Б/Т «МИКС» әдісі арқылы 3 топқа 3 түрлі тапсырмалар беріледі.
Т 1- топ: Тапсырма. Картамен жұмыс.
-Тақырыптық картаны пайдалана отырып,1-контур картаға Андронов мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
-2-контур картаға Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін белгілеп көрсетіңіз;
Дескриптор:
1.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің орналасқан жерін картада көрсетеді;
2.Қола дәуірі тұсындағы басқа мәдени ескерткіштерді картада белгілейді.
Т 2- топ: Тапсырма. Кестемен жұмыс.
Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетін салыстырады, ерекшеліктерін анықтайды. Өз жауаптарын дәйектер келтіре отырып қорытындылайды.
Андронов мәдениеті
|
ұқсастығы
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
|
|
|
|
қорытынды:
|
Дескриптор:
1.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің ұқсастықтарын табады (кем дегенде 3-5-еуін табады);
2. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің айырмашылықтарын табады (кем дегенде 3-5-еуін табады).
Т 3- топ: Тапсырма. «Ой толғау»
Төмендегі дәйексөздерді қолдана отырып, «Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері » тақырыбына 50-70 сөзден тұратын ой толғау жазыңыз.
-Андронов мәдениеті;
-Беғазы-Дәндібай мәдениеті;
-жертөлелер;
-абыз;
-қоныстар;
-кремация;
-қыш ыдыстар;
-артефактілер.
Дескриптор:
- Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің тарихымызға тигізер ықпалын салыстырады;
- « Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері» тақырыбына критерийге сәйкес 50-70 сөзден тұратын ой-толғау жазады.
Барлық топты бағалау. Бағалау критерийі:
1.Тақырыптың ашылуы, нақтылығы
2. Қызықты фактілердің келтірілуі
3. Белгілі бір деректерге сүйенуі
ҚБ «Жұлдызшалар» арқылы топтар бірін-бірі бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |