7.2.Постағы мейіркештің қызметі.
Постағы мейіркеш пациенттерге күтім жасайды. Палаталардың санитарлық тәртібін қадағалап отырады. Дәрігердің нұсқауын уақытымен тіркеп орыңдайды. Мейіркеш дәрігермен обходка қатысып әрбір пациенттің жағдайын білуге тиіс.
Мейіркештің міндетіне кіреді:
Таңертен және кешке дене қызуын өлшеу, тамыр соғысын санау, қан қысымын өлшеу, тәуліктегі диурезін жинау және оларды нұскау қағазына тіркеу;
Палатаның тазалығын тексеру және халі нашар пациенттерге көмек көрсету
Пациенттерді әр түрлі анализдерге дайыңдау және лабораторияға апару;
Медициналық құжаттарды толтыру;
Пациенттерге тағам таруына қатысу;
Кіші буынды медицина қызметкерінің жұмысын
тексеру;
Аптасына бір рет пациенттің салмағын өлшеу;
Дәрілерді уақытымен тарату;
Пациенттерге алғашкы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Егер өзінің жұмысын дұрыстап атқармаса жауапқа тартылады
7.3.Емдеу мекемесіндегі жұмыс тәртібі.
Ішкі ауруханалық жұқпалардың алдын алуы - бөлмелердегі ауаның жайылуын төмендетуге бағытталған. Сондықтан бөлмедегі санитарлық өңдеуін жүргізу және ультракөкті қолдану санитарлық-эпидемияның тәртібінің маңызды компонеті болып саналады.
Санитарлық өңдеу дегеніміз- емдеу мекемелердің ішідегі заттарды шаңшаң, қоқыстан, биологиялық сұйықтықтың жиыңдығынан тазалау. Санитарлық өндеу жүргізу үшін тек қана Казақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат еткен дезинфекциялық ертіңділерді қолданады. Барлық бөлімшелер, инвентарлар кұрал — жабдықтар таза болу тиіс. Залалсыздандыруды жүргізу үшін емдеу мекемелердің, бөлімшелерінде келесі дезинфекциялық ерітінділерді қолданады
2. ТАҚ-төрттік-аммоний қосындары, гуанидтық қосындар, аминдер
Хлорбелсенді және асқын тотығы жуғышы бар дезинфектанттар.
Бөлімшедегі санитарлық өндеуді жүргізу, және жуғыш немесе дезинфекциялық заттарды қолдану қажеттілігі, емдеу мекемелердің пішінінен және нақты бөлмелердің функциональды белгісінен байланысты. Хирургиялық, стоматологиялық тану бөлімшелеріне, акушерлік кабинеттерге, белсенді терапияға, балалар бөлімшелеріне санитарлық өндеуіне қатаң талаптар беріледі. Нормативтық құжаттар бойынша әр бір емдеу мекемелерінде тәулігіне 2 рет дымқыл жинау жүргізіледі. Қорытынды жинауы график бойынша өткізіледі.
Жұқпалық саласында — 7 — 10 күнді бір рет
Терапия, неврология бөлімшелерінде айына бір рет
Хирургиялық және гинекология саласыңда 7күнде бір рет.
Барлық салаларда процедура бөлімшесінде 7 күнде бір рет.
Ванналық бөлімшелерде, дәретханаларда т.б. бөлімшелерде 10
15 күнде бір рет.
Дезинфекциялық ертінділерді арнайы вентиляциясы бар бөлмеде дайындайды. Медициналық персонал арнайы киімдермен: халат, калпак, маска, резеңке қолғап, респиратор, қорғанышты көзілдірікпен жұмыс істейді. Дезинфекциялық ертіндісің жасау үшін өлшегіш қасықтар немесе стакандар, шприцтерді қолданады. Кейбір дезинфекциялық ертінділер флаконда шығарылады. Керекті концентрация жасау үшін сумен, дезинфекциялық ертіндінің қатынастық талабын сақтап отырады. Дезинфекциялық ертіндіні дайындағаннан кейін қақпақпен жауып жеке арнайы жерге сақтайды. Бөлмелердің ішін (қабырға, есік, пол т.б.) шашу немесе сүрту тәсілдерімен залалсыздандырады. Кейбір жерлерің насос арқылы аэрозолдық тәсілмен немесе гидропульт арқылы залалсыздандырады. Осы тәсілмен жұмыс істегенде біріншіден: медициналық персонал қауіпсіздік ережесін сақтайды: қорғаныш киім, респиратор, қорғаныш көзілдірік, резеңке қолғап.
Екіншіден: өндеу жүргізгенде пациентгер болмау керек.Микробтың ұрықтарын төмендету және аэрогенді жұкпаларды жою үшін ультракөк бактериоцидтық аппаратын қолданады. Барлық жинау инвентарлар санитарлық бөлмеде сақтанылады. Инвентарлардың барлығы маркирленген болу тиіс. Жұмыстың аяғында, барлық жинау инвентарды дезинфекциялық ерітіндісімен залалсыздандырады. Кіші буынды медициналық персоналдың дезинфекциялық ертінділердің тиімді қолдануын, күту заттардың залалсыздандыруын, жинау инвентарьн күнделікті, қорьггынды залалсыздаңдыруын орынданғанын бөлме мейіркеші тексеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |