғы күндерінде көрсетіледі. Үшінші түрі –патронаж қызметтері мен стационарлар көрсетілетін «демалыс күнгі» көмек.

49.Паллиативтік көмектің көрсетілуін талап ететін созылмалы өршімелі аурулардың нозологиялық нысандарын атаңыз. Паллиативтік медициналық көмек – ауыр және емделмейтін аурулары бар пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызметтер кешені, медициналық, арнаулы әлеуметтік қызметтерді, рухани қолдауды қамтиды. Созылмалы өршімеле аурулардың онкологиялық нысандары:1.ауыр жарақаттар 2.буындардың, тамырлардың және жүйке жүйесінің ауырсынуының алдын-алу кезеңдерінде; 3.деменция (қартайған деменсия); 3.онкологиялық аурулар 4.қайтымсыз бүйрек жетіспеушілігі ; 5.СПИД. Соның бірі, қатерлі ісік ауруы.Қатерлі ісік ауруы паллиативті көмекке байланысты ең көп таралған аурулардың бірі болып табылады, өйткені симптомдар да, емдеу де сіздің науқастың өмір сапасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.қатерлі ісік ауруы емдеу түріне, сондай-ақ белгілеріне, емделуіне, жасына және болжамына байланысты өзгереді. Қатерлі ісік-бұл жасушаның бөлінуі мен өсу механизмдері бұзылған кезде пайда болатын патологиялық ісік. Онкологиялық аурулар өлім жағынан жүрек-қантамыр ауруларынан кейінгі 2-ші орынды алады. Себебі мен даму механизмі әлі күнге белгісіз, бірақ осы топ ауруларын дамытушы көптеген қауіп факторлары жинақталған. Паллиатиптік медицина жағынан қараса , қатерлі ісік ауруларына арналған паллиативті көмек көбінесе депрессия немесе мазасыздықты емдеу әдістерін және отбасы мүшелеріне болашақты жоспарлауға көмектесетін құралдарды қамтиды. Онкологиялық бейіндегі паллиативті науқас, басқалар сияқты, қолдауды қажет етеді. Паллиативті медицина өзінің постулаттарында науқастың паллиативті емдеуді қай жерде таңдауға құқылы екенін айтады. Алайда, онкологиялық науқастарға арналған паллиативті бөлім көбінесе хосписті емес, науқас өзін тордағыдай сезінетін онкологиялық диспансерді ұсынады. Онкологиядағы науқастарға паллиативті көмек терапияның адамды аурудан құтқара алмайтынына қарамастан, ол депрессиялық күйлерден шығарылғанға дейін оның психологиялық фонын қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

50.Паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау түрлі ұйымдарының негізгі бағыттары мен қызметтік міндеттерін атаңыз. Паллиативтік медициналық көмек – ауыр және емделмейтін аурулары бар пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қызметтер кешені, медициналық, арнаулы әлеуметтік қызметтерді, рухани қолдауды қамтиды. Паллиатиатік көмек денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында, хоспистерде) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильді бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Паллиативтік медициналық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі мқызмет бағыттары: 1) ауыр және жазылмайтын аурумен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; 2) радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде жазылмайтын пациенттің ауруының ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттерге); 3) жазылмайтын ауру кезінде пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету; 4) отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту; 5) медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.

51.Эвтаназия дегеніміз не? Эвтаназия мәселесіне ҚР көзқарас қандай? Эвтаназия - әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі. Алғаш рет эвтаназия терминің философ Френсис Бэкон енгізді. Эвтаназияның өзіне тән формалары бар:Белсенді эвтаназия- пациентке дәрілік препараттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ол препараттар өмірден тез кетуді жүзеге асырады. Сонымен қатар белсенді эвтаназияға дәрігердің көмегімен өзін-өзі өлтіру жатады. Пациентке оның қалауымен өмірді тез қиятын препараттарды беру іске асырылады.Енжар эвтаназия- жасанды препараттарды өшіру арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделу-шінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі. Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында ешқандай емдік шаралар жасалмайды. Бұл рәсім Нидерландыда, Люксембургта, Бельгияда, Швейцария мен Американың кей штатында рұқсат етілген. Қазақстанда, біздің менталитетіміз бойынша эвтаназияға қарсы. Ал келесі бір нақты аргумент ол – дәрігер ролі. Гиппократ антын қабылдап, ақ халат кигендердің барлығы да кез келген жағдайда да, кез келген аурумен соңына дейін күресуі керек. Әйтпесе, дәрігерлерге деген теріс көзқарас қалыптасады. Немесе дін тұрғысынан қарасақ, Қазақстан халқының 90%-ы ислам және христиан дінін ұстанады. Ал бұл екі дін де эвтаназияны адам өлімі ретінде, күнә есебінде қарастырады.Сондықтан заң тұрғысынан эвтаназия саналы түрде қазаға ұшырату деп танылады. Қорыта айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-ІV Республика Кодексінің 140 және 141-баптарына сәйкес эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет