Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Қан қысымын өлшеудің мейіркештік технологиясы



бет90/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

12.2.Қан қысымын өлшеудің мейіркештік технологиясы
Артериялдық деп - ағзадағы артерия жүйесінде, жүрек жиырылған кезде пайда болып және нервтің гуморальдық күрделі реттелуден, жүректің қаңды айдау жылдамдығынан және шамасынан, қан тонусының жиілігінен және ырғақтылығынан тәуелді болатын қан қысымын айтады.
Қан қысымы систолдық және диастолдық қан болып екіге бөлінеді.
Систолдық деп - жүрек қарыншаның жиырылуына байланысты қан қысымын атайды.
Диастолдық деп - қарыншаның босауына байланысты қан қысымын атайды.
Пульстік қан қысым деп систолдық және диастолдық қан қысымдарының арасындағы айырмашылықгы атайды.
Қан қысымын танометр жабдығымен өлшейді. Танометрлердің бірнеше түрлері болады: сандык, сынаптық, сфигмоманометрлік.
Электрондық(дауыссыз) танометрмен қан қысымын өлшегеңде мынандай факторларды есепке алу керек: манжетканың размерін, фонендоскоп, мембрананы т.б. Норма бойынша қан қысымы адамның жасымен, сыртқы факторлардан, нервтік, физикалық күштен байланысты болады.
Ересек адамдардың: систоликалық қан қысымы 120/129 мм. с.б., диастоликалық 80/84 мм с.б., пульстік қан қысымы норма бойынша 40-45 мм с.б.б. болады. Әр түрлі жағдайда қан қысымының қалыпты көрсеткіштері өзгереді,оны артериялдык гипертензия немесе гипертония деп атайды. Қан қысымы төмендесе артерия ішілік гипотермия немесе гипотония деп атайды.
Мақсаты: Қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру.

  1. Пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз;

2.Мақсатын,мағынасын түсіндіріп,пациенттің келісімін алыңыз;

  1. Керекті жабдықтарды дайындаңыз;

  2. Қолды жуып, құрғатыңыз;

  3. Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз;

  4. Қолын дұрыстап салып, астына жастықша салыңыз;

  1. Манжетканы иығына салып, трубкаларын төмен қаратыңыз;

  2. Манометрді манжеткамен жалғаңыз;

  3. Манометрдің көрсеткіші "0"- де болуы керек.

  4. Фонендоскопты білек шұңқырына салып, грушаның бұрандысын жауып ауа жіберіңіз;

  1. Бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз;. Тамыр соғуының
    жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз;

  2. Толығымен барлық ауаны шығарыңыз;

  3. Процедураны 5 минуттан кейін қайталаңыз;

  4. Манжетканы шешіңіз;

  5. Манометрді қапшыққа салыңыз;

  6. Фонендоскопты екі рет 70% спиртпен сүртіңіз;

  7. Систолдық пен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз;

18. Қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:

  • Қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге болмайды.

  • Қан қысымын өлшер алдында 30 минут бұрын шылым шегуге болмайды.

  • Дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды.

  • Қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді.

  • Қан қысымын 3 рет аралығы 1 минуттан өлшеп ортаңғы санын алады.

  • Қан қысымын өлшегенде манжетканың тығаздығы 1 саусақ сиятын болады және шынтақ шұңқырынан 1 см жоғары болу керек.

  • Манжетканы жүрек тұсына дәл келтіреді.

  • Егер пациент бірінші рет қан қысымын тексертіп отырса, оңда екі
    қолынан өлшеп қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады.

  • 65 жастан асқан қан диабеті бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет