Даму орны
|
Микроорганизмдер
|
Зәрлік катетерлар
|
Ішек таяқшалары, стрептококк, протей, энтеробактериялар, клебсиела, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк,мкандида
|
Көк тамырға қолданылатын құрал жабдықтар
|
Грамм теріс бактериялар, энтеро бактериялар, флавобактериялар, көгілдір таяқша, алтын түсті стафилококк, стрептококк
|
Жасанды аппараттар
|
Грамм теріс бактериялар псевдомонадтар, алтын түсті стафилококк, стрептококк
|
Суда қолданылатын системалар (дымқылдатқыштар, вентиляторлар, ионизаторлар, дистилляторлар, инголяторлар, гемодиализге арналған құрал жабдықтар)
|
Грамм теріс бактериялар және оның токсиндері, ацинето бактериялар, аэромонадтар, клебсиела, гепатит В вирус
|
Антисептиктер
|
Грамм теріс бактериялар псевдо монадтар, флавобактериялар, ацинетобактериялар, клебсиелла
|
6.3 Жұқпалылардың таралу жолдары және механизмі
Жұқпалар даму үшін қоздырғыш жұқпа жкерінен әлсізденген иеге барады. Негізгі жұқпаның механизмі – артифициалдық таралуы. Қоздырғыштың таралу механизмі әр-түрлі жолдарымен, факторлармен байланысты (аурухананың пішінен, пациенттер контигентінен, емдеу диагностикалық процедуралар көлемінен).
ДДСҰ мәліметтері бойынша медициналық манипуляциялардың көлемі өсуде, оның 30% диагностикалық процедуралары болатын қанның анализі, зондтау, эндоскопиялар, пнкциялар. Емдеу процедураға жатады: қанның транссфузиясы, сыворотка, плазма, әр түрлі инъекциялар, жасанды дем қолдану, катетеризациялау т.б.
Инвазиялық медициналық процедуралардың тізімі жыл сайын медициналық технологиясының дамуымен байланысты толықтырылып отырады.
Артифициалдық механизмнен басқа жұқпалар ауыз, нәжіс, ауа тамшы, трансмиссивтық, қатынастық, кәсіби түрде таралады.
Достарыңызбен бөлісу: |