Мектеп жасына дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға үйретудің мәні мен маңызы және түрлері жоспары


Саптық жаттығуларға баулу техникасы және жаттығулар комплексі



бет7/14
Дата02.01.2022
өлшемі166.5 Kb.
#453232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Баларды саптык жаттыгуга уирету

2.2. Саптық жаттығуларға баулу техникасы және жаттығулар комплексі

Сапқа тұру мен сап түзеп жүру. Мектепалды даярлық сыныбында сапқа тұру мен сап түзеп жүрудің ең қарапайым түрлерін үйренген болсақ, -4 сыныптарда сап тузу түрлерінің әр түрлі фигура жасап орындалатынын уйренеміз.

1. «Ұлу жасап жүру». Мұнда балалар бір қатар түзеп сапқа тұрады. Сонан соң оңға не болса бұрылып, сапты бастаушының артынан ұлу жасап жүреді. Ол үшін алдымен ұлуға ұқсайтын үлкен шеңбер, оның ішінен одан кіші шеңбер, оның ішінен одан да кіші шеңбер жасап айналып жүре береді. Шеңберлердің арасы бір-бірінен бір метрдей қашық болуы керек. Осылай бірнеше рет айналғаннан кейін бастаушы балаларды ұлудың түбіне алып барады да, сол ізімен қайта жүріп алып шығады [5].

2. «Жылан жасап жүру». Бір тізбек болып тұрған балаларды сап бастаушы алаңның бір шетінен екінші шетіне дейін бастап жүріп барып, содан соң жылан жасап жүреді. Алаңның бастапқы жағына қайта оралып жеткенде жүріс аяқталады.

3. «Екі тізбекті саптың алыстан жақындап жүруі». Мұнда екі тізбекті сап алаңның бір жақ шетінен қарсы жаққа қарай қатар жүріп барып, бір-біріне қарсы бұрылып жүреді. Жақындағанда, алдыңғы бұрылған бағыттары бойынша бұрылып, бастапқы орындарына қайтады.

4. «Екі тізбекті саптың жақыннан алыстап журуі». Мұнда екі тізбекті сап алаңның бір жақ орта тұсынан екінші жағына дейін қатар жүріп барып, бірі оңға, екіншісі солға бұрылып жүреді. Алаңның шетіне жеткенде, алдыңғы бұрылған бағыттары бойынша бұрылып, бастапқы орындарына қайтады.

5. «Төрт тізбекті саптың алыстан барып, қайта жақындап журуі». Мұнда әрқайсысы екі тізбектен тұратын саптар қарама-қарсы бағытқа бір-бірінен алыстай жүріп, сонан соң алаңның қарама-қарсы қапталын бойлай қатар жүреді. Алаң шетіне жеткенде бір-біріне қарсы бұрылып жүріп, жақындағанда бастапқы орындарына қарай бұрылып, кері қайтады.

6. «Төрт тізбекті саптың жақыннан алыстап журуі ». Әрқайсысы ек тізбектен тұратын саптар алаңның бір жақ орта тұсынан екінші жағына дейін қатар жүріп барып, екі сап оңға, екі сап солға бұрылып жүреді.

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар

Бұлшық ет жаттығуларын орындағанда адамның денесі серігіп, көңіл куйі көтеріледі.

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар негізінен үш топқа бөлінеді:


  1. мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

  2. дене (кеуде, арқа, қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;

  3. аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

1. Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған мынадай жаттығулар орындалады:

1) негізгі тұрыс бастапқы қалпында тұрып, басты оңға бір, солға бір айналдыру (әр жаққа 4 реттен қайталап орындау керек);

2) негізгі тұрыс бастапқы қалпында түрып, «1» дегенде қолдың ұшын иыққа қойып, шынтақты денеге тигәзіп ұстау; «2» дегенде шынтақты жоғары көтеріп дем алу; «3» дегенде шынтақты төмен түсіріп дем шығару (6-8 рет қайталау керек).

2. Дене бұлшық еттеріне арналған мынадай жаттығулар орындалады:



1) аяқты алшақ қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстап тұрған бастапқы қалыптан «1» дегенде кеудені солға бұрып, оң қолды сол иыққа, сол қолды белге қою; «2» дегенде бастапқы қалыпқа келу; «3» дегенде кеудені оңға бұрып, сол қолды оң иыққа, оң қолды белге қою; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 4-5 рет қайталап орындау керек; [6]

2) аяқты алшақ қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстап тұрған бастапқы қалыптан «1» дегенде алға еңкейіп, оң аяқтың артынан қол шапалақтау; «2» дегенде бастапқы қалыпқа келу; «3» дегенде алға еңкейіп, сол аяқтың артынан қол шапалақтау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 8-10 рет қайталап орындау керек.

3. Аяқ бұлшық еттеріне ерналған мынадай жаттығулар орындалады:

1)аяқты айқастыра қойып тұрған б. қ.-тан «1-2» дегенде отырып, «3» дегенде қайта тұру. Жаттығуды 5-6 рет қайталау керек.

2) тік тұрған б. қ.-тан 4 рет алға, 4 рет артқа секіруді 5-6 рет қайталау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет