Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет3/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Төртінші әрекет:

  • Мейіркештік практиканың дамуы зерттеулердің негізіңде жүзеге асырылады.



1.2. Денсаулық Сақтау Ұйымы бойынша алғашқы
медико- санитарлық көмек көрсету мақсаттары

  1. Аурудың алдын алуы, денсаулықты сақтау және күшейту.

  2. Адамның өз денсаулығына жауап беретіңдігіне сеңдіру.

  3. Медициналық көмекті тиімді қамтамасыз ету.

  4. Мейіркешті дайыңдау үшін мейіркеш білім құралдарын өзгерту.
    ДСҰ негізгі мақсаты - 2030 жылға дейін Дүние жүзінде денсаулық деңгейін көтеру. Қазіргі уақытта ұйым аурулардың алдын алу шараларының жүргізілуіне көп көңіл бөлуде, оның ішінде әсіресе алғашқы көмек көрсетудегі мейіркеш ісі мамандарының қызметін күшейту болып отыр.

2002 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінде бекітілген бағдарлама бойынша орта мейіркеш маманының 0407002 "Мейіркеш мамандығы" бойынша келесілерді білуі қажет:
I. Мейіркеш маманын емхана, алдын-ала сақтандыру мекемелеріне жұмыс атқаруға тағайындайды.
ІІ. Маманның жеке басына қойылатын талаптар:

  • Ұжымда ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу;

  • Еңбекқор, адамгершілік қасиетіне ие болуы керек;

  • Отанын сүйгіш;

  • Халықаралық ынтымақтастықты дамытатын адам болуы тиіс;

III. Келесі кәсіптік міндеттері:

  • Пациенттердің ауруының алдын алу, емдеу-диагностикалау шараларын жүргізуге;

  • Халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинауға;

  • Біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысуға;

  • Халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білуге;

  • Жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін мүлтіксіз орындауға;

  • Санитарлық ағарту жұмысының түрі мен әдістерін білуге;

  • Кейбір жиі кездесетін ауруларында, пациенттерді күту әдісін, жасанды тірілту шараларының негізгі түрлерін білуге;

  • Асептика мен антисептиканың ережесін, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақтау тәртібін білу;

  • Медициналық этика мен деонтологияны, денсаулықты алдын-ала сақтаудың негізгі жағдайларын білу;

  • Халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет