Есту қабілетін зерттеудің ең қарапайым әдісі –адамның сыбырлап сөйлеуді қалай қабылдауын тексеру. Қалыпты жағдайда сыбырды адам 6-7 м қашықтықтан ести алады.
Құлақтың біреуіне дыбыстың бұрын жетуін анықтау. Дыбыс шығарып тұрған С218 камертонының аяғын тексерілушінің шүйдесінің ортасына орнатады да, қай құлағымен камертон дыбысын қаттырақ еститінін сұрайды.
Қалыпты жағдайда бұрын жету болмайды, адам шүйдесіне қойылған камертон дыбысын екі құлағымен бірдей естиді.
Ромберг кейпінде зерттеу.
Науқасқа аяқтарын қосып, қолдарын алға созып көзін жұмуын өтінеді. Егер оң құлақ лабиринті зақымданса, науқастың денесі сау құлақ жаққа ауытқиды. Бастың тұрған қалпын өзгерту аурудың құлау бағытын да өзгертеді.
Науқас көзін жұмып, қолдарын горизонтальды түрде алға созып тұрады. Кейін ол бір орында тізесін мүмкіндігінше жоғары көтеріп жүреді. Егер науқаста вестибулярлы зақымдану болса, ол өз осінің айналасында айналады.