Мейіркеш маманының міндеттері:
пациенттерді күте білуі;
балалардың, қартайған кісілердің үйінде, емханадағы жағдайына баға бере білуі және оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу;
жасанды тірілтудің әдістерін қолдана білу;
күрделі манипуляцияларды орыңдай білу;
дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуін білу;
пациенттерді және емдеу-диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу;
дәрет анализдерін талдай білу;
халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету;
аспаптарды, материалдарды залалсыздандыру және зарарсыздандыруын білу;
медициналық құжаттарды толтыру;
санитарлық-ағарту жұмысын жүргізе білу;
медициналық этикамен деонтологиялық ережелерін орындай білу.
Мейіркеш өз жұмысында, тек қана моральдік жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді, мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, кұрамында наркотик бар дәрілерді ұрлаған және сатқаны үшін, заңсыз дәрігердің қызметін атқарғаны үшін, керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.
1.3. Қазақстан Республикасыңда денсаулық сақтау жағдайы және реформалау мәселелері
Әлеуметтік өрістегі өндірістердің мәселері бірыңғай, мысалы қаржыландырудың жетіспеушілігі, кеңес үкіметінен қазіргі заманға сай емес жүйенің мұра болып қалуы, жалпы әлеуметтік экономикалық жағдайлар.
Халықтың денсаулығының жағдайы — қоғамдық дамудың индикаторы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық және гигиеналық сәтті дамуының бейнесі ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық, еңбек, мәдениетінің қуатты потенциалы, жақсы тұрмыстың факторы мен компоненті.
Денсаулық көрсеткіштері болып қоғамның жағдайы мен дамуының индикаторы саналғанмен де, қоғамдағы жағымды немесе жағымсыз болып жатқан процестерге дер кезде сергек әсер етіп отырады. Халықтың денсаулығының деңгейі мен сапасы демографиялық көрсеткіштерінде бейнеленетін, әрбір елдің тұрмыстық деңгейінің, сонымен қатар еркендеу дәрежесін көрсетеді.
Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер адам денсаулығына жағымсыз әсерлерін тигізіп жатады. Халықтың санының қарқыны төмендеген, егер 1970 ж—40% болса кейінгі жылдары 1,7%- туып көбеюшілігі төмеңдеді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің демографтардың және эксперттердің болжауынша егер де осындай тенденсиялар сақталынса, өлім-жітім туу көбеюшілігінен басым түсіп, депопуляция процесі басталады. Қазіргі уақытта бұл процесс Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарыңда және Алматы қаласында орын алып отыр.
Мемлекеттің әлеуметтік жағдайын бейнелейтін көрсеткіштердің бірі балалар арасындағы өлім болып табылады. Бұл көрсеткіш жоғары көтерілмесе де төмендеу теңдециясын көрсетпейді.
Кейінгі жылдары Қазақстаңда жалпы аурулар бойынша статистикалық мәліметтердің төмендеуіне бірқатар емдеу мекемелерінің жабылып немесе қайта түрлендірілулері себепкер болып отыр.
Әйелдер денсаулығын алғанда - әрбір екінші әйел қан аздық, әрбір алтыншы әйел бүйрек ауруларымен ауырады.
Республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тікелей халықтың денсаулық деңгейіне әсер етеді. Ең негізгі себепкер - жергілікті халықтың жылдан жылға ауыз суының төмен сапада қолдануы.
Осындай себептерден Қазақстан Республикасы халқының арасында орташа өмір сүру көрсеткіші төмендеп, еңбекке жарамды жас кезінде жүрек-тамырлар және қатерлі ісік ауруларынан, улану және жарақаттан, қайғылы оқиғалардың салдарынан өлім саны көбейіп, денсаулықтың белгілі бір тұрпайы түрі қалыптасты.
Осы проблемаларды мемлекеттің денсаулық сақтау саласында реформалау бағдарламасын енгізбей шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту болып табылады.
Бағдарламада халықтың денсаулығын қолайлы жағдайларда өзгертудің басым бағыттары айқын анықталған.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарына жету үшін келесі мәселелерді іске асыру керек:
Алғашқы медико-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету, халықтың белсеңді шығармашылық өмірін ұзарту - әлеуметтік саясатпен мемлекеттік стратегияның негізі болып саналады.
Балалар арасында өмір сүру ұзақтығын ұзартуға қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету.
Халықтың арасында-салауатты өмір сүру туралы насихат тарату, спортпен, шынықтырумен айналысу, гигиеналық дағдыларды сақтау, жанұялық салттарды қайта туғызу.
Жұқпалы аурулардың, ауру-сырқаулығын, өлім - жітімнің азаюы,
Жиі кездесетін инфекцияларды Қазақстан территориясында жайылуының алдын алу, оның әлеуметік - экономикалық саясатқа тигізетін зиянын азайту.
Туберкулез ауруының таралу және өлімге әкеліп соғуын төмендету, ғылыми-зерттеулер, емдік-диагностикалық, әдістемелік алдын алу шаралар кешенін координациялау.
Денсаулық сақтау бағдарламасын реформалау. Сондықтан да Мемлекеттің
Достарыңызбен бөлісу: |