Е.Е.Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу
Р\с
Оқушының аты - жөні
Сыныбы
Шығармашылық ойлаудың көрсеткіштері
1
Шалабай Жантөре
8ә
Көрнекі – бейнелік ойлайды, ойы жүйрік, жеңіл, өнімді, даралығы байқалады.Ойдың нақтылығы шығармашылық ойлаудың логикалығын, дұрыс шешім таба білетіндігі,түрлі идеялар тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән.Өте жақсы коммуникатор,өте жоғары сезімталдығымен дараланады.
2
Мақсатұлы Нұрзат
6а
Сөздік шығармашылық ойлауы дамыған, «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.
3
Мылтықбай Ербол
4в
Ойы жүйрік шығармашылық ойлауда жеңілдігі, икемділігі, өнімділігі, ойының даралығын, шығармашылық ойлаудың логикалығын, бірдейлігін білдіреді. «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілетті.
4
Арманов Қажымұқан
4б
«Оң жақ жарты шар» ойшылы, ойлауы өте бейнелі, итуитивті, эмоционалды боялған. Сөздік – шығармашылық ойлауы, көрнекі–бейнелік ойлауы дамыған. Ойының үйріктігі, икемділігі, даралығы өнімділігі,нақтылығы байқалды. Шығармашылық ойлауда логикалық, дұрыс шешім таба біледі.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Қорытындысында мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жасау қабілеттерінің өлшемі анықталды. Дарынды және талантты оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу потенциалы жоғары, осы жұмысты жүйелі жүргізетін, интеллектуалдық үрдісте қабілет белсенділігі жоғары мұғалімдер белгілі болды. Осы мұғалімдердің дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау қабілетін әрі қарай дамыту мақсатында психологиялық-педагогикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.
Психолог оқушылардың дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша сынып жетекшісімен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды. Нәтижесінде 0-5 ке дейінгі бағамен бағалау бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетілді.
Кесте-1. Оқушылардың дарындылығын бағалау картасы.
(ата-ана көзқарасымен)
№
Сапасы
Бағасы
1
Білімпаздық
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
2
Туындаған мәселелерге аса сезімталдық
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
3
Болжай жасай алу қабілеті
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
4
Сөздік қоры
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
5
Бағалау қабілеттілігі
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
6
Өнертапқыштық
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
7
Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
8
Табандылық
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
9
Перфекционизм
«5» «4» «3» «2» «1» «0»
Оқушының дарындылығын анықтау мақсатында және оларға қолдау көрсету мақсатында мектеп-лицейімізде К.Б.Мергенбайдың жетекшілігімен «Таланттылар Академиясы» атты дарынды балаларды қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық мектеп-лицей психологтарымен, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс атқарады .
К.Д.Ушинскийдің тұжырымына сәйкес әрбір оқушыны жан-жақты зерттеу жүргізілді. Соған сәйкес дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы жасалынады.
2-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы
№
Деңгей
Сипаттамасы
1
2
3
1
Анықтау деңгейі
Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар мен балалардан жинақталады.
Педагог-психологтарға ұсынылатын
Айзенк бойынша дарындылықты анықтау әдістемесі
“Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)
Джонс креативтілігі сұрақнамасы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
Кім неге бейім? әдістемесі
2
Бағалау-коррекциялық кезең
Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.
3
Өзіндік бағалау кезеңі
Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.
4
Қорытынды таңдап алу кезеңі
Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып, дарынды балалар іріктеледі.
Осындай көптеген әдістердің нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді, салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми негізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми негізде сабақ айтуға, және өз ойын жаңа негізде тұжырымдауға талпынады.
Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.
Көптеген балалар белгілі бір ортада ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.
III кезең – ұйымдастырылған-әрекеттік
Мақсаты:
Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты ұйымдастыру және қолдау
Дарынды және талантты балалармен жүргізілетін жұмыстың жолдары:
Дарынды оқушылармен жүргізілетін топтық және жеке жұмыс түрлері;
Мектеп компонентінен берілетін факультатив сабақтар
Әртүрлі пәндер бойынша оқушы компонентінен берілетін таңдау курстары
Қызығушылықтарына қарай спорт секциялары мен үйірмелер:
- көркемсөздің шеберханасы (тіл маманы);
- театр
- «Әсемдік әлемінде» (бейнелеу өнері) (бейнелеу мұғалімі);
- салауатты өмір салты шеберханасы (ұраны: «Тәні саудың жаны сау»)
Әр түрлі интеллектуалды, шығармашылық, спорттық сайыстар (тақырыптық сурет көрмелері, мәнерлеп оқу сайыстары, «Жобалар апталығы», «Алтын оймақ») т. б.;
Ғылыми - практикалық конференция
қабырғалық олимпиада
апталық аясында Президенттік олимпиада
пәндік олимпиада
білімдік сайыстар
ғылыми жобалар
сыныптан тыс жұмыстар
Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дарынды және талантты оқушыларымыз төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
Халықаралық «Руский медвежонок» сайысының жүлдегері - 46
Халықаралық «Britich Bulldog» конкурсының жүлдегері - 10
Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері - 2
Халықаралық «Кенгуру» математикалық сайысының жеңімпазы - 15
Халықаралық «Алтын руно» сайысының жеңімпаздары – 82
Республикалық «Ақбота» зияткерлік марафонының жеңімпазы -21
Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысының апталық, айлық кезеңінің жеңімпазы – 9
Республикалық «Ы.Алтынсарин-2013» пәндік олимпадасының грант иегері – 5
Республикалық Әл-Фараби олимпиадасының жүлдегері – 1
Республикалық «Ал-химик» сайысының жеңімпазы - 13
Республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» энциклопедиясына енген оқушы -209
Республикалық «Зияткерлік» ауысымының жеңімпаздары - 7
«Дарынды бала - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясы мен «Дарынды бала» медалінің иегері – 3
Қазақстандық интернет олимпиада жеңімпаздары - 72
Республикалық интеллектуалдық турнир жүлдегерлері – 55
Республикалық ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары -17
Бүкілресейлік қашықтық олимпиада жеңімпаздары -22
«Өмір және ғылым» ІҮ республикалық оқушылар конференциясының жеңімпаздары – 12
Республикалық «Иассауи» олимпиадасының жүлдегері – 5
Ғылым негізі пәні бойынша ҮІІ, ҮІІІ, ІХ, Х Халықаралық олимпиадаға 1737 оқушы қатысты,оның ішінде алтын, күміс, қола медаль иегерлері – 160
КҒА ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздары – 37
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жеңімпаздары -21
Экологиялық олимпиада жүлдегерлері – 3
Республикалық көркемсөз оқу сайысының жеңімпаздары – 2
Ғылым негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары – 3
Халықаралық, республикалық «Звездный дождик в Праге», «Речные ноты», «Ақ көгершін», «Жұлдызды талант», «Айгөлек», «Классикалық музыканың кішкентай жұлдыздары», «Достық форумы» ән, өнер фестивальдарінің жеңімпаздары – 53
Халықаралық, республикалық спорттық сайыстардың жеңімпазы - 36
Дарынды балалармен жұмыс барысында қолдау көрсету және ынталандыру жүйесінің міндетті жоспары, дарынды бала әрекетін бағалау өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты мектепте ынталандырудың әртүрлі жолдары бар :
арнайы стипендия беру
білім, өнер, спорт салалары бойынша бағамдар тағайындау
рейтинг бойынша үздік оқушыларды анықтау
жеңімпаз оқушыларды ұлықтау
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесін жіктеу.
- Ғылыми зерттеулер, сынып сағаттарын өткізу материалдары, викториналар, мерекелік шаралар негізі бойынша дарынды балалармен жұмыс жасау әдістемелік ұсынымдарының жоспары.
- Талантты оқушылармен жұмыс істеу үшін мектепте әдістемелік кітапхана бөлімін қалыптастыру.
- Арнайы курстар, факультативтер, элективті курстарды оқыту бағдарламаларына бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |