13.2.Дәрілерді ауыз арқылы енгізу
Пациент дәрінің атын және дозасын міндетті түрде білуі тиіс.
Дәрілерді тарату ережелері:
Дәрінің этикеткасына назар аударып оқыңыз;
Дәрілерді тек қана нұсқау қағазы бойынша таратыңыз;
Дәріні немен ішетінін пациентке хабарлаңыз;
Дәріні пациентке сіздің кезіңізше ішкізіңіз;
Тамақтың алдында 15 минут бұрын ішуін немесе артынан 15 минуттан кейін ішуін алдын — ала ескертіңіз;
Кейбір дәрілерді ашқарынға (гельминттарға қарсы дәрілерді), ұйықтататын дәрілерді 30 минут ұйықтар алдында ішетінін ескерту;
Нитроглецерин, валидол таблеткалары пациенттің тумбочкасында болу тиіс;
Сұйық дәрілерді берер алдында шайқау керек;
Пациентке дәрінің әсерін, ерекшелігін, асқынуын ескертіңіз;
Таблеткаларды, драже, капсулаларды, пилюлаларды тіліне салып сумен немесе кейбір жағдайда сүтпен, кисельмен ішкізу керек. Егер пациент таблетканы түтас іше алмаса, онда өзі шайнап ішуіне болады (темірі бар таблеткаларда баска). Драже, капсулаларды, пилюлаларды тұтасымен ішеді. Карт, егде жастағы пациенттерге күнделікті арнайлы үш секцияға бөлінген (таңертен, күндіз, кешке деген жазуы бар) контейнер қолдануға болады. Ұнтақты пациент сумен езіп ішеді. Түнбаларды, қайнатпаларды, микстураларды арнайлы 15 мл қасықпен ішеді. Спирттік тұнбаларды, экстрактарды тамшы арқылы қолданады.
13.3. Тіл астына дәрілерді қолдану /сублингвально/
Ауыз - қуысында қан тамырларының көп болғандығнан дәрілер тез түрде сіңеді. Мысалы: валидол, нитроглицерин, клофеллин жиі қолданады. Дәріні тіл астына сіңгенше ұстайды, жұтуға болмайды, өйткені дәрінің әсері төмендейді. Тіл астына дәрілерді жиі қолдануға болмайды, себебі ауыздың шырышты қабаты тітіркенеді.
13.4.Дәрілерді тік ішекке енгізу /рег rectum/
Тік ішекке сұйық дәрілерді және суппозиторияларды енгізеді. Дәріні жіберер алдында тазарту клизмасын жасайды. Лимфа және көк тамыр қосындысыньң көптігінен дәрілер жақсы сіңеді де, жалпы қан жүйесіне барады. Бұл әдістің күрделілігі асқазанды тітіркендірмейді. Содан кейін егер кұсу, лоқсу, өңештен етпеген жағдайда, тік ішек арқылы енгізуге болады.
Кемшіліктері:/психологиялық ыңғайсыздық/ Көбінесе тік ішек арқылы гемморой, тік ішектің қабынуларын емдеу үшін балауыздарды қолданады. Кейбір дәрілердің қолдану ережелері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |