Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Пациентті төсекке жайғастыру



бет63/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

8.4 Пациентті төсекке жайғастыру
Пациенттің төсекте ыңғайлы жатуы оның тек қана жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар кейбір ауруларда мүгедектікке әкелетін қайтымсыз жағдайлардан сақтайды. Егер пациент толығымен қозғала алмаса, онда мұндай пациенттерді төсегінде екі сағат сайын қозғап ыңғайын ауыстырып отыру керек.


Фаулер жағдайы бойынша пациентті жайғастыру.
(мейіркеш орындайды)
Пациенттің амалсыз енжарлы жағдайында функционалды немесе қарапайым кереуетте (сонымен қатар гемиплегияда, параплегияда, тетраплегияда) орындалады.

  • Пациентке алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз;

  • Қоршаған ортаны және пациент жағдайын бағалаңыз;

  • Жастықты дайындап, көрпешіктерден жасалынған жастықшаларды, аяққа арналған тіреуіштерді;

  • Мейіркеш өзі тұрған жағындағы кереуеттің тұтқаларын түсіріңіз;

  • Пациенттің төсек ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз;

  • Кереуеттің басын 45-60 градусқа көтеріңіз немесе үш жастық салыңыз;

  • Жастықта немесе бүктелген көрпешікті пациенттің аяғының астына салыңыз;

  • Басына кішкене жастықша салыңыз;

  • Білегінің және қолының, басының астына жастықша салыңыз (егер пациент өздігімен қолын қозғалта алмаса).

  • Білегі және қолының қоспасы көтеріңкі және алақаны төмен қарап жатқызыңыз;

  • Пациенттің белінің астына жастықша салыңыз;

  • Өкшесіне жастықша салыңыз;

  • Табанын 90 ұстап тұру үшін тіреуіш жасаңыз;

  • Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз;

  • Кереуеттің тұтқаларын көтеріңіз;

  • Қолды жуыңыз;



Симс жағдайында пациентті жайғастыру
Алдағы процедураға пациентті дайындау:

  • Алдағы процедураны түсіндіріп, келісімін алыңыз;

  • Қоршаған ортаны және пациент жағдайын бағалаңыз;

  • Керуеттің тежегішін бекітіңіз;

  • Қосалқы жастықтарды дайындаңыз. Аяқты тіреуге арналған жастықшаларды, ½ резеңке допты дайындаңыз;

  • Мейіркеш өзі тұрған жағындағы кереуеттің тұтқаларын түсіріңіз;

  • Төсектің бас жағын көлденең жағдайға келтіріңіз (немесе жастықтарды алып тастау);

  • Пациенттің арқасымен жатқызыңыз:

  • Пациентті төсектің шетіне жатқызыңыз;

  • басына кішкене жастықша салыңыз;

  • Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз;

  • Кереуеттің тұтқаларын көтеріңіз;

  • Қолды жуыңыз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет