Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет132/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Процедураның аяқталуы:

  1. Зондты шығарып алу

  2. Зондты және қолданылған құрал- жабдықтарды зарарсыздануы

  3. Порцияларды лабораторияға жіберу

Ұлтабардан фракция әдісіммен сөл алу

Көрсеткіші

Сипаттама

І фаза: жалпы өт сүзегі- «А» порциясы

Бөліну уақыты: 10- 20 мин Көлемі- 20 мл.

ІІ фаза: Одди сфинктердің жабылуы

Ұзақтығы: 2- 6 мин.
Өт жоқ.

ІІІ фаза: «А» порциясының өтті (жалпы сүзегінің соңғы бөлігі)

Бөліну ұзақтығы: 3- 5 мин
Көлемі: 3- 5 мл.

IV фаза: «В» - порциясы

Бөліну уақыты: 20- 30 мин.
Көлемі: 30- 50 мл.

V фаза: «С» порциясы

Бөліну уақыты: 20- 30 мин.
Көлемі «В» порциядан көп.



Өттің микроскопиялық зерттеуі

Көрсеткіші

Сипаттама

Эпителий

Аз көлемде

Лейкоциттер

  1. 2 көз алдында

Кілегей

Аз көлемде

Холестерин, кальций билирубинат кристалдары.

Жоқ

«В» порциясы

Эпителий

Аз көлемде

Лейкоциттер

  1. 3 көз алдында

Кілегей

Аз көлемде

Холестерин, кальций билирубинат

Аз көлемде

«С» порциясы

Эпителий

Аз көлемде

Лейкоциттер

  1. 1 к/ар.

Кілегей

Аз көлемде

Холестерин, кальций билирубинат

Жоқ



Ұлтабардан сөл алу



Көрсеткіші

Фазалары

1

2

3

4

5

А. - өті
ұлтабар
сөлі.

Одди
сфинкиср-
дің
жабылуы.

Өттік
рефлюкстің
жасырыңды
кезеңі

"В"-өті
өтсөлі

"С" - өті
бауыр сөлі

¥зақтығы

10 - 15мл

4 — бмл

3 — 6 мл

20 - 30 мл

30 мин
дейін




Көлемі

10 - 20 мл




4 — 6 мл

30 - 60 мл




Тығыздығы

1008-1012







1016-1034

1007-1010

Мөлдірлігі

Сөл мөлдір




Сөл мөдцір

Мөлдір

Мөлдір

Түсі

Алтын түсті
сары




Алтын
түсті сары

Қоңыр
түсті

Лимон
түсті




Микроскопия

Лейкоциттер
эпителий
жасаушалары
көз алдында
аз
көлемде.







Лейкоциттер
10 дейін
көз
алдында

Лейкоциттер
эпителий
жасушалары
көз
алдында
аз көлемде




































Бақылау сұрақтары жәнс тапсырмалары:

  1. Лабораториялық тексеріс әдістерін атап беріңіз?

  2. Пациенттен қан алар алдында қалай дайындайсыз?

  3. Зәрді жалпы анализге жинауын пациентке түсіндіріңіз?

  4. Зәрді Нечипоренко бойынша жинауын пациентке түсіндіріңіз?

  5. Зәрді Зимницский сынамасы бойынша жинауын және оның
    мағынасын атап шығыңыз?

  6. Қақырықты туберкулез таяқшасына жинау әдісін айтып беріңіз?

  7. Қақырықты антибиотиктің сезімталдығына жинауын, маңыздылығын түсіндіріңіз?

  8. Нәжісті жасырынды қанға, құртқа тексеруін айтып беріңіз?

  9. Асқазаннан сөл алу әдісін түсіндіріп керсетіңіз?

  10. Ұлтабардан сөл алу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?



17.АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Аспаптық тексеру әдістеріне жатады:

  • рентген арқылы (R-скопия, R-графия, R-кимография, флюрография т.б.)

  • радиоизотоптық (радиометрия, радиография, сканирлау)

  • эңдоскопиялық (бронхоскопия, эзофагоскопия, гастроскопия, дуоденоскопия,ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопия, лапароскопия)

  • функциоиалдық тексерістер (ЭКГ, ЭЭГ, элекгрогастроскопия,элекромиография, осциллография, реография, спирография, ФКГ т.б.).

Аспаптық тексеру жүргізер алдында пациенттерді арнайы дайындықтан өткізу керек.


17.1.Рентген арқылы тексеру
Негізгі түрлері:
R-скопия (skopo-қарау) рентген сәулемен адамның денесін қарау (экранда ішкі кұрылыстары көрінеді).
R-графия - рентген сәулесі арқылы суретке түсіру.
Томография – қабаттық R-графия.
Флюорография - кіші көлемде, кеуде құрылысына R-графия жасау. Рентген контрастық заттарды қолдану.
Анық түсіру үшін контрастық заттарды қолданады. Асқазан-ішек мүшелерін түсіргенде барий қоспасын қолданады.
Бронхтарда - йодолинол, урологияда - инцигокармин 0,4%, триомбраст - 6О%(76%), өт-жолдарына - йопагност, билигност 50% және т.б.
Йод құрамы аллергиялық асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, соңдықтан аллергологиялық анамнез жинап, йодка сезімталдығын тексеру керек.
Асқазан, ұлтабарды рентген арқылы тексеру

  1. Ашқарында жүргізіледі.

  2. Ренттен-бөлімшесінде ауызына барий сульфат 150-200 мл. жібереді.



Ескерту: дәрігер тағайындауы бойынша асқазанды жуып жән тазарту клизмасын жасайды.


Пациентті ирригоскопияға дайындау
(рентген арқылы тоқ ішекті тексеру)
Мақсаты: нәтижелі дайындау, пациентті үйрету, хабарлау, метеоризмді кетіру, ішекті нәжістен тазалау.
Жабдықтар: тазалау клизмасын жасайтын жабдықтар: Эсмарк кружкасы, барий сульфат (36-37°С).

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатын, барысын түсіндіру, келісімін алу.

  2. 2-3 күн бұрын тағамнан ішті желдендіретін заттарды алып тастау ( жемістер, көкөністер, сүт, ашытқы тағамдар, қара нан, соктар) .

  3. Пациентке тексеру алдында 30-60 мл кастор майын 12-13 сағат бұрын беру.

Ескерту: егер пациентте тышқақ болса, беруге болмайды.

  1. Тексерер алдында бір күн бұрын, кешкі уақытта бір сағат аралығымен екі рет тазарту клизмасын жасау, таңертең тексеруге екі сағат қалғанда екі рет тазарту клизмасын жасау (аралығы 1 сағат).

  2. Таңертең жеңіл белоктан тамақ беру.

  3. Пациентті рентген бөлімшесіне тағайындаған уақытында апару.

  4. Рентген бөлімшесінде клизма арқылы барий сульфатын (36-37°С) 1,5л жіберу.



Өт қалтасьн және өт жолдарын ренттен арқылы тексеру
Бауыр өт арқылы йод араласқан заттарды шығарады, олар организмде өт жолдарында жиналып, көрсету мүмкіндігін жасайды.
Холецистография: ауыздық холеграфия, конрастық зат (билиграст, билиселектан, теленак, йопагност, холевид) өтте, өт жолдарында жиналады.
Пациентті дайындау:

  1. Ашқарынға.

  2. Ішектерді босату.

  3. Контрастық затты 14-17 сағат бұрын бір сағаттың аралығымен біртіндеп (10 минут сайын) тәтті шаймен ішеді.

  4. Танертеңгілік пациент екі жұмыртқа сарысын, сорбит- 20 грамм
    қабылдайды.

  5. R-суреттерді әрбір 10, 20, 30, 45 жасайды, содан 20 минуттан
    кейін екі сағат ішінде жасайды.

Холеография
Өтті және өт жолдарын рентген арқылы тексеру. Көк тамырға билигност, билиграфин, эндографин жібереді. Пациентті дайындау:

  1. Контрастық затқа сезімталдығын тексеру.

  2. Ішекті газдан, нәжістен босату.

  3. Танертең рентген бөлімшесінде көк тамырға 30-40 мл. контрастық
    затты жайлап жіберу (пациентті жатқызу керек).

  4. 15 минуттан кейін суретке түсіру.

Урологиядағы рентген тексерістер жүргізу
Көбінесе жүргізеді:
А) жалпы бүйректің, зәр жолдарының рентгенографиясы
Б) экскреторлық урографиясы (көк тамырға контрастық зат жіберіледі).


Пациентті бүйрек рентген тексеруіне дайындау.
Мақсаты: тексеруге пациентті дайындау, үйрету, хабарлау.
Жабдықтар: 20 мл шприц, 30% -тиосульфат натрий ерітіндісі, тазарту клизмасын жасайтын жабдықтар, рентген-контрастық зат (урогрфин, верографин).

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісім алу.

  2. күн бойы тағамнан жел шығаратын заттарды алып тастау (жемістер, ашытқы,сүт тағамдар, кара нан т.б.)

  3. Активті көмір түйінділерін қабылдау (активированный уголь).

  4. Тамақтың ішуін тексеру алдында 18-20 сағат бұрын тоқтату.

  5. Дәрігер тағайындау бойынша түскі тамақ алдында әлсіздендіретін дәрілерді беру.

  6. Сағат 22.00-де (жатарда тазарту клизмасын жасау, танертең тексеру алдыңда 1,5-2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасау).

  7. Тексеру алдында сұйықтық тағамдар, дәрілер қабылдауға болмайды, шылым шегу, ине салуға болмайды.

  8. Қуықты тексеру алдында босату.

  9. Пациентке тексеру жайында кеңес беру керек (осы тексеру маныздығы туралы).

  10. Пациентті рентген кабинетіне тағайындаған уақытында апару.

  11. Жалпы рентген суретін жасау.

  12. Көк тамырға дәрігср нұскауы бойынша 20-40-60 мл. контрастық дәріні енгізу.

  13. Рентген суреттерін жасау.

  14. Пациентті палатасына апару.

  15. Пациентті қадағалап отыру.



18.ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Эндоскопия - (эндо - ішкі, скопи - қарау) дегеніміз арнаулы оптикалық-механикалық прибормен карау.
Бронхоскопия - бронхоскоп арқылы бронхтарды тексеру.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау, мақсатымен, барысымен таныстыру, келісімін алу.

  2. Дәрігер нұсқауы бойынша транквилизатор беру.

  3. Танертеңгілік тексеріс алдында тағам , су қабылдамауы керек, шылым шекпеуі тиіс.

  4. Қуықты, ішекті босату.

  5. Тексеріс алдында т/а-0,1% атропин ертіндісін 1 мл, 1%димедрол ертіндісін 1 мл тексеру алдында 15-40 минут бұрын жіберу.

  6. Пациентті эндоскопиялық тексеру кабинетіне апару.

  7. Отырғызу.

  8. Жоғарғы тьныс жолдарына анестезия жүргізу (проба жасағаннан кейін 10% новокаин, 5% тримекаин, 2% лидокаин ертінділері).

  9. Мейіркештің көмегімен дәрігер бронхоскопты жібереді.

  10. Инструменттерді 3% хлорамин ертіндісіне немесе 1,5% гипохлорид ертіңдісімен зарарсыздандыру.

  11. Қолды жуып, құрғату, қолғапты шешу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет