Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет45/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Зарарсыздандыру. СанПин N8.0101303 31/01/2003 ж бұйрық бойынша пациенттерге қолданылған бүкіл медициналық құрал — жабдықтарды зарарсыздандыру жүргізіледі. Осы шара біріншіден медициналық персоналды кәсіби уланудан алдын — алу үшін бағытталған. Әрбір дезинфекциялық ертіндінің, ұнтақты залалсыздандырылатын ыдыстарының қақпағы болуы тиіс. Медициналық құрал-жабдықтарды физикалық немесе химиялық әдістерің зарарсыздандырады.
Физикалық әдіс.
Зарарсыздандыру үшін келесі әдістерді жүргізеді;
А) қайнату тәсілімен

  • 2 % ас содасымен — 15 минут

  • дистилденген суда — 30 минут

Б) бу арқылы:

  • температурасы 110°С 20 - 25 минут автоклавта.

  • температура 110°С - 45 минут. ыстық ауамен.

Осы тәсілмен қаны жоқ шынылы заттарды, металдарды, силикон — резиналарды зарарсыздандырады.
Химиялық әдіс.
Емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал — жабдықтарды зарарсыздандыру үшін әйгілі ретінде химиялық әдісті қолданылады. Қолданылған құрал-жабдықтарды толығымен дезинфектанты бар ыдысқа салады, немесе арнайы контейнерлерді қолданады. Көбінесе колданылатын хлор аралас, асқын тотығы аралас, спирт, альдегит заттары, нәзікті болатын альдегид аралас заттар: Глутарал, Сайдекс, Гигасент, Лизоформин - 3000, Альдозон - 2000, Секусепс - форте т.б. Хлор аралас заттар тоттыққа тұрақтылығынан металлдарды, резиналарды, шыны пластмассаларды зарарсыздаңдыру үшін қолданылады.
Зарарсыздандырудың нәтижесіне әр түрлі факторлар әсер етеді:

  1. дезинфектантың физикалық— химиялық қасиеті,микроорганизмдерге деген әсері кабілеттілігі, тығыздығы, температурасы т.б.

  2. әр түрлі зарарсыздандыру заттарға микроорганизмнің биологиялық тұрақтылығы.

  3. микробтың жариялауы.

  4. Дезинфекциялық өңдеудің тәсілдері:дезинфектанты ашу,араластыру,салу.

  5. препараттың әсер ету уақыты.

Кейбір мейіркештер, кіші буынды қызметкерлер дезинфекциялық ертіңділерді төменгі концентрацияда колданады, сол себептен ауруханада микроорганизмдердің тұрақты штаммдары пайда болады. Жаңа дезинфекциялық заттар туралы толық бағдарлама білмегендіктен емдеу мекемелерінде дұрыс қолданылмайды. Құрал - жабдықтарды нақты дұрыс өңдеу үшін келесі параметрді білу тиіс;

  • жұқпалық процесті тоқтату үшін, зарарсыздаңдыру жалғыз ғана әдіс болып саналады.

  • Жұқпалы медициналық құрал - жабдықты кәсіби улануы алдын — алу үшін оны дұрыс технологиясымен істейді.

* Дезинфекциялық заттардың құрал — жабдықтарға, приборларға әсері нәзік болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет