Қорытынды
Қазіргі уақытта халқымыз өркениятқа ұмтылып ұлттық сана-сезімді, тәрбиемізді тұлғамызды дұрыс қалыптастырудың көмескі беттері ашылуы тиіс.
«Бала қиялдарын дамыту жолдары» бұл тақырыпты алудағы мақсат бала қиялын психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы дамыту. Баланың қиялына қанат бітіріп, олардың армандай білуіне жетелеу. Әл-Фарабидің айтуынша, барлық жан қуаттарын тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады. Бала қиялының дамуына ойын маңызды рөл атқарады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, құратыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Мектеп – бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы бала қиялын оятады. Сондықтан бала қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Сабақтың тақырыбын осы аталған мақсаттармен байланыстыра жүргізсек, бала қиялын дамыта аламыз.
Оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді әдіс-тәсілдермен дамыту мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Мұғалім оқу мазмұнын түсіндіруде оқушы санасына «ұғыну», «ой операцияларын» меңгертеді және оқушыны танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алу жолдарына қалыптастырып, оларға бағыт беріп, жолдарын көрсетуі керек. Қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайды таба білушілікпен өз бетімен жұмыс істеуге оқушы үйренеді.
Жалпы, теориялық, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында арнайы оқу бағдарламасын жасау, типтік оқу жоспарын құру, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы әдіс-тәсілдері мен теориялық білім алу жолдарын арнайы дайындаған мұғалім ғана оқу процесін тиімді ұйымдастыра алады.
Мұғалім тұлғасы кез-келген оқытудың жетекші факторы болып саналады. Б.Блум дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімнің 3 түрлі типін анықтады. Олар:
- баланың пәнге деген қызығушылығын арттыра алатын мұғалім;
- баланы орындаушылық техникаға жаттықтыратын мұғалім;
- жоғары кәсіби деңгейге апаратын мұғалім
Дарынды оқушының бойындағы шығармашылық қабілетін дамытып, өзіндік мүмкіндігін аша алатын, оқытып, тәрбиелейтін мұғалімнің бойында, ең алдымен, дарындылық белгілері, яғни қабілеті, таланты болуы міндетті. Дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің қасиет ерекшеліктерінің белгілері төмендегідей:
- мейірімділік, сезімталдық;
- дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін байқау, қызығушылығы мен қажеттілігін сезіну;
- интеллектуалдық дамудың жоғары деңгейінің болуы;
- қызығушылығы мен білік, дағдының жан-жақтылығы;
- мінездің белсенділігі;
- өзінің көзқарасын өзгертуге даяр және үнемі өзін-өзі дамыту;
- шығармашылық немесе қалыптан тыс жеке көзқарас;
- әзіл-қалжыңға бейімділігі.
Қорыта айтқанда, оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту үшін оқу процесі және мұғалімнің жеке тұлғасын ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Яғни, білім беруші мен білім алушы екеуінің арасындағы дидактикалық үдерістің барлық аспектісі педагогикалық тұрғыден зерттелуі тиіс. Дарынды балаларды теориялық деңгейде оқыту үшін арнайы бағдарлама мен білікті мұғалім қаншалықты қажет болса, соншалықты оқу-танымдық қызметін шебер ұйымдастыруға болатыны сөзсіз.
Дарынды балалардың теориялық ойлауын дамытуда олардың «жаңашылдық сезімдерін» ұштау, «шығармашылық қабілеттерін» дамыту, «соны шешімге» келудің психологиялық және логикалық жолдарын, олардың ерекшеліктерін үйретудің маңыздылығы зор
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдауымыз көрсеткендей, дарынды балалардың ақыл-ой қызметі жоғары деңгейде, ойы жүйрік болып келеді. Оның танымдық құштарлығы, біліктігі, білуге құмар болуынан көрінеді, дарынды балалар өзінің қоршаған ортасын белсенді түрде зерттегіш болып, олар айналадағы болып жатқан бірнеше жайттарды бір мезгілде бақылай алатын қабілетке ие. Дарынды балалардың себеп-салдарлық байланысты бақылап отыру және дұрыс пайымдама жасау, дұрыс нәтиже шығару қабілеті де жоғары болады. Олар кейде оқушының кездейсоқ, үстірт берілген түсіндірулерімен жиі келіспей қалушылығы байқалады және айналасындағылар туралы өзінің ұғымдарының бірқатар дамыған жүйесіне сай келетін түсіндірулерді талап етеді.
Дарынды балаларға берілетін білімнің теориялық жақтары, құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау (оларды жалпылау) едәуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Абстрактілі теориялық материалдарды және істі меңгере алатындай етіп, әрбір баланың ақыл-ойының пайдаланатындай жан-жақты дамуы үшін белсенді оқуды ұйымдастырған жөн. Бұл кезегінде, бастауыш мектеп оқушыларының логикалық пайымдауларының, дерексіз ойлауының қарапайым, бірақ маңызды тәсілдерін игеруге тәрбиелейді.
Дарынды баланың ақыл-ой операцияларын шапшаң және нақты орындау, өз бетімен сұрақ қоя білу және күрделі мәселені шешуде дұрыс сұрақ қою дағдылары жақсы дамыған. Дарынды балалардың сөздік қоры мол, сөйлеу тілінде шапшаңдық және сонылық айқын танылып тұрады. Ондағы ойлаудың абстрактылығы, рефлексия (сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі), күшті есте сақтау қабілеті, ақпаратты және тәжірибені топтай алу қабілеті, күшті зейін, байқағыштық қасиеттері де қатарынан алдағы қатарда болады. Дарынды балалардың ерекше белгісі – ойлаудың сонылығы, ешкімге ұқсамайтындығы. Сонылық негізінде шығармашылық қабілеті дамып, жетіледі.
Оқу материалын жақсы меңгеру және шығармашылық қабілет – дарындылықтың айқын белгілері. Сұрақ қоя білу, тапқырлық, кітаппен жұмыс, құбылысты бақылау, талдау, болжам құруға талпыну сияқты біліктері қалыптасады, пікірін ерекше етіп айту ерекшеліктері шығармашылықпен тығыз байланыста болып келеді.
Дарынды баланың тағы бір ерекшелігі – ой еңбегінің бейімді келуі. Білімді, жаңа материалды игеруге ұмтылуда, яғни, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырудағы серпін күшті келеді. Олар қиын және ұзақ уақыт орындалатын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқа нұсқаларын да іздейді. Бірақ, олар дайын жауапты алдын-ала беріп қойғанды жек көреді. Осыдан барып сыныпта келешекте болатын дау-дамайдың «дәні» пайда болады.
Көп жағдайда адамның көздеген кейбір қажеттіліктері қандайда болсын себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс жасау арқылы, дарынды бала әзілдеп, дау-дамайға соқтырып мүмкіндік ақпаратын елемей, қабылдамай, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндірмейді.
Тәрбие нәтижесінде қалыптасып, әлеуметтік негізге ие болатын дарынды балалардың жеке тұлғалық бағыт-бағдары болады. Бағыт-бағдар – адамның қасиеттеріне айналған көрсеткіштер. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен-бірі жоғары бірнеше формалары кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, көзқарасы, нанымы
Сонымен, дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың әдістермен шеше біледі. Ал бұл қабілет өз кезегінде ойлаудың белсенділігімен, кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасайды. Қоғам дамуының республикамызда орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық бағыттары және жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеу проблемасы, оқыту мақсатын, мазмұнын, түрін, әдістерін қайта қарап, оқу процесіне көптеген өзгерістер енгізуді қажет етеді. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасында: «Бұл саланы реформалаудың стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкеріпілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс» – деп көрсетілген болатын.
Шығармашылық дарындылықты дамыту мен оның психологиялық табиғаты, мәні мен мазмұнын түсінуге байланысты ой-пікірлер тамырын тереңге бойлайды. Оның маңыздылығы жөнінде қазақ ғұлама ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. еңбектерінде сөз қозғайды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда озық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуды басты назар етіп алады.
Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практикадағы жетістіктерді адамның шығармашылық, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері мен интеллектуалдық сапаларының жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру міндетіне қояды.
Осыған байланысты, орта мектептерде пәнді оқыту әдістері оқу процесінің сапасын жоғарылату, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсенді түрде дамыту, білімнің мазмұнын толықтырып жетілдіру бағытында жаңартылуда. ЕлІміздегі білім жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне кіріге бастауына байланысты, білім мазмұнынын мақсатты компоненттері өзгеруде.
Жалпы, бастауыш мектептерде білімді жемісті оқыту мәселесінің шешілуі оқу процесіие қандай жаңа әдістемелер мен құралдардың енгізілуіне байланысты. Күнделікті өмірдің өзі бұл әдістемелер мен құралдардың бүтін жиынтық яғни оқу жоспарын құруға ғылыми негізделген тәсілдерді пайдалана отырып, білім мазмұнындағы интеграциялау проблемасын шешетін, сондай-ақ оқытудың сапасын артгыратын, интенсивтілігі мен бейімделуі арқылы оның шығармашылық деңгейін жоғарылататын көрсетіп отыр.
Энциклопедиялық сөздікте: «шығармашылық ешқашан бұрындары болмаған жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет» ретінде қарастырылған. Шығармашылық ұғымының бұл анықтамасының дәл осы қалпында қабылдануы бастауыш сынып оқушысы үшін келіңкіремейді. Өйткені бастауыш мектеп жасындағы оқушы қоғамдық құны бар өнім жасай алмайды және мұның өзі мектептің міндетіне кірмейді.
Шығармашылық психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары формасы және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзіндің ерекшелігімен бағаланады.
Американдық психолог Фромм анықтамасы бойынша шағармашылық дегеніміз – бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.
И.П Волков бастауыш сынып оқушысы үшін шығармашылық деп «оқушы игерген білімін, білігін әдістерін тиісті жерде қолдана отырып, баланың өзі үшін пайдалы және жаңалық болып есептелетін іс−әрекеттің нәтижесін» атауды ұсынады. Бізде осы анықтамаларды басшылыққа ала отырып оқыту процесіндегі шығармашылық деп, оқушының қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың себеп салдарын өз көзқарасынша қабылдап, түсіне отырып, қиялы мен белсенді ой еңбегі арқасында бала үшін бұрын болмаған, жаңалық болып табылатын пайдалы іс−әрекетті орындау нәтижесін айтамыз.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерлікгің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдьнда оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық тапсырманы шығарудың мәні зор.
Шығармашлық тапсырмаларды мазмұнына, шығару тәсіліне, функциясына, қиындық дәрежесіне қарай классификациялау мәселенің негізгі жағын - тапсырманы шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді. Барлық шығармашылық тапсырмалар тапсырманы шығарушы сипатына қарай шығармашылық тапсырмалар және жаттығу болып бөлінеді.
Ал, шығармашылық тапсырмалар мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатындағы оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді. Шығармашылық тапсырмалар оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес, ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.
Оқушының шығармашылық тапсырманы шығару мен оның мүмкін нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады. Шығармашылық тапсырмаларды шығаруда оқушының сұранысы тапсырмаларды шығаруға қойылатын талаптар арқылы тудырылады. Мұнда шығармашылық тапсырмалардың қарапайым тапсырмалардан айырмашылығы - оқушының тапсырманы шығарудағы іс-әрекетінің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, оқушының тек тапсырманы шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық тапсырмалардың мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы керек.
Шығармашылық тапсырманы шығаруда осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып, оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |