16.4.Жұтқыншақтан және мұрыннан жұғынды алудың мейіркештік технологиясы
Жұғын тығыз мақта-марлі тампонымен жабылғанған стерильденген пробиркаға таңертенгілік ашқарыңда алынады.
Дайындау керек: стерендельнген шпатель, "Ж" (жұтқыншақ) деген белгісі бар тампонды пробирка.
Пациентті күнге қарай қарсы отырғызу.
Сол жақ қолына пробиркамен шпательді алу.
Пациенттің ауызын ашу.
Шпательмен тілдің түбірін басып, оң жақ қолымен пробиркадағы стерильденген тампонды алу.
Тампонмен жұғынды айналдыра алу (ауызының шырышты қабатарына тиіспеу керек).
Тампонды пробиркаға салу(пробирканың кірер аузына тигізбей).
Пробирканы штативке салу.
Шпательді зарарсыздандыру.
Мұрыннанан жұғынды алудағы мсйіркештік технологиясы
Дайындау керек: стерильденген тампоны бар пробирка.
Пациентті отырғызып, басын кішкене шалқайту.
"М" (мұрын) деген жапсырмасы бар пробирканы сол қолына алып, оң қолымен тампонды алу.
Мұрын ұшын сол жақ қолымен кішкене көтеріп, оң жақ колымен тампонды айналдыра жүғыңды алу, содан кейін оң жақ мұрын тесігіне кіргізу (терендігі - 1,5-2 см).
Тампонды пробиркаға салу.
Жолдама жазу.
Жолдама
Баклабораторияға______________________________
жіберілген "Ж" немесе "М "жағынды
Зерттеу үшін дифтерияға____________________
Аты-жөні_____________________________________
Жасы________________________________________
Пациенттің адресі Аурухана N 1 инфекциялық бөлімі
Уақыты, күні ______________________________
Анализ алушының қолы_______________________
16.5.3әрді тексеру мейіркештің технологиясы
Зәрді тексергенде, оның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамын, тұнбаның микроскопиясын анықтап, бүйрек жұмысын және басқа органдарының зақымдануын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |