науқасты РекторомАноскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх крушкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық крушка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған крушка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.
Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту:
ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;
ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
егер де науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады;
науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.
Науқасты цистоскопияға даЙЫНДАУ
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Достарыңызбен бөлісу: |