Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет30/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
пмсп экзамен 3

Жұқпалы емес аурулар-бұл ұзақ уақытқа созылатын және генетикалық, физиологиялық, экологиялық және мінез-құлық факторларының әсерінен болатын аурулар. Жүрек қантамыр (инсульт, инфаркт, арт гмпертония); Онкологиялық; Созылмалы респираторлық; Диабет; зат алмасудың бұзылуы ( Атеросклероз,семіздік, артық салмақ) ;жүйке-психикалық; асқазан ішек жолдарының аурулары(панкретит, гепатит, дисбактериоз, язва желудка). ДДҰ мәліметтері бойынша созылмалы инфекциялық емес аурулардан жыл сайын 41 миллион адам өледі, бұл әлемдегі барлық өлім жағдайының 71%-н құрайды. Уақытынан бұрын болатын өлім жағдайларының 85%-дан астамы кіріс көлемі төмен және орташа деңгейдегі елдерде кездеседі. Созылмалы инфекциялық емес аурулардан өлім құрылымында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары көп үлесін алады, одан кейін ісік аурулары, тынысалу жүйесінің аурулары және қант диабеті тұр, яғни созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын барлық өлім жағдайларының 81%-ы осы төрт аурулар тобына келіп отыр. Соңғы жылдары Қазақстанда да созылмалы инфекциялық емес ауруларды диагностикалауға және емдеуге кететін шығындардың өсуі байқалады. Бұл шығындар мемлекеттің денсаулық сақтау саласына кететін барлық шығындарының 95-96%-н құрайды. Ауруларды басқару бағдарламасы бұл созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың белгілі бір топтарына арналған, өзіндік басқару пен өзіне өзі көмек көрсетудің маңызды компоненті болып табылатын үйлестірілген және біріктірілген медициналық әрекеттер мен коммуникациялардың жүйесі. Бағдарлама «Пилоттық жоба аясында созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқарудың кейбір сұрақтары» туралы бұйрығы мен 2017-2019 жылдарға Ауруларды басқару бағдарламасының Жол картасының жоспары бойынша жүзеге асырыла бастады.
60. Ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) таңдалған аурулар
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын шеңберінде халықтың аурушаңдығын, асқынуы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару және адамның өзін қатыстыра отырып, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ҚР ДСМ дәлелді медицинаға негізделген АББ енгізе отырып, МСАК күшейту бойынша жұмыс жүргізуде. АББ-ны енгізу созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күрес, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсарту және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйін ауырлатуды болдырмау мәселелеріне бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады. АББ- бұл кешенді күтім арқылы аурудың салдарын болдырмау немесе азайту арқылы созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық сақтау шығындарын төмендету және өмір сүру сапасын жақсарту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында АББ енгізу үрдісі 2013 жылдан бастап үш ауру бойынша артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және қант диабеті (өкпенің обструктивті қабынуы, бронхит) бойынша басталды.


61. Ауруларды басқару бағдарламасынан (АББ) күтілетін нәтижелер
Ауруларды басқару бағдарламасы - Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілді және бүгінгі күні барынша өзекті және сұранысқа ие салауатты өмір салты қағидаларын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама ғылыми-дәлелді медицинаның халықаралық тәжірибесі негізінде құрылған. Динамикалық бақылау кезінде мамандар АББ-да пациенттерді үш нозология бойынша іріктейді: артериялық гипертензия, 2 типті қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. АББ-ға қатысатын пациенттерді іріктеу үшін критерийлер: бастапқы артериялық гипертензиясы бар (асқынбаған) пациенттер; 2 типті қант диабеті бар пациенттер; 2-4 сыныпты созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар немесе 40% - дан астам іріктеме фракциясы бар пациенттер және эхокардиография деректері бойынша сол қарыншаның диастолалық дисфункциясы. АББ күтілетін нәтиже: - ҚР-да халықтың аурушаңдығын, асқынуларын, өлім-жітімін төмендету; - пациентті өзінің денсаулығы үшін жауаптылыққа тарту; - созылмалы аурулары бар емделушінің жай-күйіндегі жағымсыз салдардың алдын алу үшін медперсоналдың және барлық қолда бар ресурстардың өзара іс-қимылы; - жедел жәрдем шақыруларының және дәрігердің үйге шақыруларының санын азайту; -ауруханаға жатқызудың жалпы санын азайту;-созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің шығындарын азайту. Сонымен қатар, АББ медициналық қызметкерлермен, медициналық қызмет көрсетушілермен және пациенттердің белгілі бір топтарымен байланыс орнатуға арналған, олар өз уақытында өзіне-өзі көмек көрсете алады. Пациент осылайша ауруын асқынусыз басқаруды үйренеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 461 "Қазақстан Республикасында медициналық - санитариялық алғашқы көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы" бұйрығында атап өтілгендей, АББ енгізумен келесі нәтижелерге қол жеткізілді:- пациенттердің 50% - ында артериялық қысымды тұрақтандыру қамтамасыз етілді, - қант диабеті бар пациенттердің 40% - ында оң динамика бар, - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызудың жаңа жағдайлары 15% - ға дейін төмендегені байқалады. Алдағы жылдары ҚР-да екі ауру: бронх демікпесі және өкпенің созылмалы обструктивті аурулары бойынша қосымша АББ-ны кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
62. "Әлеуметтік маңызы бар аурулар"ұғымына анықтама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет