Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Көк тамырға дәріні енгізудің мейіркештік технологиясы



бет108/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

14.9 . Көк тамырға дәріні енгізудің мейіркештік технологиясы
Жедел түрде көмек көрсету үшін кейбір жағдайда көктамырға дәріні жібереді. Көбінесе шынтақтың ішкі жағындағы тамырларға жібереді.
Әзірлеңіз: 20мл-лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70%-тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска.

  • Қолды жуып,стерилденген резеңке қолғапты киіңіз;

  • Пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

  • Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшанышынтығына қойыңыз;

  • Шприцке дәріні сорып дайындап алыңыз;

  • Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жумыс істеуін сұраймыз.

  • Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шарігімен сүртіп алыңыз;

  • Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз ( венаны тұрақты қылу үшін);

  • Бірінші теріні, екінші венаны тесіп шприцтің поршенін артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз;

  • Пациент жұдырығын босатып, жгутты шешіңіз;

  • Дәріні жайлап жіберіңіз,

  • Үшінші мақта шарігімн иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз;

  • Пациентке мақта шаригін 5 -10 минут ұстауын сұраймыз;

  • Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа 1сағатқа салыңыз;

  • Шприц пен инені контейнерге жою үшін тастаңыз.



14.10. Система арқылы көк тамырға сұйықтықтарды еңгізудің мейіркештік технологиясы
Әзірлеңіз: бір рет қолданатын система пакеті, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70%-тік спирт, лоток, жгут, жастықша, маска, пинцет.

  • Қолыңызды жуып, резеңке қолғап , масканы киіңіз;

  • Пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

  • Пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаны шынтағына қойыңыз;

  • Дәрісі бар флаконды дайындап алыңыз;

  • Дәрісі бар флаконның сыртындағы қағазына қарап атын оқыңыз, мерзіміне, түсіне назар аударыныз ;

  • Флаконның сыртқы қақпақшасын спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен сүртіп пинцетпен ортасын ашыңыз;

  • Тағы да спиртке малынған стерилденген мақта шаригімен резеңке үстің сүртіп алыңыз;

  • Системасы бар пакеттің мерзімінің, тұтастығын тексеріңіз;

  • Қайшымен пакетті кесіп системаны алыңыз;

  • Иненің қақпақшасын шешіп флаконға кіргізіп ауа шығаратын тесігін ашыңыз;

  • Флаконды штативке бекітіңіз;

  • Тамшылаткышты көлденен қойып, ортасына дейін сұйықтықты толтыру үшін бұранданы ашыңыз;

  • Бұрандасын жауып тамшылатқышты қалпына келтіріңіз;

  • Бұрандасын ашып бүкіл системаға сұйықтықты жіберіп ауасын шығарыңыз;

  • Бұрандасын жауып, иненің қақпақшасын кигізіп штативке іліп қойыңыз;

  • Жгутты иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз;

  • Венаны анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10см және жергілікті 5х5см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (венаны тұрақты қылу үшін);

  • Бірінші теріні, екінші венаны тесіп қанның бар екенін анықтаңыз;

  • Пациент жұдырығын босатып жгутты шешіңіз;

  • Системаның бұрандасын ашып тамшыны жайлап жібереміз;

  • Инені лейкопластырмен бекітіп, стерилденген дәкемен жауып қойыңыз;

  • Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

  • Система аяқталған кезде бұрандасын жауып лейкопластырды алып тастаңыз;

  • Үшінші мақта шаригімен иненің үстіне салып инені суырып алыңыз;

  • Пациенттке маұта шаригін 5 -10минут ұстауын сұраңыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа 1сағатқа салыңыз;

  • Системаны контейнерге жою үшін тастаңыз;

  • Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет