Мейіргер ісі Біліктілігі: Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры



бет9/19
Дата15.02.2024
өлшемі91.15 Kb.
#491928
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
аруна 2 кунделик

Неврастения кезінде тәулік соңына қарай пайда болатын диффузды бас ауруы, кейде тәбет нашарлау, асқазан қыжылы, кекіру, іш кебуіне шағымдар болады. Неврастенияның маңызды симптомы поллакиурия (зәр шығаруға жиірек шақыру), жұмыс қабілетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады. Сырқат ұйқыдан тұрғанда өзін тыныққандай сезінбейді. 
Емдеу. Ең алдымен мүмкіншілігіне қарай аурудың себебін жою керек. Бұл үшін ауру адамға тыныш жағдай жасау керек. Оған 4-6 апта демалыс алуын немесе жұмыс көлемін азайту ұсынады. Тыныштандыру ретінде жылы ванналар, жылы душ ұсынылады. Ұйқы бұзылғанда, транквилизаторларды беруге болады. Ұйқы қатты бұзылған кезде тизерцин 0,012-0,006 беріледі.Ауру адамның жалпы соматикалық жағдайын дұрыстап, неврастенияны дамытатын соматикалық ауруларды емдеу керек. 
Профилактикасы. Ең алдымен аурудың себептерін жою керек. Көбіне адам көп жұмыс істегендіктен емес өз уақытын дұрыс пайдалана алмағандықтан ауырады. Күндік, апталық, жылдық демалысты дұрыс пайдалану, ұйқының бұзылмауын қадағалау керек. Балалар неврастениясының алдын алу үшін оқу кестесін жасаған кезде қиын сабақтар жеңіл сабақтармен аралас болуы керек.
Истерия. Истерия — психологиялық зиянға қарсы қорғаныс реакциясы. Истериялық неврозда соматовегетативтік, сенсорлық және қимылдық бұзылулар болады. Бұл ауру жас кезде және әйелдерде, әсіресе психопатия истериялық шеңбердегі адамдарда жиі п.б. Кез келген адамда истериялық невроз болуы мүмкін. И.П.Павлов зерттеулері бойынша истериялық невроз жоғары нерв қызметі жағынан көркем типті адамдарда жиі п.б., басқаша айтқанда бірінші сигналдық жүйе басым болғанда. Истериялық белгілер жүректен, асқазаннан білінетін ипохондриялық шағым ретінде кездеседі.Ондай адамдар ашу-ланшақ, ызақор, қыңыр, өз айтқанын ғана жоғары бағалап, кейде тіпті өтірік айтуға дейін барады.. 
Емдеу. Ең алдымен ауру тудыратын себепті жою не азайту керек. Кейде айналадағыларды өзгерту көмектеседі. Истерияны емдеу кезіндегі ең бастысы -адамға ауруды жан-жақты түсіндіру психотерапиясы. Аурудың жекелеген белгілерін жою үшін ұйықтамаған немесе гипноз кезіндегі сендіру әдісі қолданылады. Сөзбен жұбатуды, физиотерапиялық процедуралар мен дәріні қолдануға болады(массаж, новокаин блокадасы). Жекеленген қозғалыс, сенсорлы мутизм, паралич, сурдомутизм сияқты соматовегетативтік бұзылуларды емдеуде тежелуді жою әдісі қолданылады. Сонымен қатар садативті заттар, транквилизаторлар, жеңіл антидепресанттар ұсынылады.
Невроз –жүйке жүйелік жән е психикалық бұзылу формаларының бірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы.
Невроз - жанға жара салып, жүйкеге қатты әсер ететін оқиғаны бастан кешу кезінде бала психикасы оған төтеп бере алмаса, ол неврозға ұшырайды. Неврозбен ауырған бала оның психикасына жаман әсер ететін жағдайды қиналыспен қабылдайды. Балаларда байқалатын невротикалық белгілерге: қорқыныш неврозы жабықтыратын жай - күй неврозы, қуық ұстамау неврозы (энурез), тэбеті жоқтық, тілдік невроздар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет