Индифферентті және жылы ваннаны- пациенттің ұйқысы бұзылғанда, нерв жүйелері өте қозғыш болған жағдайда /нервоз/, тері аурулары немесе қышымасы пайда болғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау мерзімі 20-30 мин.
Ыстық ванна - ванның бұл түрін созылмалы буын ауруына шалдыққанда, нерв ұштары қабынғанда, зат алмасу процессі бұзылғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау ұзақтығы 5-10 мин.
Салқын ваннаны – нерв жүйесі бұзылғанда, көңіл-күйі қобалжығанда, ұйқы бұзылғанда пайдаланады.
Ыстық ваннаға қолдың, аяқтың буындары ауырғанда 20-30 минуттай батырып отырады.
Суық ваннаны дененің бір мүшесі жаңа зақымданғанда, сіңір созылғанда ваннаға 5-10 минут батырып отырады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Дәрісіз емдеудің маңыздылығын түсіндіріңіз?
Дәрісіз емдеудің түрлерін атап шығыңыз?
Жылы компресс қою әдісін айтып көрсетіңіз?
Қыша, оның түрлерін атап, қою әдісін көрсетіңіз?
Оңқа қою әдісін, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтып, көрсетіңіз?
Суық компрессті қолдану ережесін атап шығыңыз?
Жылытқышты қолдану ережесін атап шығыңыз?
Мұздатқышты қолдану, қолданбау ережесін атап шығыңыз?
Ванналардың қолдану қасиеттерін түсіндіріңіз?
Сүлік салу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?
12.ПАТЦИЕНТТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
12.1.Тамыр соғысын және оның мінездемесі
Тамыр соғысы артериялық,капилляр,веноздық болады.
Артериялық тамыр соғысы-ол артерия қабырғасының ырғағымен соғу,қанның жүрек жиырылған кезіндегі артерия жүйесіне лақтырылуы.Тамыр соғысы орталық(орта ұйқы артериясында)және перифериялық (шеткерлік) түрлеріне бөлінеді. Диагностикалық мақсатпен тамыр соғысын иықтық, самайлық, шаптық, тізлек артериялардан анықтайды. Көбінесе тамыр соғысын сәуле артериясында өлшейді. Тамыр соғысын зерттегенде, оның жиілігін, ырғақтығын, толуын, тоғысуын, анықтау манызды. Тамыр соғысының мінездігі артерия қабырғасын икемділігімен байланысты.
Жиілігі-тамыр смоғысының минуттағы толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет.
Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60-тан төмен) болса, оны брадикардия диді. Егер дене құызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |