«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»


Мектептегі дене мәдениеті үдерісінің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері



бет4/13
Дата20.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459365
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

1.2 Мектептегі дене мәдениеті үдерісінің бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері


Қазақстанда дене мәдениеті үдерісі бойынша білім беру мәселелерімен түрлi бағытта педагог ғалымдар айналысуда: оқушылардың дене мәдениетiнiң педагогикалық негiздерi және халықтық ойындарды, педагогикалық элементтердi қолдану дайындықтары, формалары, кұралдары /Қ.И.Адамбеков, Т.Ш.Қуанышев, Е.Мухиддинов, Ж.М.Төлегенов, Б.А.Тойлыбаев және т.б./; жасөспiрiмдердің белсенділіктерiн дамыту /С.К.Ащепкова/; дене тәрбиесiнiң даму факторларының теориясы мен практикасын зерттеу /М.Тоцкиев, А.Т.Дуйсембаева, С.В.Заболотная, В.В.Трифонов, Ж.К.Оңалбек, А.Қарақов, Б.Мухамеджанов, Ш.Оразов және т.б./; мектеп, жанұя және қоғам жұмыстарының бiрiгiп оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру шараларын қарастыру /Л.С.Грюк, Ж.З.Торыбаева/ және тағы басқалары.
Спорт түрлерімен сабақтан тыс уақытта үйірмелерде қосымша айналысу оқушылардың тиiмдi демалыс құралы болып табылатынын көптеген зерттеулерде баяндалады, бұл оқу-жаттығу нәтижесі негізінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруға жақсы есер етедi. Аптасына екi рет дене тәрбиесi сабағы жүретiн оқушыларға қарағанда дене жаттығуларымен бiр аптада 4-5 сағат айналысатын оқушыларда дене сапаларының дамып, денесінде шынығу элементтерінің қалыптасуы жоғары екенiн және оқушылардың оқу үлгерімінің жақсы дәрежеде болатынын ғалымдар ғылыми еңбектерiнде атап көрсетед [22-28].
М.С.Полишкисаның мәлiметтерiне қарағанда, дене тәрбиесі сабақтарына жүйелi түрде қатысатын мектеп оқушылары өздерiнiң дене тәрбиесімен айналыспайтын құрбы-құрдастарын мынадай көрсеткiштер бойынша басып озады: тиiмдi әрі дұрыс ойлау жылдамдығы, көру аймағының шетi мен ортасындағы белгiнi таңдау әсерiнiң жылдамдығы, зейiн көлемi, қозғалыс күшi мен жылдамдығы, қарсылық көрсету дәлелдiгi.
Зерттеушi ғалымдар В.В.Ворюшин, Қ.И.Адамбековтердің пікірі бойынша, футболшылардың қозғалушы қарсыласына деген көптеген қимылдары: аса шапшаң қозғалған әріптесіне допты беруi, қарсыласын қозғалыс үстiнде айламен жеңуi, тоқтау, ұшып келе жатқан допты соғуы, қақпашының қимылына жауап кайтару т.б. көптеген әсерлерi пайда болады. Осының нәтижесiнде жалпы орта мектеп оқушыларының психомоториясы жетiлiп, орталық жүйке жүйесiнiң қызметi мен қабықтағы үдерістердiң қозғалмалығы жақсарады.
И.П.Павлов адамның шартты-рефлекторлық, iс-әрекетiнiң негiзгi физиологиялық заңдылықтарын ашты. Орталық жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi ағзаның сыртқы ортаның күрделi де өзгермелi жағдайларына бейiмделуiн қамтамасыз ететiн қолайлы және қолайсыз уақытша байланыстарын қалыптастыру болып табылады.
И.П.Павловтың пікірінше, ми қыртысының қоздырушы жасушалары қыртыстың басқа бөлшектерiмен байланысқа түсе алатын, сыртқы және iшкi ортаның барлық әсерiне жауап бере алатын, шартты рефлекс тудыра алатын және басқа көптеген қабiлеттерге ие. «Ми қыртысы кинетикалық, жасушалары, - деп жазды И.П.Павлов, - әсерлермен қатар ағзаның iшкi үрдерістерімен де көрсете алатын ми қыртысының барлық, басқа жасушалармен дене байланыса алады және шын мәнiнде байланысады ». И.П.Павлов жасап шығарған шартты рефлекстер әдiсi арнаулы емес вегетативтi бөлшектерге (iс-қабылдау әсерi, тыныс алу және тамыр бөлiктерi, терi-гальваналдык реакцияларға т.б.) абсалюттi түрде немесе жекелеп қысым көрсететiн әсерге айналды. Бұған қоса, дене жаттығулары арқылы ми қыртысы және қыртыс асты бөлшектерiнiң қозуын тиiмдi етiп, осылайша, шектен тыс тежелудi тоқтатуға болады [29].
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, жалпы орта мектеп оқушылары үшiн тиiмдi тәртiп жасап шығу негiзгi физиологиялық көрсеткiштердi қайта қалпына келтiрудiң қысқа мерзiмiн /цикл/ қамтамасыз етедi. Бұл мақсатта спорттық ойындар түрiндегi қосымша сабақтарға бөлiнген уақытты көбейту арқылы оқушылардың қозғалу белсендiлiгiн аттырудың рөлi үлкен.
Осы мәселе бойынша казiргi кезде үлкен нақты мәлiметтер жинақталған. Көптеген ғалым-педагогтар, атап айтқанда М.Т. Молчанов «Оқушылардың жұмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек үдерісі кезіндегі қозғалмалылығы»; [30]. С.И. Руденко «Оқушылардың қозғалыс белсенділігінің гигиеналық үдерісін ұйымдастыру» [31] еңбектерінде оқушылардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру және күшейту мақсатында тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын жүргiзудiң нақты практикалық мысалдарын ұсынады. Бұл практикалық ұсыныстар бойынша ғалым-педагог Ә.Ж.Тастанов өз ғылыми зертеу жұмысында төмендегідей қорытынды жасаған:
1. Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк көлемi ағзаның қозғалыс үстiндегi биологиялық қажеттілігіне сай болуы қажет.
2. Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жүйесi тұрмыста жетiспейтiн қозғалыстың орнын толтыру қажет.
3. Балалардың қозғалу белсендiлiгiн бiр күн iшiнде олардың ағзасының жұмыс қабiлетiндегi өзгерiстердi есепке ала отырып бiлу тиіс.
4. Дене тәрбиесiнiң түрлерi мен кұралдары әр түрлi болуы тиiс.
5. Дене жаттығулары сабақтарының ұзақтығы мен жылдамдығы өсiп келе жаткан ағзаның жас ерекшелiгiне сай болуы тиіс.
Соңғы уақытта білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің негізгі мақсаты ретінде мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі көрсетілуде. Бұл мақсат үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; онда мәдениет аясында жеке толыққанды өмірдің субъектісі сапасында өзін-өзі анықтауға бағытталған перспективамен оқыту идеясы да айтылған. Осындай интегративтік мақсатпен осы мәдениеттің индивидте, оның жалпы мәдениетінің бөлшегі ретінде дамытудың шикізаты болып мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру алынады. Мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруынан оның жалпы мәдениетінің барлық құрылымдық элементтері көрінеді: жеке тұлға ретіндегі мәдени дамуының деңгейі; осы деңгейге жету тәсілдері; мәдениет деңгейінің жетістіктерін көрсететін әр түрлі іс-әрекеттер.
Мектеп оқушысының мәдени іс-әрекетін жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы деп қарастыруға болады, сондай-ақ оның белсенділік қыры мен қалыптасуын ынталандырушы болып көрінеді. Бұған негіз болып оқуда, еңбекте, жеке өмір салтын ұйымдастыруда, қоғамдық жұмыс пен тәртіпте жүзеге асатын білім, қабілет, сенім, дағды, қасиет, шығармашылық қабілеттері мен мінез-құлық нормаларын біріктіріп, оқушылардың жалпы мәдениетін дамытуға бағытталған барлық оқу-тәрбие үдерісі алынады. Мәдениет оқушының жеке тұлғасына бағытталады.
А.П. Окладниковтың пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке тұлғаның денесінің дамуы мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш компоненттен тұрады [32].
- құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;
- нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын дене мінсіздік болып табылады;
- тәжірибелік іс-әрекеттік бірлік - дене тәрбиесі және спорттық іс-әрекет белсенділік диапозонынан кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).
Сөйтіп, жеке тұлғаның дене тәрбиесі туралы оның денесінің дамуы, даярлығы, қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын меңгеруі негізінде баға беру қиын. Жеке тұлғаның рухани өміріне қатысы бар төмендегідей компоненттерді ескеру қажет: ой мен сезім мазмұны, құндылық бағыттарының иерархиясы, ақырында оқушының әлеуметтік белсенділігін айқындайтын қызығушылықтар мен қажеттіліктер, сенімдер дәрежесі. Оқушының өз дене мүмкіндігіне деген биологиялық қарым-қатынасының бәрі әлеуметтік қатынасқа айналады. Мұғалімдердің биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынастарының өзара байланыстылығын дұрыс түсінбеуі көпшілікке мәлім тәрбиедегі тежелуге алып келеді.
Оқушылардың құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның қабылдайтын (сабақта, сабақтан және мектептен тыс іс-әрекеттерде) құндылық бағыттары сананың ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды» немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен топтастырылады. Одан әрі оқушылардың нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып, мұғалім, ұжым, жанұя талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.
Дене мәдениетінің практикалық жағы дене тәрбиесі және спорт қызметінің іс-әрекеттер үдерісінде қалыптасып, оның рухани және дене сапасын дамытатын, мұраттарымен, мінез-құлық нормаларымен, құндылық бағыттарымен байытылатын қарым-қатынастар болып табылады.
Аталмыш іс-әрекеттің барлық түрлері– бұл адамзат жасаған құндылықтар, мұнда жеке немесе шығармашылық күш пен қабілеттің жиынтық шабыты бейнеленеді. Әрбір жеке тұлға дене тәрбиесі қызметінің көптігіне қарамастан, тек біреуін ғана таңдайды, сөйтіп дене мәдениетінің құндылықтарымен танысады.
Бұл жұмыс қоғамның мұқтаждығын өтей отырып, іс-әрекет субъектісінің өзін – мектеп оқушысын, оның мәдениетін дамыту тәсілі қызмет атқарады. Дамыту критерииі болып оқушылардың белсенділік, жасампаздық, белсенді емес, тұрақты немесе тұрақсыз секілді қатынастарының көрінуімен дене тәрбиесі-спорттық белсенділігі табылады. Бұл іс-әрекетті жүзеге асыру формалары қамтылуы бойынша-бұқаралық, топтық, жеке, міндеттерінің ерекшелігі бойынша – дене мәдениетін тану және қалыптастыруға бағытталған (қызықты кештер, таң қаларлық өнерлер, сонымен бірге сұрақ-жауап сайыстары және т.б.), шығармашылыққа бағытталған болып бөлінеді.
Оқушылардың дене тәрбиесі-спорттық белсенділігін қалыптастыру үдерісі қарастырады: қоғамдық және жеке мүдделерін қанағаттандыру; мотивациялық-қажеттілік саласын, сезімдік, интеллектуальдық және ерік-күш әрекеттерінің компоненттерін белсендіру; жеке психологиялық ерекшеліктерін, белсенділік деңгейін ескеру; өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару үдерістері мен жеке тұлғаның мінез-құлқын, іс-әрекетін сезімдік, нормалық үйлестірумен қамтамасыз ететін ақпараттық-танымдық және коммуникативтік-үйлестіру әрекеті қызметтерін кеңейту.
Педагог зерттеуші ғалымдардың дене тәрбиесі жөніндегі байқауларды, зерттеулерді және іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы мектеп оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта мектептерде денсаулық көрсеткіші мен дене тәрбиесін ұйымдастыру және балалардың жалпы қозғалыс белсенділігінің деңгейі арасындағы байланыс айқын көрінеді.
1-сыныпқа балалардың 10%-ы ғана дені сау болып келеді. Оқу жылдары ішінде мектеп оқушыларының түрлі аурулармен ауыру мөлшері 5 есеге өседі.
Оқушылардың денсаулық жағдайы төмендегідей фактілерді келтіреді: әр түрлі жастағы мектеп оқушысының 70%-ының тірек қозғалыс аппараттарының қызметі бұзылған. 30-40%-ас қорыту органдарының жұмысы бұзылып, 60%-вегативтік белсенділігі төмендесе, 50% иммунитеті әлсіреген. Мектеп оқушыларының 23%-бауыр, 15%-бүйрек ауруларымен ауырады [33-41].
Біз жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайын зерттей отырып, біздің пікірімізше, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.
Біз төмендегілерді анықтадық;

  1. Мектепте дене тәрбиесі әрдайым тиімді жүргізілмейді. Аптасына екі рет болатын дене тәрбиесі сабақтары дененің жұмысқа қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал ете алмайды. Бұл жетіспеушілікті үй тапсырмасымен толтыруға болады, бірақ аталмыш форма дене тәрбиесі мұғалімдері тарапынан қолданыс таппай келеді.

  2. Мектеп оқушыларына қарағанда, қозғалыс белсенділігі аз, арнайы мамандандырылған мектеп оқушыларының омыртқа сүйектерінің бұзылуы жиі кездеседі.

  3. Дене тәрбиесі сабағына қатысудың аса төмен екендігі байқалды. Мысалы, 5-7-сынып оқушылары 25%дейін сабақ жіберсе, ал 10-11 сынып оқушыларының қыз балалары 50% дейін қатыспайды.

  4. Кейбір мектептердің материалдық базасы өте нашар, спорт залдарында және алаңдарында құрал-жабдықтар жоқ. Дегенмен, кейбір мұғалімдердің сабаққа қойылған міндеттерді шешуі үшін оқу құралдарын тапқырлықпен қолдануын атап өткен дұрыс.

Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің маңызды компоненттерінің бірқатары ескерілмейді немесе аз мөлшерде ескеріледі. Мұндай компоненттердің қатарына дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс-әрекетінің психологиясы мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық көрсеткіштері туралы білімнің қолданылмауы. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін басқарудың негізгі құралдары категориясына жататындықтан өте маңызды. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін, дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ынтасы мен жігері болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып табылады. Дене тәрбиесін басқару жабық ортада емес, құндылық бағыттары, мінез-құлық стреотиптері, әр түрлі іс-әрекетке белсенділігі қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы құндылықтарды білуі тиіс.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру мәселесін талдай отырып, И.К. Павловтың ойынша жеке тұлғаның белсенді, түрленбелі әлеуметтік өмірінің негізін жеке тұлғаның жоғары дене дамуы деңгейін көрсететін денсаулық, дене дамуы, психофизиологиялық және дене мүмкіндіктері құрайды деген пікірмен келісеміз[42].
Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруда негізгі мақсат салауатты өмір салтына бағыт беру болуы тиіс.
Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде дене тәрбиесі сабақтары бойынша көптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi белгiлi. Жаңа оқу бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн жеделдетуге педагог-ғалым Ә.Ж.Тастановтың ғылыми-зерттеу еңбегінде көмектеседі деп көрсетілген [11]. Осыған байланысты оқушының күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру және жүйелi спорт түрлерінің секцияларына қатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп арттыру мiндетi тұр. Жалпы орта мектеп оқушыларының негiзгi бөлiгiн бос уақыттарында жүйелi түрде спорт түрлері бойынша секцияларға қатыстыру, спорт түрлеріне қызықтыру арқылы дене бітімін, дене сапаларының дайындығын және оны жетiлдiру кезiнде бұл секциялардың оқушы iс-әрекетiнiң басқа түрлерiне ең алдымен оқу үдерісiне қалай әсер ететiнiн мiндеттi түрде ескеру қажет делінген.
Педагог-ғалым зерттеушілер М.В.Антропов «Оқушылардың жұмыс қабілеті және олардың оқу мен еңбек процесі кезіндегі қозғалмалылығы» [43].; Р.M. Хениридің «Foctuc into man London» еңбектерінде оқушының тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттыратын дене мәдениеті сабақтары бала ағзасына елеулi әсер ететiндігін атап көрсеткен. Бұл сабақтар баланың дұрыс әрi үйлесiмдi түрде дамуына, денсаулықтарының жақсаруына, сыртқы ортаның ағзаға түрлi қолайсыз әсерлерiне карсы тұруының күшеюiне әсер етедi деп көрсеткен [44]. Дейтұрғанмен, Қ.И.Адамбеков «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында жас футболшылардың оқу-жаттығу үрдісін ықшамдау» еңбектерінде спорттың барлық түрлерiнiң iшiнде, мектеп оқушысының ақыл-ойы төмендеп және сабаққа деген қабілеті төмендеген кезде, оқушылардың шаршауын азайтудың, басудың ең тиімді түрi спорттық ойындар болып табылады [45]. Олардың арасында өзiнiң эмоционалдық сипаты бойынша орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн жақсарта алатын ықпалды ойын футбол болып табылады.
Бiрақ, өте жас балаларға дене мәдениеті сабақтарының қолайлы әсерi оларға дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана байқалады. Жасөспiрiмдердi спорт түрлеріне ерте баулу өсiп келе, жатқан ағзаға тым жоғары талаптар қойып, оның өсуi мен дамуына қолайсыз өзгерiстер әкелуi мүмкiн.
Жаттығу сабақтарын ұйымдастырғандағы тәулiктегi, аптадағы, жылдағы физиологиялық үдерістердің кезеңдiк өтпелi мерзiмдерiн есепке алу үлкен қызмет аткарады. Бүгiнгi күнi тәулiктiк кезеңдермен сипатталатын 40-тан аса физиологиялык, қызметтер көрсетiлген.
Мектеп оқушыларының бiр тәулiк iшiндегi жұмыс қабiлетiнiң динамикасын зерттегенде, физиологиялық, қызметтiң ең жоғары екi нүктесi болатыны белгiлi болды. Алғашкы жоғарылау 8-11 сынып аралығында болса, екiншi сәтi 15-18 сағат аралығында дел келдi. Бiрақ екiншi жоғарылау әрқашан таңертеңгi деңгейге жете бермейдi [46-51]. Бұған қоса сағат 14-ке қарай жұмыс қабiлетiнiң төмендейтiнi байқалады.
Жоғарыда айтылып өткендей, негізінен ғалым-педагогтар, қозғалу қызметiне, дене жүктемелерiне, дене мәдениетіне спорттық ойын түрлері арқылы қалыптастыруға үлкен мән берген. Себебi, олар бала ағзасының өмiрлiк жұмыс қабiлетiн сақтауда, оны өсiру, бастауыш мектеп жасында жоғары жұмыс қабiлетiн күшейтуде көп қызмет атқарады делінген.
Ғалым-педагогтардың көбi мынадай ортақ қорытындылар жасайды:

  • дене мәдениеті сабақтары балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және жұмыс қабiлетiне қолайлы әсер етедi;

  • олардың тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттырады, ақыл-ой қызметiнiң төмендеп, шаршап қажу жағдайынан сақтандырады, мектеп оқушыларының жоғары жүйке iс-әрекетiн мөлшерлеуге көмектеседi.

Ұжымдық еңбек ретiнде спорттық ойындар кұнды моральдық ерiк кабiлеттерiн; төзiмдiлiк; талаптылық; тәртiптілiк; өзiн ұстай бiлу; тез шешiм қабылдай алуды дамыта отырып, тұлғаның дұрыс қалыптасуына кемектеседi.
Жоғарыда аталған ғылыми-әдістемелік жұмыстар, елімізде жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыстарда, жалпы мектептерде нақты дене тәрбиесінің спорт түрлері арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылған емес.
Жюльен Ламетридің 1749 жылы шыққан "адам машина " деген кітабы дене мәдениетінің теориясы мен практикасын дамытуда үлкен рөл атқарды. Ол адам-бұл "өз бетінше оталып тұрған машина"дей отырып, адамның жануарлардан үлкен сұраныстармен және ақыл-оймен ерекшелінетіне назар аударды. Адам барлық ілім-түсінікті сезімі арқылы алады. Өзге де философ-материалистер секілді Ламетри ілімі сезім органдары мен дене күштерін дамыта түсу қажеттілігі жөніндегі сенім-түсінікті кеңінен таратуға игі ықпал етті.
Джон Локк, Жан Жак Руссо, Иоган Песталоццидің педагогикалық идеяларының әсерімен жаңа бағыттың (филанторпиндер) екінші жартысынан бастап қоғамда гимнастика үйірмелері, жаңа типтегі мектептер, сондай-ақ ақсүйектердің балаларына арналған арнайы оқу орындары, XVII ғасырда соғыс серілерін дайындайтын академиялар пайда бола бастады. Бұл мектептерде денені шынықтыру тәрбиесіне үлкен мән беріле отырып, жастарды әскери және мемлекеттік қызметке дайындады, семсерлесуге, атпен шабуға, садақ атуға, өзге де ойындарға үйретті.
Көптеген ірі елдерде дене мәдениеті жүйесінің бір мезгілде құрылуымен түсіндіріледі. Олар алдымен Пруссияда (дене тәрбиесінің немістік жүйесі), Швецияда, Францияда құрыла бастады.
Бұл жүйелердің барлығы да гимнастикалық түрде болды, себебі гимнастика ғана дененің түрлі бөліктерін жаттығуға, нақты қимыл-қозғалысқа, сол жылдардағы соғыстарға сәйкес әдіс-айла көрсетуге үйретті. Тек гимнастика ғана дене тәрбиесін өзге түрлерге қарағанда тиімді жүргізуге, бұйрықтарды нақты орындауға, іс-қимыл, қозғалыстарды бір мезгілде жүргізуге мүмкіндік беретін болып шықты.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында көптеген еуропалық елдерде дене мәдениеті салаларында дербес ғылыми пәндер-дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесінің бастауын құруға негіз қалаған арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Осы мерзімнің көрнекті ғалымына П.Ф.Лесгафтты жатқызуға болады.
Шығармашылық қызметі екі ғасырдың, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың тоғысына сәйкес белгілі педагог, дәрігер, психолог П.Ф.Лесгафт балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің теориялық негіздерін жасады. П.Ф.Лесгафттың отандық ғылым алдындағы айрықша қызметі арасында оның дене мәдениеті туралы білім берудің өзіндік теориясы мен оны жүзеге асыруда кадрлар даярлау жүйесі айрықша орын алады. Ғалымның көптеген еңбектерінің тарихи маңызы бар және дене мәдениеті мен педагогикалық кадрлар даярлауда қазіргі теория мен практикада да кеңінен қолдануға әбден болады. Әсіресе оның тәрбие мен оны дамыту түрлерінің өзара байланысын мойындауға құрылған концепциясы көңіл аударады. Бұл концепция қазіргі педагогикада жаңа әдістемелік негізде көптеген жаңа еңбектермен нығайтылып, тәрбиеге кешенді тұрғыдан келіп, оны зерттеудің принципі ретінде жинақталған[52].
Адамның денсаулығының жақсы болып, үйлесімді дамуында дене мәдениетінің рөлі орасан зор екені баршаға мәлім, яғни оқушыларға әрбір күнін денені шынықтырумен бастау дағдысын қалыптастыруды неғұрлым ерте бастасақ, солғұрлым оның денсаулығы нығаяды, дене мәдениеті туралы білім алу қалыптасады, оқуға, білім алуға деген құлшыныс пайда болады. Ата-аналардың таңертеңгілік гигиеналық гимнастикамен тұрақты шұғылдануы мектеп оқушылары үшін өнегелі іс. Өкінішке орай, стататистика мекемелерінің мәліметі бойынша Оңтүстік Қазақстан өңірі тұрғындарының 6%-ы ғана күнделікті таңертеңгілік денені шынықтыру гигиеналық жаттығуларымен шұғылданады. Салыстырмалы түрде алғанда көрсеткіш өркениетті елдерде, мысалы АҚШ-та - 78%, Жапонияда - 75%, Германияда - 68% және т.с.с.
Қазіргі өскелең замандағы қоғам ғылыми-техникалық өркениеттің нәтижесінде аз қимыл-қозғалыста болатындығымен ерекшеленеді.
Оқушылар теледидар, интернет, компьютер ойындарына қымбат уақыттарын жоғалтады, сонымен олар өздерінің көп уақыттарын мектепте партада, орындықта отырумен бірге қозғалыссыз өткізеді. Бұл кездерде олардың сезім күйлерінің күштенуі жиі кездеседі.
Өсіп келе жатқан ұрпақтық денсаулығын нығайтудың ең маңызды қозғаушы күші - жалпы орта мектептерде оқушылардың бойларында дене мәдениетін қалыптастыру.
Оқушыларды дене мәдениеті және спорт қызметінің түрлеріне баулу, қызықтыру мәселелері жеке тұлғаның дене бітімінің және рухани дамуының маңызды міндеті болып табылады [53].
- Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын дамытудың жолдары мен ұстанған бағыты еліміздің даму кезеңдеріндегі бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының жалпы бағыттары мен міндеттерінен туындайды. Мемлекеттің маңызды міндеттеріне сәйкес Қазақстанда дене мәдениеті Отанды қорғау мен еңбекке даяр, жан-жақты
жарасымды жетілген мектеп оқушыларын тәрбиелеудің маңызды құралдарының біріне айналды;
- Қазақстан мектептеріндегі дене мәдениеті және спорттың кең өріс алуы ұлттық саясатты тұрақты жүзеге асырудың, өкіметтің адамдардың денсаулығын нығайту, олардың денесімен бірге ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру бағытындағы тұрақты қамқорлығының нәтижесі;
- Қазақстанның ұлттық ерекшеліктеріне, көптеген қалалар мен облыстардың орталықтан қашықтығына, ауылдағы жалпы мектептердегі оқушылардың елеулі бөлігінің үй-тұрмысына, салт-дәстүр көріністеріне, дене мәдениеті саласы мамандарының тапшылығына, материалдық-спорттық базалардың нашарлығына байланысты тәуелсіздік алғанға дейін республикада бұқаралық дене мәдениеті қозғалысы баяу дамыды;
- Қазақстанда бұқаралық дене мәдениеті қозғалысының дамуында соңғы жылдарда дене мәдениеті мамандарының санының 8 есе, спортшы-разрядшылар санының 4 есе, спорт ғимараттарының 9 есе, дене мәдениеті мамандарының 6 есе, оның ішінде жоғары білімділердің 19 есе және арнайы орта білімділердің 21 есе өсуі маңызды көрсеткіш болып табылады. Осы кезеңде республикада рекордтар мен жоғары жетістіктер деңгейі артты, яғни спорт шеберлері мен 1 разряд дәрежесіндегі спортшылар көбейді. Құрама командалардағы қазақ спортшыларының саны 5 есе өсті;
- Республикада дене мәдениеті жұмысының тарихи тәжірибесін оқып-үйрену және қорыту болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындауда елімізде жалпы мектептер мен спорт ұйымдары арасында тәжірибе алмасуды жақсарта түсуге ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ, бұқаралық дене мәдениеті қозғалысын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін тарихи-педагогикалық және теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда сараптай келіп, келесі тармақта жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық моделіне тоқталамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет