Сабақтың тақырыбы: «Қырқынан шығару» дәстүрі.
Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрі «Қырқынан
шығару» дәстүрімен таныстыру, сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
Қазақ халқының ою түрлерімен таныстыру. Тіл белсенділігін арттыру, зейін қабілеттерін дамыту;
Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын жетілдіру, тазалыққа баулу.
Көрнекілік: қуыршақ, су, орамал, леген, тостаған; желім, түрлі-түсті қағаз,
Қайшы, сүлгі.
Жаңа сөздер: Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су.
Сабақ барысы:
І. Ұстаз: Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер жасап тұрайық. Бір-бірінің қолдарыңнан жылу беріледі ме? Иә! Бізге аспанда жылуды не береді? Күн! Ал, біздің жасаған шеңберіміз неге ұқсайды? Күнге! Бір-бірімен күліп амандасады.
- Сәлеметсің бе!
Ойын: «Хан талапай» (өткен жаңа сөздерді қайталау).
ІІ. - Балалар қазір бәріміз ата-баба дәстүріне ораламыз. (Осы кезде ұлттық киімдегі әже келеді)
- Амансыңдар ма, балалар!
- Сәлеметсіз бе, әже!
- Әже, жоғары шығыңыз! Балалар қонаққа әже келді.
Бөпенің жылаған дауысы естіледі.
- Жылама бөпем, жылама. Әже, сіз, дәл келдіңіз. Бөпенің туғанына 40 күн толды. Балалармен бірге бөпені қырқынан шығарайықшы.
- Ал, ендеше кірісейік. «Қырқынан шығару» - бөпені 40 қасық сумен шомылдыру. Мынау леген, жылы су, мынау тостаған, тостағанға қасықпен су құямыз. Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су, (Балалар қайталап отырады.)
ІІІ.
Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су /с-с-с/
Мөлдір суға қолын жу /моет руки/
Жуынсаң сен әрдайым / моет лицо/
Аппақ бетің, маңдайың / показывает лобик/
Тазалықтың досы – су деген осы.
- Биссимиллаһи рахмани рахим – деп шомылдыра бастайды.
- «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын – деген тілекті айтып отырып шомылдырады. Шомылдырып болған соң баланың тырнағын, шашын алады.
- Енді денесін, қол-аяғын майлап, бәріміз бірге
Өс-өс балам, өс балам,
Сұлу боп өс сымбатты.
Саусағыңды жазайын,
Аяғыңды созайын. Өс-өс – деп бөпенің денесін ширатайық.
- Мынау тырнақ, мынау шаш.( Балалар қайталайды)
- «Ойлан, тап» деген ойын арқылы жаңа сөздерді қайталау.
Жаңылтпаш оқу: Тас тостаған.
Тас тостаған ішіне,
Тас тастаған.
Жапсыру: «Тостағанды әсемдейміз».
- Балалар, қазір тостағанды ою-өрнекпен әсемдейміз. Оны баланы қырқынан шығарғаны үшін ақ әжеге сыйлаймыз. Балалар оюдың аты «Құс қанаты». Түрлі –түсті қағаздан қиылған оюлар жапсырамыз.
(Тостағанның үлгісі қағаздан қиылып дайындалған. «Құс қанаты» өрнегінің дайын үлгісі. Жабыстыра отырып жаңылтпашты қайталау:
- Әже, сізге көп рахмет. Мынау сіздің жолыңыз, бізді еске алып жүріңіз. (Балалар өз қолынан жасаған тостаған суретін тарту етеді, қоштасады).
- Балалар апайды тыңдаңыздар. Аман болыңдар!
- Сау болыңыз!
ІҮ. Қорытындылау: - Бүгін сабақта қазақтың «Қырқынан шығару» дәстүрімен
таныстық.
Балаларға қосымша сұрақтар қойып, жақсы қатысқан балаларды
мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |