Мектеп жанындағы «балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары



бет2/2
Дата20.06.2022
өлшемі29.24 Kb.
#459378
түріСабақ
1   2
Мектеп жанында ы «балдаурен» жаз ы сауы тыру лагеріні ж мыс жос

Лагерьдің негізгі міндеттері:
Ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;
Оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттылықты қалыптастыру;
Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
Оқушылардың салауаттылық өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
Оқушыларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту;
Оқушылардың лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін, дербестігін және өнерлерін шыңдау;
Лагерь жұмысын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:
Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі;
Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
Балалардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әрекетте өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі;
Күтілетін нәтиже:
Жазғы демалыстың, сауықтырылудың, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың пайдасын асыру;
Оқушылардың физикалық және психологиялық көрсеткіштерінің жақсаруы;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортамен, қоғаммен, және өзімен қарым -қатынасының дұрыс қалыптасуы;
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына медико-физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық бақылауды жандандыру;
Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы;


Күні


Өтетін іс-шара


Жауаптылар


Өтетін уақыты

20.04.21

«Қош келдің балақай!». Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен танысу. (Балаларды қарсы алу)



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-9.30



Топқа бөлу, топтың атын ойластыру және төсбелгі тағу



Болатова А. Ж

9.30-11.00



«Мақтанышым- Астанам» көрме



Кітапханашы Тасболатова Г.К.


11.30-12.00


Демалыс алаңының ашылуы


«Армандар орындалады» тілектер жазылған шарларды әуеге ұшыру

Алимова М. С


Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.00-13.00



21.04.21

Балаларды қарсы алу



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-9.30


«Тарих-тағылым» Астана қаласының тарихы туралы мәліметтермен таныстырып, видеоролик көрсету.



Алимова М. С


9.30-10.10


Ашық аспан астындағы ойындар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж


10.10-11.20



«Астана балалар көзімен» асфальтқа сурет салу

Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.20-12.00


«Сақ бол балақай!» Жазғы уақытта болатын, әртүрлі зиянды жәндіктерден сақтану жолдарын түсіндіру. Баяндама


«Музыкалық сағат» (отрядтың әндерін үйрету)


Мустафина А. М


Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.00-12.30


12.30-13.00

22.04.21

Оқушыларды қарсы алу


Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-9.30



«Астана тарихы-менің тарихым»тәрбие сағаты



Шарипхан Б




9.30-10.10



«Біздің болашағымыз ұрпақ қолында». Стилистер, дизайнерлер, модельерлер сайысы

Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.10-11.00



«Зияткерлік ойындар» ребус, сөзжұмбақтар шешу

Ашық аспан астындағы ойындар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.00-11.40


11.40-13.00



23.04.21ж

Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00


«Үш тілді білу – заман талабы» ағылшын тілі сабағы



Саликова Гулнар Макеновна


10.00-10.40


«Алақай, жаз!»сурет сайысы субояумен сурет салу


Болатова А. Ж


10.40-11.30


Ашық аспан астындағы ойындар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.30-12.30


«Музыка бізді біріктіреді» Караокемен ән айту



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.30-13.00



24.04.2021ж


Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00


«Шебер қолдар» әр түрлі заттармен бұйымдар жасау



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.00-11.00



«Уақыт машинасымен бұрынғы Астанаға» видеороликті көре отырып, қимыл-қозғалыспен Астанаға саяхат

Болатова А. Ж

11.00-11.40



Табиғат аясына серуен

Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж


11.40-13.00












25.04.2021 ж

Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж


9.00-10.00



« Үш тілді білу – заман талабы» орыс тілі сабағы



Ермагулова Г. Б

10.00-10.40


Ашық аспан астындағы ойындар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.40-11.20


«Біз шетінен бишіміз» сайыстық би бағдарламасы


«Біздің қолымыздан барлығы келеді» аспаздық сайыс.



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.20-12.00


12.00-13.00

26.04.21




Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00

«Мұражай-тарих айнасы» қалалық мұражайға саяхат



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.00-13.00



27.04.2021

Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00

«Үш тілді білу – заман талабы» ағылшын тілі сабағы



Кенжалина Р. С


10.00-10.40


« Актерлік шеберлігімізді шыңдаймыз» әр түрлі тапсырмалар беру арқылы, балалардың қатысуымен қызықты сайыс.



Алимова М. С


10.40-11.30



Ертегілер әлеміне саяхат





Алимова М. С


Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.30-12.20


Спорттық ойындар жарысы



Алимова М. С


Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.20-13.00


28.04.2021ж


Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар





Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00


«Бантиктер сайысы» топтық сайыс



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.00-11.00


Логикалық қызықты тапсырмаларға жауап іздеу ойыны



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.00-12.00


Эстафеталық жарыс «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз»



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.00-13.00



29.04.21ж


Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар





Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

9.00-10.00




«Негеш» клубында кездесу.



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

10.00-11.00


Велосипедшілер жарысы



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

11.00-12.00


«Қош бол, лагерь!!!» 2-маусымның жабылу салтанаты



Алимова М. С
Шарипхан Б
Болатова А. Ж

12.00-13.00





Сауықтыру лагерінде ойнатылатын
Ойын ттүрлер
Топпен орындалатын ойын түрлері
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс– әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген.
Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты — баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.
🔴Қырық аяқ». Қажетті нәрселер: ағаш, губка.
Ойыншылар бір қатарға тұрады, ойыншылардың оң аяқтары ағашқа байлаулы болады. Ойын мақсаты А пунктінен В пунктіне жету.
🔴«Шар» ойыны. Қажетті нәрселер: 25 шар.
Қатысушылар бір қатарға тұрады, олардың арасында шарлар болады. Қатысушылар шарды түсірмей А пунктінен В пунктіне жетуі тиіс.
🔴«Кілем». Ойыншылардың барлығы кілемнің үстіне тұрады. Ойын мақсаты
кілемнен шықпай, кілемді екінші бетіне айналдыру керек.
🔴Сақина жасыру.Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып ,тізелерінің үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен «Сақина кімде?»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе,сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе,ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
🔴Тышқан мен мысық. Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды болуға,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқан мен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды мысықтан құтқару үшін қақпадан тышқанды шығарып жіберіп,мысықты шығармауға тырысады.Мысыққа тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. Керек құралдар: мысық,тышқан бетперделері.
🔴 Ұйқыдағы аю. Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп,орындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса, балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды.Ойын қайта жалғаса береді. Керек құрал:аю бетпердесі.

🔴Джойстик». Қажетті нәрселер: көз жұмғыш мата (әр ойыншыға).


Қатысушылар бір қатарға отырады, біреуі басты ойыншы болып тағайындалады, басқаларының көзі жұмулы болады. Ойынның мақсаты басты ойыншының ісін қайталай отырып А пунктінен В пунктіне жетіп, кілтті алу. Кілтті тек ең соңғы отырған ойыншы ғана алуы тиіс.
🔴Көпір» ойыны. Қажетті нәрсе: скотч.
Ойыншылар көпірдің бір бетінен екінші бетіне өтуі тиіс. Өту барысында көпірде 10 аяқ тұруға рұқсат етіледі.
🔴«Көпір 2». Ойыншылар 3 метрлік матаны жан жағынан ұстайды. Мата ортасында сызылған жолмен ойыншылар допты бір басынан екінші басына өткізу керек. Егер доп жолдан шығып кетсе ойын басынан басталады.

Топтың аты: «Балауса»
Топтың ұраны:
«Балаусамыз»- балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
Топтың әні: «Балдаурен»
1.Балдәурен көктем асығып жеткен шағала күндер
Базарлы маусым шырқалған даусың тамсанып әсем
Балауса балғын көкмайса шалғын барады күндер
Тербеліп билеп шайқалып билеп ән салып әсем
Қайырмасы:
Балдәурен бақытты ән дәурен
Келеді қанатын самғаумен
Көңілдің ұшырып аққуын
Балауса бал-бұлақ балдәурен
2.Жаныңа жылы жүрекке ыстық көңілге сұлу
Тоя ма көзің балдәурен кезің бақыт аумағы
Даламдай дархан тауымдай биік өмірге сұлу
Тоя ма көзің айтшы сен өзің уақытқа уақыт
Қайырмасы:
Балдәурен бақытты ән дәурен
Келеді қанатын самғаумен
Көңілдің ұшырып аққуын
Балауса бал-бұлақ балдәурен

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет