Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Зарарсыздандыру түрлері және әдістері



бет42/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

6.8 Зарарсыздандыру түрлері және әдістері
Зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді:

  • Алдын алу;

  • Ошақтық,

Егер жұкпаның көзі болмаса қоздырғышты жою үшін алдын алу зарарсыздандыру жүргізіледі.
Оның мақсаты: жұқпа таралмау үшін алдын алуы шараларын қолдану.
Ошақтық зарарсыздандыру - жұқпалық ошақта жүргізіледі.
Оның мақсаты: жедел түрде жұкпаның қоздырғышын жою.
Ошақты зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: күнделікті және қорытынды.
Күнделікті зарарсыздандыру дегеніміз- жұқпа қоздырғышының көзі басынан аяғына дейін болуына байланысты жүргізіледі.
Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою.
Қорытынды зарарсыздандыру: пациент ауруханадан шыққанда, өлімге шалдыкқанда бір рет қана жүргізіледі.
Оның мақсаты: жұқпаның қоздырғыштарын толығымен жою.
Зарарсыздандыру түрлері




Механикалық

Физикалық

Химиялық

Биологиялық

Құрал-жабдықтардан,
күту заттардан-
жұқпалы
аурулардың қоз-
дырғыштарын
жою үшін қолданы-
латын әдіс:

  • Сілку

  • Қолды жуу

  • Үру

  • Желдету

  • Дымқыл

  • Ветошпен сүрту

  • дымқыл жинау

  • Кірлерді жинау

  • Айналдыра жуу.

Физикалық фак-
торлардың әсер
етуі.

  • Қайнау

  • Пастеризациялау

  • Күйдіру

  • Ультра—көкті қолдану

  • ыстық ауаның әсері.

  • Ыстық будың әсері.

Химиялық заттарды қолдану:
Антисептиктер
Дезинфектанттар

  • сүрту

  • жуу

  • суға малу

  • құрғақ

ұнтақпен себу.

Биологиялық
үрдісті қолдану
Табиғи жағдайда
микробтар ара-
сында антаго-
низмді қолдану.

Аралас. Бірнеше әдістерді қолдану




Зарарсыздандыру әдістері




6.9.Емдеу мекемелердегі қолданылатын дезинфектанттар
Емдеу мекемелеріндегі қолданылатын дезинфектантарлық заттарды зарарсыздандыру үш топқа белінеді:

  1. Медициналық құрал — жабдықтарды зарарсыздандыру.

  2. Бөлмелерді, жиһаздарды, пациенттердің күту заттарын зарарсыздандыру.

  3. Медперсоналдың қолын өндеу.

Көбінесе зарарсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің pН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген.
Эпидемияға қарсы зарарсыздандыру шараларының әсерін жетілдіру үшін дезинфекциялық заттарды дұрыс таңдап, медперсонал оның негізгі қасиеттерін, ерекшеліктерін білуге тиіс.
Қазіргі дезинфектанттардың арасында хлор аралас және асқын тотығын тәжірибеде қолданған тиімді.
Дезинфекциялық заттардың концентрациясын, уақытын таңдауы көп себептердге байланысты:

  • Дезинфекцияның талап ету дәрежесімен;

  • Микроб қоздырғыштың сезімталдығы деңгейімен және спектрімен

  • Дезинфекцияның жағдайымен,дезинфекциялы обьектінің түрлерімен:

  • Елдерге дезинфектанттардың жақпауымен;

  • Дезинфекциялық шараларының бағасымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет