Механизмдері


Форте банктің цифрлық қызметі



бет11/12
Дата19.05.2022
өлшемі70.36 Kb.
#457409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
аскар инкар дип (1)

3.2 Форте банктің цифрлық қызметі
Цифрлық қызметтерді дамыту Клиенттер үшін цифрлық өнімдерді дамыту Forte үшін стратегиялық басымдық болып табылады. Біз Қазақстан үшін бірегей, клиенттерге олардың күнделікті қажеттіліктерін қамтитын қаржылық және қаржылық емес қызметтердің кең спектрін ұсынатын цифрлық платформа құру үшін жұмыс атқарудамыз. Және де осы бағытта даму үшін сонымен қатар АТ-ин - фрақұрылымын өзгертуді, қызметкерлердің жұмыс істеу әдістерін дамытуды және жалпы алғанда бизнес жүргізудің жаңа мәдениетін құруды қамтитын Банктің бизнес-процестерін түрлендіру қажет. Біздің клиенттер - ге ұсынатын шешімдерімізбен қатар, Банк ішінде түбе - гейлі қайта құру жүріп жатыр. 2020 жылы Anthill жаңа АT-инфрақұрылымы іске қо - сылды. Микросервис архитектурасына негізделген за - манауи интеграциялық платформа техникалық интегра - ция процестерін жеделдетуді қамтамасыз етеді. Жаңа шешім Банкке инновациялармен тезірек жұмыс істеуге және өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа АТ-инфрақұрылымының арқасында жүйелер арасында сұранымдар алмасу 2020 жылы 1,5 есеге үдеді. Жүйенің тоқтап тұру уақыты қысқарды. Үшінші тарап - тардың бағдарламалық жасақтама лицензияларына жұмсалатын шығыстарды қысқартуға қол жеткізілді. Сервистерді әзірлеудің жылдамдығы өсті. Енді Банк жаңа шешімдер релизін шығаруды әр 2 апта сайын жү - зеге асыра алады. Біз сонымен қатар өзінің тиімді жұмысымен Forte-нің инновациялық қызмет атқару мүмкіндігін қамтама - сыз етіп отырған әзірлеуші топты дамытып отырамыз. Әзірлеудің мәдени құндылықтары енгізілуде, бүкіл Банк бойынша жобаларды басқарудың Agile- тәсілдемелері қолданылуда, үнемі зерттеулер жүргізіліп, білім алмасу жүргізілуде жаһандық пандемияға дейін де цифрлық экожүйе құрып, дамытуды қолға алған қазақстандық ForteBank онлайн форматтағы кезекті өнімдерін жаңартып, жетілдіруге мән беруде. «Банк саласын түрлендіріп, өзгертуді міндет еткен цифрлық трансформация, бүгінде көпшілік айтып жүргендей, COVID-19 пандемиясы аясындағы қажеттілік қана емес, бұл өмір ағысы, заман талабы. Біздің өмірімізге цифрлық жүйелер мен сервистердің дендеп енуі – бізге тән тіршілік аясындағы дәстүрлі құралдар мен тетіктерді барынша жеңілдетіп, көптеген мәселелерді жеделдетіп шешуге септік етуде»,
–Цифрлық қызметтер бүгінде кез келген банктің клиенті үшін әдеттегі жағдай деуге тұрарлық көрініс болып табылады .Жалпы, банктікdigital өнімдерге тән басты ерекшелік – олар жедел жүзеге асып, тиімді нәтиже береді. Өз өнімдерін цифрландыру барысында ForteBank, ең алдымен, жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуді мақсат етуде. Бұл тұрғыда кез келген өңірде бірнеше инновациялық қызмет түрін жаңартып, қолданысқа енгізді. Солардың ішінде, ең алдымен, Интернет-банкинг мүмкіндігін айта кеткен жөн. Бұл сервиске қазір шағын және орта бизнес өкілдері, және жеке кәсіпкерлер оңай қол жеткізе алады. Жалпы, ForteBank нарыққа шығарған цифрлық ұсыныстар банк клиенттерінің тілектерін ескере отырып әзірленген. Олар енді банк кеңсесіне келмей-ақ,онлайн негізде банктен шот ашып, өз қаржыларына қатысты барлық операцияларды қашықтан басқара алады.Клиенттерді кредиттеу сервистерін цифрландыруда Forte Business ұсынып отырған тағы бір тиімді бағыт – жеке кәсіпкерлерге арналған онлайн кредиттер. Нақтырақ айтатын болсақ, Online овердрафт және POS терминал айналымдары бойынша online овердрафт
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет