Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы


Дарынды және талантты балаларды дамытуды болжамдау мәселелері



бет4/10
Дата19.05.2022
өлшемі241.81 Kb.
#457891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы

1.4 Дарынды және талантты балаларды дамытуды болжамдау мәселелері.
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс - әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс - әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

  • Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс - әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс - әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Анкеталар


Аналитикалық(Жаппай әдіс)
Түрлі тесттер
Мұғалімнің мінездемесі
Диагностикалық әдіс
Ата-ананың әңгімесі
Бала дарындылығын анықтайтын әдістер
Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары.
«Қазақстан ұлы державада болу үшін бізге күш-қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек»,–деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің өркендеуіне ерекше сүбелі үлес қосатын дарынды жастар екенін айрықша атап көрсетті. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен дарынды оқушыларды тәрбиелеу үшін тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, шығармашыл болуды, яғни тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.
Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер–білім саласында ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.
Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпы мектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетеді. 
Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез және сыни ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болып келеді.
Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті басым болып келеді.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Бастапқы негізді білу кез-келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
«Дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екенін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырады. Кейбір зерттеушілер өз бетімен қараудың маңыздылығын екі санатпен қарастырады: дарындылық қанша дегенмен олардың пікірінше қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффективтік және т.б.) жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады дейді.
2 Дарынды балалардың шығармашылығын зерделеу бойынша эксперименттік жұмыс
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы мен тәсілдеріне сипаттама
Талантты балалардың шығармашылығын дамытудағы қиял елесін анықтау

1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5.Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.
1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар саны артады
2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемі «білім» категориясы секілді мағынада көтеріледі.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог саны артады.
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымы кеңейтіледі.
5. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.
6. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігі арттырылады
7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі жасалады
8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологиялары жоспарланады және жіктеледі.
Жұмыстың нәтижелі болуы әр дарынды оқушымен тікелей жұмыс жүргізуді талап етеді. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыстың келесі бағыттарының іске асырылуы қарастырылады:
Үйлестіруші бағыт:
Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі. Әр оқушының қабілеті анықталап, бағытына қарай белгілі бір мұғалімдерге жұмыс жүргізу тапсырылады.
Ғылыми-зерттеушілік бағыт:
Дарынды балалар диагностикасының өткізілуі.
Дарынды балаларға білім беру және тәрбиелеу жағдайының диагностикасы. Дарынды балалар туралы мәліметтер жиынының жасалуы.
Ғылыми-әдістемелік бағыт:
Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдар жиынтығының жасалуы. Мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтау үшін белгілі психолог А.И.Доровскийдің тесті жүргізіледі және мұғалімдермен түрлі семинар- тренингтер жүргізіледі.
Эксперименттік бағыт:Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.
Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.
Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психо-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі қағидалары:
- Жеке тұлғаның дамуына әртүрлі мүмкіндіктер беру;
- Оза және дамыта оқыту;
- Жекелей және саралай оқыту принципін қолдану;
- Кез келген жағдайды өзін еркін және қолайлы сезінуіне жағдай жасау;
- Оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауына жағдай жасау;
- Оқушылардың қызығушылықтары мен бейіміне қарай қосымша курсты таңдау құқығын беру;
- Сыныптан тыс әрекеттің рөлін арттыру;
- Төзімді болу;
-Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақатастырылған жұмыстың нәтижелілігі.
Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.
1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.
2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.
3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.
4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.
5.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.
6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.
7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.
Дарынды балалармен жұмыс стратегиясында анықталғандай, мектеп-лицейде дарынды балалармен жұмыс 4 кезең бойынша жүргізіледі, олар:

  1. Дайындық кезеңі

  2. Сараптамалық

  3. Ұйымдастырылған-әрекеттік;

  4. Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
- Нормативті негізді үйрену.
- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.
- Міндеттерді үйлестіру
- Жұмысты іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады.
Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқында болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы обьективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдану да және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау да маңызды
. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.
Екінші сатысында оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын анықтау үшін сауатты түрде диагностикалау жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысқа төмендегідей тұлғалар қатысады.

Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог маман көрсеткен психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)
Дарынды балаларды анықтау үшін психолог А.И.Савенков бойынша «Дарындылық картасы» әдістемесі жүргізіледі. Бұл әдістеме арқылы балалардың дарындылық түрлері анықталады:

  1. Интеллектуалды

  2. Академиялық

  3. Шығармашылық

  4. Әдеби

  5. Әртістік

  6. Музыкалық

  7. Спорттық

  8. Көшбасшылық

  9. Көркем-бейнелеу

  10. Техникалық

Дарынды балалардың ерекше қабілеттіліктері анықталып, алынған қорытындыға сәйкес жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).
Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).
Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психо-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.
Дарынды және талантты балаларды зерттеу әдістері:
- сауалнама ұйымдастыру;
- психологиялық бақылау жасау;
- арнайы психологиялық әдістемелер жүргізу
- балалардың шығармашылық жұмысының нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау
- психодиагностикалық зерттеу жүргізу
- психологиялық тренингтер ұйымдастыру
Дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасау және жұмыс формаларын ұйымдастыру
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен сынып жетекшілер оқушылардың қабілетін дамыту үшін жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетілетін, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспарын жасайды.
Түрлі жүргізілген әдістердің нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалынды:
№249 мектеп – лицей бойынша дарынды оқушылардың қабілеттілік деңгейінің сандық көрсеткіші

2014-2015 оқу жылында №249 мектеп-лицейде А.И.Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістемесінің нәтижесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет