Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Хоспис дегеніміз не? Хоспистерді ашудың мақсаты қандай?



бет25/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
пмсп экзамен 3

52. Хоспис дегеніміз не? Хоспистерді ашудың мақсаты қандай? Хоспис – ауыр және жазылмайтын аурулары бар (жағдайлар) пациенттерге, сондай-ақ олардың отбасылары мен күтім жасайтын адамдарға стационар жағдайында паллиативтік көмек (медициналық, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, рухани қолдау) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым; Хоспис дегеніміз - қарттар үйіне немесе адаптация (бейімдеу) орталығына ұқсас мекеме. Хосписта науқастарға күтім (төсек-орын, тамақ, медбикелердің бақылауы) көрсетіледі. Қажетінше ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек салынады, яғни симптомдық ем қолданылады. Алматы қаласында 1999 жылы салынған Қазақстандағы алғашқы хоспис қазір «Паллиативтік көмек орталығы» деп аталады. Елімізде мұндай орталық Павлодар,Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Семей қалаларында бар. Жалпы мұндай орталықтар Европа елдерінде 70-80-ші жылдардан бастап салына бастаған екен. Бұл мекемелерде жұмыс істейтін арнайы мамандардың міндеті -айықпас дертке ұшырап, соңғы демін күтіп жатқандарға тән азабын сездірмей , моральдік-психологиялық көмек көрсету. Хоспистің құрылымы: 1) стационарлық бөлімше; 2) үйде паллиативтік көмек көрсету жөніндегі ұтқыр бригадалардан тұратын көшпелі бөлімшелер; 3) күндізгі стационар. Хоспистің міндеттері мен функциялары: 1) жазылмайтын науқастарды мемлекеттік сонымен қатар жекеше немесе қайырымдылық негізде медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа түрлерін іске асыру; 2) терминадық сатыдағы жазылмайтын науқастарға стационарлық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және үйдегі медициналық көмекті жақсарту; 3) науқастарға және оның туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, ауыр науқастарды күту дағдыларына туыстарын оқыту; 4) дұрыс ауырсынуды басатын терапияны таңдау және оны жүргізуді қамтамасыз ету; 5) стационар дәрігерлерінің ұсынымдары бойынша қажетті консультациялық көмекті ұйымдастыру; 6) мамандандырылған ұйымдармен өзара іс-қимыл;  7) үй жағдайында және стационарда науқастарды тегін күтуді қамтамасыз ететін еріктілерді оқыту қызметін құру.
Хоспис:1) симптоматикалық терапияны; 2) қажетті ауырсынуды басатын терапияны таңдауды және жүргізуді; 3) науқастарға медициналық-әлеуметтік көмекті; 4) науқастарға және оның туыстарына психотерапиялық көмекті; 5) науқасты тасымалдауды; 6) пациенттердің санитариялық-гигиеналық білімін; 7) заңдық консультация беруді және пациенттер мүддесінің құқығын қорғауды; 8) науқастарды паллиативтік емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізуді және оны меңгертуді; 9) дінге сенетін науқастарды хосписте болу кезінде діни орындарға осы діни бірлестік ҚР аумағында ресми тіркелген жағдайда жіберу мүмкіндігін ұсынуды;  10) хоспис қызметінің тиімділігіне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет