Тері тесілуінің алдын алу.
Терінің тесілуі- көлденен жағдайда және қозғалыссыз отыру жағдайларында ұзақ уақыт бойы болатын әлсіреген пациенттерде пайда болады.
Терінің тесілуі- тері асты жасушыларымен бірге терінің басқада жұмсақ тіндерінің өлуі.Терінің тесілуі әдетте ауыр халдегі әлсіреп жатқан пациенттенрдің арқасында пайда болады(жауырын аймағында,шынтақ,өкше,желке тұстарында). Пациент ұзақ уақыт бойы бі қырымен жатса,онда терінің тесілуі мықым және тізе буындарында пайда болады.Пациент ұзақ уақытта отырған бір қалыпты жағдайда болса,онда терінің тесілуі құйымшақ және құйымшақ аймақтарында кейбір жағдайларда ауыр көрпенің батуынан аяқ саусақтарында да пайда болады.
Тері тесілуініңдамуының алдын алуға болады ма?Өкінішке орай ауыр халдегі қимылсыз жатқан пациенттедің көбісінде терінің тесілмеуі мүмкін емес деген пікірлер айтылуда.Мұндай жағымсыз болжамдар терінің тесілуі қаупінің дамуының оның даму механизмдерінің және де емдеу және алдын алу әдістерінің ескіргенімен байланыстырылады.
Бүгінгі күнде мейіркештік ғылым терінің тесілуін емдеу мен алдын алудың қолданатын тиімді тәсілдері туралы мағлұматтарға ие болып отыр.
Терінің тесілуінің алдын алудың жүйелік бағдарламасының мақсаты:
терінің тесілу қаупінің даму аймағындағы пациенттерді анықтау.
Терінің тесілудің ескерту және жазылуына мүмкіндік туғызу.
Пациенттерді және оның туысқандарын тесілудің алдын алудағы емдеу принциптерін оқыту.
Пациенттерді және оның туысқандарын тесілудің алдын алуға және көрсетілетін күтім принциптерін оқыту;
Терінің тесілуіне негізгі үш фактор әсер етеді.
Бірінші фактор пациентке түсетін физикалық қысым.Пациенттің төсек пен тері тіңдерінің және денесіндегі шығыңқы болып келген сүйектерінің арасына түсетін физикалық қысым.Бұл қысымдар ауы төсектің,тану байламдарының,отырған қалыпты пациенттің аяқ киімінің әсерлерінен күшейен түседі.
Екінші фактор кесіп тастайтындай күш.Тіндердің механикалық жарақаттануы және бұзылуы төсек үстінде тері тіндерінің жылжуы әсерінен пайда болатын қысымнан пайда болады. Егеде пациент өз күшімен немесе туысқандарының,медициналық қызметкерлердің көмегімен төсекте жылжыту техникасын дұрыс орындамаса тері тіндерінің жылжуы байқалады.Бұл факторлар тері тіндерінің тура физикалық қысымы түскендегідей терең жарақаттануына әкеледі, кейбір асқыну жағдайларында бұлшық ет талшықтарының және лимфа тамырларының үзілуіне әкеліп соғады.
Үшінші фактор қажылу.Терінің мүйізді қабатының қабыршақтанып,үстінгі қабаттың жаралануын тудырады.Терінің қажалуы оның дымқыл болған кезінде аса түседі.Бұндай жағдайлар аса тершен,зәрін ұстай алмайтын,дымқылды сіндірмейтін киімдер киген және қажетті күтім көрсетілмеген пациенттерде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |