Мектеп жасына дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға үйретудің мәні мен маңызы және түрлері жоспары



бет8/14
Дата02.01.2022
өлшемі166.5 Kb.
#453232
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Баларды саптык жаттыгуга уирету

Бой жазу жаттығуларының үлгілері


Б. Қ.-тан (н. Т.-тан) жүру, жүгіру (30-60 секундтай).

2. Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан «1-2» дегенде оң қол мен сол аяқты жоғары көтеру; «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы сол қол мен оң аяқты көтеру.

3.Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан «1-2» дегенде шынтақты бүгіп, денені оң жаққа жылжыту; «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы денені сол жаққа жылжыту. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.

4. Төрт тағандап тұрған бастапқы қалыптан «1-2» дегенде оң аяқты жоғары сермей шынтақты бүгу; «3-4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Келесі жолы сол аяқты жоғары сермей шынтақты бүгу. Бұлардың әрқайсысын 5-6 реттен қайталау керек.



5. Қолды шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан бастапқы қалыптан «1-2-3» дегенде қол мен кеудені көтеру және басты шалқайтып жоғары қарау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек [7].

6. Қолды шынтақтан бүгіп етпеттен жатқан бастапқы қалыптан «1-2-3» дегенде қолды жаза кеудені көтеріп, 3 рет қол шапалақтау; «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды 6-8 рет қайталау керек.

7. Қолды шынтақтан бүгіп ұстаған бастапқы қалыптан қатарынан үш рет қос аяқтап секіру. Жаттығуды 20 рет қайталау керек.

8. Аяқты сәл алшақ қойып тқұрған бастапқы қалыптан «1-2» дегенде қолды жоғары көтере аяқтың ұшына тұру; «3-4» дегенде тізені құшақтай жүрелеп отыру. Жаттығуды 4-6 рет қайталау керек.



Саптық жааттығулардың дамуы көбінесе ұлттық дәстүрлерге, елдің географиялық ерекшеліктеріне, халықтың мңнез-құлқына байланысты болып келеді. Ұлттық спорт түрлері мен ойындар кейде өзінің даму барысында басқа да халықтардың өмірі мен мәдениетіне ауысып жатады. Мысалы, қытай, жапон халықтарының жекпе-жек спорт түрлерімен басқа да көптеген ұлт өкілдері шұғылданады. Мәселен, ертедегі үнділердің шахмат ойыны қазіргі кезде бүкіл адамзаттың ортақ мәдениетіне айналды. Ал баскетбол бір кезде Америкадағы үндістердің ұлттық ойыны болса, қазір бүкіл дүние жүзі халықтарының ойыны болып кетті [8].

Қазақ халқының ерте заманнан бері қалыптасып, бізге жеткен спорттық жаттығулары мен ойындары да сан алуан.

«Жаңа қоныс» ойыны. Әрқайсысының құрамында 8-10 ойыншысы бар 2-3 команда жеке-жеке тізбек құрап бір сызықтың бойына келіп тұрады. Олар сол сызықтан алдыңғы жақтарындағы 15-20 м қашықтыққа сызылған екінші бір сызықтың бойына мынадай ретпен «қоныс аударулары» керек. Берілген белгі бойынша әр командадан екі ойыншы қол ұстаса жүгіріп, алдағы сызыққа жеткен соң, біреуі сонда қалып, екіншісі қайта жүгіріп келіп үшінші ойыншыны алып кетеді. Үшінші ойыншы төртіншіні, төртінші ойынша бесіншіні, сөйтіп қай команданың ойыншылары жаңа қонысқа бірінші болып ауысып бітсе, сол команда жеңіске жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет