«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет62/157
Дата02.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474610
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157
Кәсіби стандарт МІ

АЯҚҚА ҚЫША ВАННАСЫН ЖАСАУ


Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.


Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).


Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450 С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

  2. Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.

  4. Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызығанға дейін салыңыз.

  5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.

  6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз (қымтаңыз).


Ыстық ылғалды компресті қою


Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

  3. Қолыңызды антисептикалық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

  5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

  6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

  7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

  8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  9. Науқасты жылы жабыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет