Мектеп жасына дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға үйретудің мәні мен маңызы және түрлері жоспары


Көне және жаңа спорт түрлері мен ойындар



бет10/14
Дата02.01.2022
өлшемі166.5 Kb.
#453232
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Баларды саптык жаттыгуга уирету

Көне және жаңа спорт түрлері мен ойындар


Әрбір халақтың жасап шығарған мәдениетіне оның спорттық жаттығулары мен ойындары да кіреді. Бұл спорттық жаттығулар мен ойындар балалар мен үлкендердің күнделікті өміріне тікелей қатысты болып келеді. Олар өмірге аса қажетті төзімділік, күштілік, ептілік, шапшаңдық сияқты қабілеттерді жетілдіреді. Адамның бойына адалдық, әділдік, адамгершілік сияқты жақсы қасиеттер дарытады.

2.3. Салауатты өсір салтындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларының алар орны
Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі педагогикалық мұраттарының бірлігі туралы, эстетикалық қабылдаулардың, сезімдердің, әсерленулердің табиғаты туралы, өмір шындығын ұлттыөқ сана тұрғысынан ұғыну мен түсінудің ерекшеліктері туралы қағидаларының және басқа кейбір мәселелердің зор маңызы бар.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды «көркемдікке тәрбиелеу» деген ұғыммен пара-пар алып жүр.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға баулу тәрбиесі дегеніміз – ұлттық өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдар, ұлттық дүниетаным, салт –дәстүр, қария –данышпандар үлгісі арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға баулу тәрбиемен пара-пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұлт тәрбиесі ең бірінші адамгершілікке тәрбиелеумен өте тығыз байланыста болуы керек. Адамға эстетикалық жағынан әсер ету құралы ретінде әсемдік жағынан әсер етусіз мүмкін болмайтын нәрсе [12].

Отансүйгіштікке тәрбиелеуде туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің қандай зор ролі атқаратыны жақсы мәлім. Көптеген адамдар үшін Отан сезімі бала күннен жүрегіне ұялаған туып-өскен табиғат олып табылады. Ол еңбек процесінің нақтылығына, қимылдың ырғақтылығы мен біркелкілігіне, жұмыс орнының ақылға сыйымдылығы мен тиімділігіне эстетикалық әсер етеді. Еңбек процесі өтетін бүкіл жағдай, әсіресе еңбектің нәтижелері эстетикалық әсер етеді.

Дене тәрбиесі сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға баулу тәрбиенің дене тәрбиесімен өте тығыз, әрі тікелей байланысы бар. Денсаулығы, әдемі, сымбат әрдайым көз қуанышы болып, адамның жалпы рухани дамуына эстетикалық әсер етіп отырады.

Халықтың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, саның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Тәрбие объектісі - өсіп және дамып келе жатқан тіршілік иесі – бала болып табылады. Баланың бүкіл өмірі бойында оның даму процесі жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы жағынан сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Адамның дамуы - өте күрделі процесс [13,9].

Отансүйгіштікке тәрбиелеу дегеніміз – баланың дамуына ықпал ететін үшінші фактор. Тәрбие дамуымен күрделі өзара қатынастарда болады. Тәрбие ең алдымен, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестікке түседі. Жұртқа мәлім, тәрбие әрқашан да әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатына сай келеді. Арнаулы оқу-тәрбие беру мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие әрқашан да билеуші таптардың саясатын білдіреді. Мектетегі тәрбие жаппай ықпал етудің, мемлекет қолындағы барлық басқа құралдардың оқушыларға тәрбие берерлік ықпалымен нығайтылады, сондай-ақ бұлар мемлекеттің саясатын жүргізуші де болып келеді.

Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес [14].

Қазақ халқы-материялды мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қалықты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.



Халықтың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: “Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой.Ойын деген, менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанттып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған”,- деп тегінен тегін айтпаса керек.[15;44]

Ұлт ойындары ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сондықтан көшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер XIII ғасырдан басталады. Оны алғаш жинап, Европа жұртшылығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карлини болды. XIII ғасырда Европа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П.Карлини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, ойын сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материялдар жиналған.



Одан кейінгі деректерді біз итальяндық Марко Поланың австраляилық С.Герберштейннің, итальяндық И.И.Новокалский дің, орыс саяхатшысы П.И.Рычковтың, орыс ғалымы П.С.Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамбердің, неміс этнографы Р.Картуцканың, неміс ғалымы А.Гумбольдтың, поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Зеленскийдің т.б. жазбаларынан кездестіреміз [16].

Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Э.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П.Пашин, Г.С.Загрежский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горечкин, П.Ходырев, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды. [17,7]

Қазақтың ұл ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: “Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойын- сауықтары естен кететін шаруа емес... Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенінің ортасында болғандықтан да солай болуы керек ” [18;8]

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі, революциялық күреске қатынасқаны үшін Сібірге жер аударылып кейін қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы “Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар” деген кітаптың авторы А.Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды. Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын –сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады.Сонымен бірге А.Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық-тұрмысымен, әдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. “Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әртүрлі аңдар мен құстардың, әсіресе, түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айнытпай салады. Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің қолынан келмейді ”- деп тамсана сөз етеді. [19,62]

Қай халақтың болсын оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсатымен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алған рөлі және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зерттелген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп алып қарастырамыз.


  1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары.

  2. Кеңес заманы кезіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылами еңбектер.

  3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.

  4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.

Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін А. Диваевтың еңбегін талдауын бастайық . Ол өзінің “Игры киргизских детей” еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын 3 топқа бөліп қарастырады: 1) кішкентай бүлдіршіндер ойындары; 2) ересек балалар ойыны; 3) жігіттер ойыны;

А. Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа-спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтің дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар, денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады.



А. Диваев “Как киргизы развлекают детей” мақаласында “бала бас бармағын көтеріп малды барымталаймыз, ортан бармақты көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді ?” деп көк аспанға қарап құдай тәңірінен рұқсат сұраған дей келіп, ”бес саусақ” ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [20].

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің ,дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.[21,35]

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулархалық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының күрмеу жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрі, батырлық-батылдық туралы түсінік, адалдыққа,, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі-халық данышпендығының белгісі.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограв М.Гуннер қазақтың ұлттық ойынларына мынадай классификация жасады. 1.жалпы ойындар

2. қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар 3. ашық алаңқайдағы ойындар 4. қыс мезгіліндегі ойындар 5. демалыс ойындары 6. ат үстіндегі ойындар 7. аттракциондық-көрініс ойындар.

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратын, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан, сол тоталитаризм кезеңінде дәстүрлі ұлттық ойындары зерттеген авторлар қатарында М.Тәпекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. М.Тәпекеев дене тәрбиесінің халықтың педагогикасы сияқты көкейкесті мәселенің негізін қалаған.

М.Тәпекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды- “Казахские национальные виды спорта и игры ” (Алматы 1957ж). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың тоғызқұмалақ ойынының ереже-тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деректеніне сүйене отырып ғылыми сараланған пікірлер айтады.



Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев “Қазақтың ұлттық ойндары ” (Алматы 1994ж) еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген. Автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларарасындағы байласын және ойындардың ертеңгі болошаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келді.

Е.Сағындықұлының авторлығымен жазылған ғылыми монография “Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану ” деп аталады. Онда қазақ халқы ойндарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді [22].

Ә.Бүркітбаевтің “Спорттың ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні ” жинағында ұлт спорты түрлерімен ұлттық спорт ойындарының балаларының күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спортымен ұлттық спорт ойын түрлері еңбегінде ат спортына қатысты бәйгеден бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне сапостологиялық талдау жасалады.

Бала өмірдегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнның салыстырылса, қоғамдағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз.

Ғалым А.Кова өз еңбегінде ойынның мәні баланың дербес іс-әрекетті айналасындағы өзгерістерді танып білуге белсенді әрекет етуге жол ашушы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша: шынайы өмірде баланың аты-бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жартпайтын жан. Қам- қаракетсіз өмір ағысына іліп кете барады: ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығулар мен ойынның қажетілігі мен зәрулігіне ғалымдар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьянова, Н.Михайленко, Д.Хухлаева және тағы басқалар ерекше назар аударған.

И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ойын ақыл-ой дамуында, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялар: талдау, салыстыру, қорыту қабілетіне қажетті организм деп тұжырымдайды.[23;38]

Сапптық жаттығуларының сан алуан мәзірін байытатын ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс-жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материялдың әзірліксіз ойнала беретіндігіде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол-ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері-болашақ ел қоршаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеде. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынның шындай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болршақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жатқызатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.

Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра борлып жалғасып отырған және халықтың дәстерлі шаруашылық, мәдени, өнер тітшілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.

Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандыратын қасиеттерін аша түгседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Халық өршіп ой-арманға меңзейтін шытырман оқиғалы, ғажайып-қиялы әңгімелер, тіл дамыту, ой- өрісін кеңейту мүмкіншілігін байыту тілегінен туған жаңылтпаш: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, балалар ертегілері, балалар ойынын, ойын-сауық жоралғыларын туғызыды.

Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынын кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып көрген жауынын кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері ойын-сауықтар өткізген. “Ру дәстүрлерінің нығаюына сонымен бірге рудық айрықша мейрамдары себепші болды, бұл мейрамдарда алуан түрлі салтанат жоралғылары істелді.”

Бұл мерекелер күн іргері жарияланып отырылды. Сондықтан мерекелерге қатысушылар ұлттық ойынның түр - түріне күн ілгері даярлнып, әзірлікпен келді. “Қыз ұзату, келін түсіру мен байланысты” “Қалыңдық ойнау” салты пайда болды. Қыз ұзату тойында беташар айтылды, бұл нағыз шығармашылық негізі бар, салттық ойынның жоғары түрі және қазақтың “далостройлы” тәрізді болатын.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, байсалдықты, т.б. мінез-құлықтың ерешелігімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.



Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларадамгершілікке тәрбиелей отырып, баланың танымдық процесінің жетілуіне мүмкіншілік туғызады. Балаларды ұжымдық бірлестікке, достық қарым-қатынасқа баулиды.

Баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан да халықттық ойынды тәнбие құралы деп танып, оны жеткіншек ұрпақтың ой-түйсігін ширықтырып баулитын тетік сынды бағалаған. Баланың көңілін өсіріп бойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігін де молайтады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады.бірінен-бірі ептілікті, сергекті, тапқырлықты үйренеді. Сондай-ақ дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, айналадағы заттар мен құбылыстардың ақиқат сырына қаныға береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет