13.10. Дәріні көзге тамызудың мсйіркештік технологиясы
қолыңызды жуыңыз;
пипетканы, стерилденген мақта шариктерді, көз тамшыларын дайындаңыз;
пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз;
пациентті отырғызып басын шалқайтып немесе жатқызыңыз;
оң жақ қолмен дәрісі бар пипетканы ұстап сол жақ қолымен мақта шаригін алып, төменгі кірпігін төмен тартыңыз;
төменгі кірпіктің шырышты қабатына 1 — 2 тамшы жіберіңіз;
пациенттің көзін жабуға сұраймыз;
сыртта қалып қойған дәріні мақта шаригімен сүртіп альңыз;
пациенттің жағдайын біліңіз;
қолды жуып құрғатыңыз;
13.11.Ұнтақты қолданудың мсйіркештік технологиясы
дәрінің атына назар аударыңыз;
пациентке хабарлап, келісім алыңыз;
процедура жасар алдында пациентті басқа пациенттерден перде арқылы бөліңіз,
қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;
ұнтақты салатын жерін марлі дөкемен күрғатыңыз;
ұнтақты біркелкі терінің сыртына салыңыз;
резеңке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;
пердені алып тастаңыз.
13.12. Майды теріге жағу
Майды жағуга болады: жұқа түрінде, тану арқылы, уқалау арқылы.
Осы тәсілдерді дәрігер тағайындайды.
Майды уқалау арқылы енгізудің мейіркештік технологиясы.
дәрінің атын оқыңыз; пациентке хабарлап келісім алыңыз;
пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
майды жағатын жерді көріп алыңыз;
қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;
аппликаторға керекті мөлшерде майды алып жағыңыз;
май ерігенше айналдыра жағыңыз;
пациентті жылылаңыз;
қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз,
Достарыңызбен бөлісу: |