14.4.Физиологиялық жансыздандыру әдістері.
Инъекция жасау нәтижесі жансыздандырудан және мейіркештің жұмысына байланысты:
Мейіркештің таза - тиянақты болуы.
Процедура бөлімшесінің таза болуы.
Нәтижелі медициналық құралдар (ине өткірлігі).
Дәріні пациенттің қатынасуынсыз ампуладан дайындап алуы.
Инъекцияның орнын дұрыс тандап алу.
Пациентке инъекция жасар алдында хабарлау.
Тоңазтқыштардан дәрілерді бөлме температурасына дейін жылыту.
Дәріні абайлап, баяу жіберу.
Процедура бөлмесін желдету, уақытымен жинау.
Әр түрлі жансыздандыру әдістерін қолдану.
Инъекция жасайтын орындардың жансыздандыруын үш әдіспен орындауға болады:
1 әдіс: Саусақпен басу инъекңия жасайтын жерін 10x10 см көлемде
спиртпен сүртіп алып, екінші мақта шаригімен терендігі 1 см - ге дейін
10 сек басып тұрады. Содан кейін мактаны алып, сол жерге дәріні жібереді.
2 әдіс: Инъекция жасайтын жерді кең аймақта 10x10 см спиртке
малынған шаригімен сүртіп үлкен бас бармағымен және екінші саусағымен
теріні тереңдігі 1 см-ге дейін 2 - см-ге тартады да орның екінші
спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп инъекция жасайды.
3 әдіс: Осы әдіс бойынша шынылы немесе пластмас трубкаларды
қолданады (көбінесе инелердің кақпакшаларын қолданады). Жалпы
және жергілікті аймакта спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп
трубканы терендігі 1 см — ге дейін 10 секунд басып соның ішіне
инені салып дәріні жібереді, содан кейін инені, трубкамен қоса алып тастайды.
14.5.Тері ішіне ине салу әдісінің мейіркештік технологиясы
Тері инъекцияны диагностикалық мақсатпен жасайды: мысалы: туберкулин – Манту реакциясын аллергиялық пробаларды. Инъекция жасайтын орны — қолдың ішкі ортаңғы бөлігі. Дәріні терінің эпидермальдық қабатына 0,1 - 1 мм - ға дейін ертіндіні жібереді.
Антибиотигі бар флаконды, инъекцияға арналған суды,
стерилденген мақта шариктерін, 70 % спирт, резенке қолгап, сызғыш
және 1 мл — лық шприц дайыңдаңыз;
Антибиотикті инъекциялық сумен немесе физиологиялық
ертіндісімен (100 000 Б — 1 мл — ге) ерітіңіз;
Шприцпен 0,1 мл антибиотик ерітіндісін сорып алыңыз;
Ине салатын орның спиртке малынған мақта шаригімен кең
және жергілікті аймақгы екі рет сүртіңіз;
Спирт құрғағанша тосыңыз;
Сол қолыңызбен теріні тартып, оң қолыңызмен шприцті иненің
тесігі жоғары қарап тұрған бойы терінің ішіне 1 мм - ге дейін кіргізіңіз;
Ине салған жерде "лимон сырты" тәрізді түйме пайда болады;
Мақта шаригін алмай инені алыңыз;
30 мин-тан кейін сынақ сипаттамасын беріңіз;
Егер гиперемия 0,5 см артық болса, онда сынақ күдікті болады, қалыпты жағдайда ешқандай реакция болмау керек;
Қолданған шприцпен инені контейнерге жою үшін салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |