Международная научно-практическая конференция «депортация народов в эпоху тоталитаризма: исторические уроки»



Pdf көрінісі
бет28/63
Дата09.04.2022
өлшемі1.32 Mb.
#456630
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63
Депортація-народів-мат-ли-конф

 


64 
Түйінді сөздер: депортация, тоталитаризм, сталиндік 
тəртіп, Солтүстік Кавказ халықтары, Орталық Қазақстан, 
Қарағанды облысы, арнайы көшірілгендер, мұрағат құжаттары 
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары – КСРО мемлекетінің құрамында 
болған барлық халықтар тарихында қасіретті. ХХ ғасырда 
қалыптасқан мемлекет қоғамды басқаруға өзгерістер алып 
келгендігімен шектелмей, халықтар тағдырына зор алапат апаттар 
алып келді. Тоталитарлық мемлекеттің жүйесі мен саяси 
мəселелердің одан əрі ушығуы көрініс тапты.
Біз бүгінде тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте 
өмір сүре отырып, шын мəнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет 
əкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен 
идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан 
сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар сабақтастығы, тəуелсіз ел 
жастары 
ғана 
барлық 
адамзатқа 
тəн 
құндылықтарды 
қалыптастырып, жаңаша жүйеге өту арқасында бұл міндет аясынан 
шықпақ. Тоталитаризмнің жасаған ең ауыр қиянаты - саяси қуғын-
сүргінді қолға алды. Саяси жазалау тоталитарлық жүйенің ұлттық 
рухты жаншуға арналған бағыты болды. Кеңестік, оның ішінде 
Қазақстандық тарихтың беймəлім беттері «партия мен Кеңес 
өкіметінің өз халқымен күрес жүргізген», Қазақстанның тұтастай 
концентрациялық лагерлер өлкесіне айналдырылған жылдары 
болды. Бұл қайғылы оқиғалардың оның Ұлы Отан соғысының ең 
ауыр кезеңімен тұспа-тұс келгендігінде. Ұзақ жылдар бойы КСРО-
ға халықтарды депортациялау мəселесі қоғамдық пікір үшін де, 
ғылыми сараптау үшін де жабық тақырып болды.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің сөзінде егемендік кезеңінде 
кеңес заманынан кейінгі дамушы елдердің көбіне қарағанда, біз 
қоғам ішіндегі тура конфронтацияны болдырмай, жағдайды 
тұрақтандыра алдық деп бірнеше рет атап өтті [1, 2 б.].
Орталық Қазақстанның көпұлтты бейнесі бірнеше жылдар 
бойы қалыптасты. ХХ ғасырда оның дамуына қуғынға ұшыраған 
халықтардың күштеп қоныстануы үлкен əсер етті. Қарағанды 
облысының территориясына 30-жылдардан бастап жер аудару 
науқаны жүргізіле бастаған. Бірінші кезеңі ұжымдастыру кезеңімен 
байланысты болса, екінші кезең 30-жылдардың II жартысында 
Кеңес үкіметінің халықтарды депортациялау саясаты жаппай тарала 
бастаған оқиғалармен сəйкес келеді.


65 
Əуелде күштеп депортациялау ескі жүйеге қызмет еткен 
жекелеген адамдарға бағытталса, кейін БК(б)П қарсыластарына, 
содан кейін тұтастай халықтарға бағытталды. Сөйтіп сталиндік 
қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат депортацияланған 
халықтарды ұлттық болмысы мен тілінен, мəдениетінен айырып, 
негізсіз кінə тағып, қатал жазалады. Бұл кеңестердің ұлт 
саясатының заңдылығын бұзуының жарқын белгісі еді. Бірінен 
кейін бірі шыққан сол мерзімдегі заң актілері депортацияланған 
ұлттардың дамуына, болашағына қиянат жасады. Қандай халық 
болмасын депортация – қуғын-сүргіннің аса қиянаттысы. 1944 
жылғы тау халықтарының жаппай көшірілуі халықтарды 
депортациялау кезеңінің аса қайғылы беттері. 1944 жылдың 
ақпанында Берия И.Сталинге телеграф арқылы хабар береді: 
«Көшірілуге жататын 459486 адам тізімделді». Кейін 1944 жылдың 
7 наурызында И.Сталинге жолдаған мəліметі бойынша осы кезге 
дейін шығыс аудандарға жер аударуға байланысты үш мəрте 
жүргізілген операция барысында Одақтың əр түрлі аймақтарына 
650 мың шешендер мен ингуштер жаңа жерлерге орналастырылды. 
Осылардан Қазақстанға 124 эшелон тиелген 344584 адам 
тасымалданды, алып келген бойда түгелдей санап шығып, есепке 
алған. «Құпия» белгісі бар 20 мамыр 1944 жылы шыққан 
«Қарағанды облысындағы күштеп көшірілген шешендер мен 
ингуштар туралы анықтамада» Қарағанды облысында 9 036 отбасы, 
36 702 адам, Қарағанды қаласында 2 240 отбасы, 10 042 адам 
тіркелінген [2, 6 б.]. Қазақстан мен Орта Азияға күштеп жер аудару 
кезінде де жаппай өлім орын алған. Себебі, адамдар вагондарда 
өлді, біреулері сырқаттанса, екіншілері климатқа шыдамады, 
үшіншісі аштықтан көз жұмды. Адам тасуға арналған жүк 
вагондарында жағдай болмады, жол да тым қиын болды. Олар адам 
төзгісіз жағдайда бір-біріне көмектесіп, асқан шыдамдылық 
танытып, биік рухын түсірмеген, жабайылыққа бармаған жəне ауру 
мен азаптан көз жұмған. Бұл құрбандардың саны нақты белгісіз, 
шамамен 400 мың шешен ұлты өкілдерінің 131 мыңдайы қырғынға 
ұшыраған [3, 21 б.].
Қуғындалған халықтардың ішінде əртүрлі халықтар, əлеуметтік 
топтар, тіптен тұтас ұлттар да болды. Бұлардың барлығы толықтай 
тоталитарлық тəртіптің құрбандарына айналды, құқықтары аяқ 
асты етілді. Қазақстанға депортацияланғандардың тұрмыс 
жағдайын көшірілген жердегі Ішкі істер министрлігінің (ІІХК) 
арнайы комендатуралары бақылауға алды жəне бақылауда ұстады. 


66 
Сол себептен жолда жағалып кеткен туысқандарына іздеу салуға, 
ем-дом алуға жəне басқа да жеке басқа қатысты мəселелер 
бойынша арнайы комендатураның рұқсатын алулары міндетті 
болып саналды. Тұрақтары мен жұмыстың өзгеруі сияқты 
мəліметтерді арнайы комендатурадағыларға үш күндік мерзім 
ішінде мəлімдеуі міндетті болды. Арнайы көшірілгендердің жаңа 
жерде саяси жағынан да, құқықтық жағынан да жағдайлары ауыр 
болды. Олар ешқайда кетуге еркі болмады.
Күштеп депортациялағандарды «арнайы көшірілгендер» деген, 
барлық құқықтары шектеулі болды. Қарағанды облысының 
территориясында лагерлер мен арнайы поселкілердің бірнеше 
жүйесі құрылған. Арнайы қоныстандырылғандар көмір бассейнінде 
еңбек 
еткен, 
өнеркəсіп 
орындарының 
жəне 
тұрмыстық 
құрылыстарды салуға қатысқан, Қарағанды облысының қалалары 
мен 
поселкілерінің 
салынуында 
үлес 
қосқан. 
Мұндай 
мобилизацияның қажеттілігі туралы мұрағат құжаттарында 18 
қазан 1943 жылғы «1000 адамды 
арнайы 
қоныстандырылғандырдың ішінен Қарағанды көмір бассейнінің 
жұмысына мобилизациялау туралы» Қазақстан БК(б) бюросының 
Қарағандылық обкомының Атқару комитетінің қаулысында 
көрсетілген [4, 5 б.].
Қазақстанда депортацияланған халықтарды комендатуралық 
жағдайда ұстау да аса қиын тағдырдың нышаны ретінде болды. 1 
тамыз 1949 жылғы мəлімет бойынша облыс аумағында 39990 
отбасы – 117043 арнайы қоныстандырылған əртүрлі ұлт өкілдері 
тұрып жатты. Есеп жүргізу мақсатында облыста ІІМ-нің 113 
арнайы комендатуралары іске қосылды [5, 28-138 бб.].
Арнайы 
жер 
аударылғандар 
жаңа 
жерде 
көптеген 
қиындықтарға душар болды. Шектеулер көп болған. Арнайы жер 
аударылғандардың ісімен айналысатындардың кұжаттарына сəйкес 
əрбір көшірілген адам Қазақстанға келген соң өз елінде қалған 
мүлкі үшін, киім-кешек, шаруалық пен ақшалары үшін өтемақы алу 
қарастырылған, шын мəнінде ол болмаған еді. Көбіне қағаз жүзінде 
тіркелінген де, депортацияланғандардың қолында ештеңе болмаған. 
Тек жатын орындарға қатысты бөлу, орнықтыру шаралары жүрген. 
Бірақ адам тұра алмайтын жағдайлар «ұсынылған». Тұрмыстық 
жағдайлары төмен деңгейде болған. Егер бір адамға 3 шаршы 
метрден 
келу 
қажет 
болса, 
кейбір 
пунктарда 
арнайы 
қоныстандырылғандар 2-3 отбасы болып бір пəтерде тұрған, 1 
адамға 2 шаршы метрден артық жер бөлінбеген жағдайлар да 


67 
тіркелінген [6, 144 б.]. Көктем шыққан соң, жердің қары еріген 
бетте адамдар жерастындағы үйлер қазған, тек содан кейін ғана үй 
көтерген. Келесі қыстарын үйге пошымы келетін, ақысы төленген 
үйлерде тұрған, бірақ оларда ешқандай тұрмысқа қажетті заттар 
болмаған, мысалы, Балқаш мыс зауыты, №517 зауыт, Өспен 
руднигі жəне т.б. [7, 107 б.]. 
Арнайы 
жер 
аударылған 
шешен-ингуштарды 
ауылшаруашылығы өндірісінің ең ауыр участоктарында қолданған. 
«Жаңа жер аударылғандарды» қатаңдатылған бақылаумен, 
күзетшінің тікелей қадағалауымен, қуғын-сүргін жазаларын 
қолданып құрылысқа, оның ішінде үй салуға, кеніш жұмыстарына 
тартқан жəне егістіктегі жинау жұмыстарына апарған [8, 46 б.]. 
Қарағанды облыстық атқару комитетінің құжаттарында 70-тен аса 
өнеркəсіп, өндіріс орындарының тізімі келтірілген. Өз қызметтерін 
асыра пайдалынып, Солтүстік Кавказ халықтарын кемсіткен, қор 
қылғандар да коменданттар арасында болған. Сонда да рухы 
жығылғанмен, тегін еңбек еткендеріне қарамастан олар үлкен 
көрсеткіштерге жетіп отырған, мысалы Осакаров ауданындағы 
«Комсомол» жəне «Октябрь» колхоздарында 500-600 еңбек 
күндерін өтеген Хамидов Дамес, Одаев Трухан, Юсупов Акм жəне 
тағы да басқалар [9, 324 б.]. 
Орталық Қазақстанға күштеп коныстандырылған шешендер 
мен ингуштер алғашқы күннен бастап Қарағанды көмір бассейнінің 
кеніштерінде жұмыспен қамтылды. Қарағанды облысының кейбір 
пунктарындағы емхананың медпунктары қажетті деңгейде 
медқызметкерлермен қамтамасыз етілген, мысалы №20 Май-Құдық 
еңбек поселкісінде дəрігердің қабылдауына орта есеппен 75-80 
адам келіп отырған. Белгілі бір бөлінген уақыттың ішінде тек 30-40 
адамға қызмет көрсетілген. Осакаров комендатурасының үш 
поселкісіне поселкілерден 9-18 шақырым қашықтықта орналасқан 
бір медпункт қана болған [10, 62-63 бб.].
Депортацияланғандардың жартысынан көбі айналдырған бес 
жылдық мерзімде қайтыс болған, Қарағанды жерінде жатыр [11, 5-
15 бб.]. Өлімнің себебі негізінен кəрілік, безгек, инфекциялық 
аурулар жəне көп жағдайда аштықтан да қайтыс болған [12, 149 б.]. 
Сонымен қатар ол жылдары ашаршылық, қуаңшылық, аязды 
қыстар көп орын алғаннан өлім-жітім өте көп болды. Жылы киім 
мен аяқкиіммен қамтамасыз ету де нашар жүрген. Мысалы, мектеп 
жасындағы 4350 баланың 1595-і ғана мектепке бара алған [13, 103 
б.], қалғандары болса киім мен аяқкиімнің болмауынан бармауға 
мəжбүр болған. 


68 
Тамақ пен тұтыну өнімдерімен қамтамыз ету де Ұлы Отан 
соғысы жылдарында халықтың басқа категорияларына қарағанда 
анағұрлым 
төмен 
болған. «Ильич 
жолы», «Чкалов», 
«Пар.Коммуна», «1-Май» атты колхоздарда жағдай өте төмен 
болған. «Калинин», «Қызыл Жұлдыз», «Тельман» сияқты 
колхоздарда ай сайын берілетін азық-түлік уақытылы берілмеген 
болса [14, 68-69 бб.]., 1944 жылдың сəуірінен мүлдем берілмейтін 
болған. Облыс аумағында 1945 жылдың қаңтар айынан шілде 
айына дейін 100-50 граммнан беріліп отырса, ұн мен жарма бір 
адамға күніне 4,5 кг. ғана берілген [15, 100 б.].
Рұқсатсыз орын ауыстыруға болмаған. Адамдар бір-бірімен 
байланыса алмаған, көрші ауылдағы туыстарымен қатынас мүмкін 
болмаған, себеп жеке құжаттарының болмауымен түсіндірілген. 
Бұны қадалаған арнайы комендатура болды. Тек қана 50-
жылдардың ортасынан ғана депортацияланған халықтарға деген 
өкімет саясаты өзгере бастады. 
Сөйтіп, өз халқына қарсы соғыс жариялаған, өз елін, өзіне жау 
еткен сұрқия саясат Қазақстанды жаппай көшірілгендер лагеріне, 
ГУЛАГ, концлагерлер аймағына айналдырды. Бірақ қазақ халқы 
фашизмге қарсы күресті сталинизм саясатының құрбанына 
айналған халықтарға қамқорлық жасаумен ұштастыра білді, 
олардың қайғы-мұңына ортақтасты. 
Тарихи естелікті сақтау, тарихи сананы қалыптастырудың, 
ұлттық біртұтастықты нығайтатын, біріктіретін факторларды 
іздестіру – жас буын үшін, олардың тарихи мұраға құрметпен 
қарауы үшін маңызы зор [16, 21 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет