Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы


Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял процесін дамыту әдістемелерін пайдалану нәтижелері



бет8/10
Дата19.05.2022
өлшемі241.81 Kb.
#457891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы

3.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял процесін дамыту әдістемелерін пайдалану нәтижелері
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында айтып өткендей, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі» делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі мектеп жасына дейінгі балаларымыздан бастап жастарымыздың шығармашылық қиялын жан-жақты дамытуға ден қою қажеттілігі туындайды. Сондықтан осы жағдайларды ескере кетіп, біз осы бағыттағы мәселені әрі қарай терең ашуда өз үлесімізді қосу қажетпіз. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды .
Қиял дегеніміз - тек адамға тән, меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял – адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңартып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс .
Психологиялық энциклопедиялық сөздікте қиялға екі түрлі анықтама берген, біріншісі: қиял – психикалық үрдіс: а) мәселелі жағдай белгісіз болғанда мінез – құлық бағдарламасын жасайды; ә) іс – әрекетті бағдарламайды, бірақ оның орнын ауыстыратын бейнелерді жасайды; б) объекттің суреттелуіне сәйкес бейнелерді жасайды. Қиялдың маңызды мәні – іс – әрекет басталғанға дейін нәтижесін көруге мүмкіндік беріп, адамды сол арқылы іс – әрекет үрдісіне бағдарлайды. Екінші анықтамасы: қиял – психологияда сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға ғана тән психикалық үрдіс. Адамның миында қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі өзгерістерге түседі де, жаңа заттар мен құбылыстардың бейнесі туып отырады. Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жекелік ерекшелітеріне, алдына қойған мақсатына байланысты .
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда (мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т. б.) бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады.. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Баланың қиялы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі» .
Мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың қиялын дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны қиялды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші қиялдың ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып қиялын дамыту, қызығушылығын арттыру. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың қиялының дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек.
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
- Көрнекілікке сүйену;
- Өткен тәжірибесін қолдану;
- Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың қиялының дамуына оның әлеуметтік ортасы, отбасындағы қарым-қатынас, ойын, білім, заттық іс-әрекеттер арқылы ықпал ету, онымен санасу, оны қызықтыратын барлық нәрселерге үлкен мән беріп, ықпал ету жатады. Бала дамуын балабақшада тәрбиешілер, үйінде ата-анасы үлкен назарға алуы тиіс .
Қорыта келе, мектепке дейінгі ұйым - бала дамуының, өсуінің, тәрбиеленуінің алғашқы баспалдағы екені бәрімізге мәлім. Бала тәрбиесі – күрделі процесс. Бала бойында көрінетін әртүрлі өзгерістер ең бірінші тәрбиешілердің көмегімен жүзеге асырылады. Сондықтан, болашақ тәрбиеші ретінде балалардың қиялын дамыту арқылы, баланы шығармашылыққа, ұшқырлыққа, ойлау процесінің жүйелі болуына тәрбиелейміз. Баланың дамуы, танымдық процестерінің қалыптасуы, қарым-қатынасының жүйелілігі - балабақшаларда оқыту барысында жүзеге асады. Қиялдың адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Бала бойындағы танымдық процестер, соның ішінде қиялдың көрініс табуы үлкен маңызға ие. Қиял - баланың ойлауын мен қиялдауын қалыптастырады. Қиялды балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалап, болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, ойы ұшқыр болуы үшін қиялдылықты тәрбиелеуіміз қажет. Бала дамуында танымдық процестерді жетік игерте алсақ, онда болашақ бүлдіршіндердің сана – сезімінің қалыптасуы жоғары деңгейде көрініс табатын еді.
Қазіргі заман талабына сай әрбір мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, жаңа тың ізденістерге талпынады. Мұғалім оқыту процесінде оқушыларды жан-жақты салада тәрбиелейді. Осы сан алуан ізденістердің нәтижесі сабақта көрінісін табады. Сабақ өткізу барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, баланың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғалық қасиеттерін дамыту әдістің тиімді түрлерін пайдалану қажет. Осы әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы тиімділігін зерттей отыра, біз №50 орта мектебінің 5 «Ә» сыныбында тәжірибелік бөлімін өткіздік.
Танымдық белсенділікті қалыптастыру әдістемесін жасау барысында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескерілді. Сонымен қатар психологтердің, кандидат ғалымдардың және әдіскерлердің іргені еңбектерінде оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамды бөлігі ретінде нақты негізделген. Оқыту процесінде балалардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол баланың дербес танымдық іс-әрекетін жандандыруда ерекше жұмысты сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол балаларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады. Олай болса, балалардың дербес танымдық іс-әрекеті олардың танымдық белсенділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Тәжірибе Ө.Жолдасбеков атындағы №50 қазақ орта мектебінің 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарында өткізілді.
Тәжірибе жүргізу барысында біз осы сыныптарды 2 топқа бөліп қарастырдық.
Бірінші бақылаушы тобы.
Екінші эксперимент тобы.
Балалардың қиялдарын дамыту жолындағы деңгейоерін, деңгейлерінің өзгеруін бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар жүргізіледі. Оның нәтижелерін төмендегі кестеден көруге болады. 



Аралық

Сынып

Саны

Бағалары





Қанағат-танарлық

Жақсы
%

Өте жақсы %

1

1-аралық

а) бақылаушы
ә) эксперимент

23
20

7
7

35,3%
35,3%

8
9

39,8%
46,5%

6
4

24,5%
16,3%

2

2-аралық

а) бақылаушы
ә) эксперимент

23
20

4
5

14,6%
17,2%

14
9

50%
39%

7
10

28,5%
41,2%

3

3-аралық

а) бақылаушы
ә) эксперимент

23
20

4
2

18,1%
9,5%

7
4

28,3%
24,1%

11
13

52,4%
65,2%

Осы таблицадан балалардың қиялдарын салыстырмалы түрде алынып, оларды 2 топқа бөліп, олармен мұғалім жүйелі түрде сабақта балалардың қиялын дамытуда жүргізген жұмыстарының нәтижесін көтеріге болады. Дәлірек айтқанда, эксперимент сынып бақылаушы сыныпқа қарағанда 3 есе жоғары болып тұр. Ал бұл дегеніміз мұғалімнің балалармен үздіксіз сабақ үстінде қиялды дамытуда атқарған жұмысының нәтижесі. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылға да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жсайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мысалы, табиғатты суреттейтін немесе оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы балалардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі.


Бала қиялын тәрбиелеуде олардың дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат-тілектерін армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын іс жүзіне асыра алмаса да, келешекте оны іс жүзінде асыратынына сенімі болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үйлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш-қуат бірмейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі тиіс.
Баланың білімі болса, оның ақыл-ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу – ата-ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі көркемдік эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, музыка түрлі өнер салаларына дағдылану – олардың көркемдігін сезіне алу балада қиялдың шарықтауына қажетті шарттардың бірі.
Шәкірт қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге көп мүмкіншіліктер бар. Мәселен, қай пән болса да (тарих, география, математика, т.б.) оқушыға ғылыми мағлұматтарды көбірек берумен бірге олардың өмірімен бай танысатын жақтарына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Бала қиялын тәрбиелеуде кластан және сектептен тыс жұмыстар үлкен орын алу керек. Бұл үшін түрлі үйірмелер жұмыстарын жақсы жолға қою қажет (әдеби, ғылыми-техника үйірмелері т.б.). Келе жатқан мейрамдарға дайындалған уақытта, дайындық жұмыстарына балаларды қатыстырып, мейрамды қалай өткізу жайында олармен бірге жоспар жасап, оларды қатыстырып отырған жөн. Қиял дамытуда театр мен киноның да орны айрықша. Бала театрдан, кинодан көрген үлгілі адамдарға ұқсап, келешекте солардан өмір сүргісі келеді. 
XXI ғасыр — білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана еліміздің
болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез
келген кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады. 
Тәрбиеші еңбегі – бала білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің
күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың
бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам
алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Балалардың қызығушылығы мен қабілеті әр түрлі. Сондықтан балабақшада
балаларға арналған арнайы үйірмелер ұйымдастыру арқылы олардың шығармашылық
қабілеттерін шыңдай түсуге болады. Мұнда физикалық және эстетикалық
тәрбиеге жан-жақты, терең негізделген еңбекке баулу шешімін табу үйірмелері
жатқызылуы керек. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы оқу пәндері негізінде де
жасауға болады.
Шығармашылықпен айналысу кезінде төмендегі міндеттер шешіледі:
• Баланың танымын түзету;
• Баланың мүмкіндіктерін салыстыру және пысықтау ерекшеліктері
• Балалардың әр түрлі өнер түрлерімен жеке бағыттармен танысу.
• Өнерге деген эмоциональды-эстетикалық белсенді қарым-қатынасын адамның
ішкі жан-дүниесінің қызығушылығын арттыру.
• Күнделікті өмірден алған білімдерін қолдануға үйрену.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмысын жасап тұлға ретінде
дамуы басталады. Үйірме жұмыстары ерікті түрде болатындықтан балалардың
жеке мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылуы қажет. Үйірме жұмыстары
тәрбиешіге әр түрлі сабақтар өткізуге балалардың шығармашылық жұмысқа
сүйіспеншілігін арттырып жұмысты орындауға қызығушылығын қалыптастыруға
мүмкіндік тудырады.
Үйірме жұмыстарды ұйымдастыруда тәрбиені келесі бағыттарда сақтауы
керек:
• Сабақтың жалпы бағытын сақтау;
• Жеке қасиеттеріне байланысты сабақтың мазмұны мен әдісін бала
таңдауына сәйкес жасау;
• Үйірме жұмысына баланың көп қамтылуына көңіл бөлу;
• Баланың өз бетінше ұсынған талабын оның қалауын ескере отырып
қарастыру;
• Барлық орындаған жұмыстарға тиімді-қоғамдық ой қалыптастыру;
• Үйірме жұмысының барлық түрі оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты мен
міндетіне бағынуы тиіс.
Үйірме жұмысын жүргізуде мынадай мақсаттар қойылды:
• Түзетушілік:
• Шығармашылық қиялын дамыту қолдың ұсақ моторикаларын түр, түс, есте
сақтау, ойлау, фантазиясын дамыту;
• Білімділік:
• Тәрбиелік:
• Дамытушылық:
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық негіздерін
қалыптастыру.
Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында жүзеге асырылатын өзбастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс. Бұл үрдіс 3 кезеңнен
өтеді: дайындық, ізденіс, орындау. Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық
қабілеттерінің құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды, бағыттайотырып дамытады және жетілдіреді.
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың
байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізутабыстарымен анықталады.
Шығармашылық — бұл өте күрделі психологиялық прцесс. Ол іс-әрекеттіңтүрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осыайтылғанның: Шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесеме? деген сұрақтар туындайтының аңғарамыз.Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді
– деп қарастырып келдік.
Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп
қарастырады.Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:
1. мәселені көре білуі қабілеті;
2. идеяны талдай білуі қабілеті;
3. идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;
4. түпнұсқалық:
5. идеяны жетілдіре білу қабілеті;
6. талдай және жинақтай білу қабілеті.
Е.П.Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті,-
деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:
1.Мәселені шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;
2. Мәселені шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;
3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;
4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.(20.34(
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуға,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өзорнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтаупсихология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына
болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткендеп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгісақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге
қойылатын жалпы талаптар:
эстетикалық талғамы бар, оны балаларға жеткізуге қабілетті;
• педагогикалық үрдісті Қазақстан Республикасы халықтарының
этномәдени негізінде құрады;
• өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
• әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
❖ баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік
беру;
❖ баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
❖ баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды
дамытуға ынталандыру;
❖ табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер
туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
❖ қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық
ауыз әдебиеті шығармаларын тыңдау;
❖ жетістікке жету жағдайын жасау; баланың қабілеті мен бейімін
зерделей отырып, шығармашылық өсуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда
бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше.(24.33(
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі
қоршаған орта заттары мен объектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі
пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала
бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда
басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда,
басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық,
үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен
құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып
қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар
арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шығармашылықтың екінші белгісі —
затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелеу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас
ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге
талпынады.
Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы
қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе
сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған
ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу
тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір
қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек.
Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты.
Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс
орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы,
баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары
болады.
Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына
елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.
Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру,
кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру — қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі.
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым,
тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар
өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін,
қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ — домалақ, қатты, қоңыр т.б.
Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін
көрсеткен кезде ғана туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заман талабына орай мектепке дейінгі мекемеде
баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны шығармашылыққа баулып, бар
мүмкіндіктерін аша отырып, қиялын, ой-өрісін дамытуды басты жолға қоя білу
керек.
.Эксперименттік бөлім.
Шығармашылықты дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар және
негізгі міндеттері,тәжірибелік жұмыс түрлері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ
барысында дамыту.
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі.
Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі
белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — тәрбиешінің
басшылығымен балаларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру,
іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
— мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
— сурет салу;
— мүсіндеу;
— жапсыру;
— музыка.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті,
эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.(26.42(
Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне
байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың
тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге
болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4.Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар
орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық ойлаудың көрсеткіштері:
1. Қойылған сұраққа ойланып жауап берулері.
2. Тың идеяны қабылдай алуы.
3. Өз қабілетін көрсете білулері.
4. Жаңа бір нәрсені ашуы. (14.19(
Балалардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған
шақтар түрлері төртке бөлінеді: танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, 
әдіснамалық.
Балалардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы
сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары баланың шындық
белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін,
яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды
өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және
қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда баланың
шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілетері
ескерілуі тиіс. Балалардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды
өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы
бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында
жететін жетістіктері негізінде балалар білім алуда нәтижеге жетеді.
Балалардың шығармашылық әлеуетін көтеруді тәрбиеші алдына
мақсат етіп қояды. Тәрбиеші бала күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас
әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда
жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша тәрбиеші оқулықтар, кітаптар, әдістемелік
кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Тәрбиеші өзіне, балаларға мықты
болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген
материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Балаларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, балаларға басқаша аяқтауға
кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды балаларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, рөлмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Топтағы әр баланың пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтау қажет.
Сонымен қатар, пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық
әр баланың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен
дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибеде мынадай тәртіппен орындалады:
мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ
балалардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау
қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргізу керек, жұмыс балабақша
көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет