«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет6/13
Дата20.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459365
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕТІН ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың мазмұны


Оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастырудың тікелей пәндік мазмұндық сипатына тоқталайық.
Мектеп оқушыларының жүйелі оқуының бастамасы күнделікті қозғалу белсенділігі 50%-ға төмендеп, қозғалыс қажеттілігі қанағаттандырылады. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшкенде қозғалу белсенділігінің деңгейі төмендейді. Осыған байланысты оқушылар күндізгі уақытының 82-83%-ын статикалық жағдайда өткізеді. Оқушылардың қозғалғыштық белсенділігі 16-19%-ын, ал 1-3%-ын дене тәрбиесінің ұйымдастырылған формасы құрайды. 11% апталық және 40% күнделікті қажеттіліктерін дене тәрбиесі сабақтарында тек аз-аздан толықтырып отырады. Егер оқушы қосымша денені шынықтыру-сауықтыру жаттығуларымен шұғылданбаса, бұл дененің дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
Денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстары жүйесіне кіретін қозғалу белсенділігінің көлемін ұлғайту,жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайын, денесінің дамуын және ақыл-ой қабілетінің артуына маңызды әсер етеді. Оқушының күніне 7-12 сағаттай қозғалыс белсенділігі оның ақыл-ой қабілетін дамытады, дене жүктемелеріне бейімделеді және үлгерімі жоғарылайды.
Күн тәртібінде қозғалу белсенділігін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Зерттеулеріміз оқушылардың қозғалыс белсенділігін қажет ететіндігін көрсетті. Оқушының сабақ үстінде қажуы, қозғалыстың аздығын білдіреді. Үзіліс кезіндегі аз уақыттық денені шынықтыру минуттары және ойын түріндегі дене жаттығулары белгілі мөлшердегі қажеттіліктің толықтырылғандығы болып есептеледі.
Педагог ғалым С.Қасымбекованың зерттеу жұмыстарын зерделей отырып, оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыру мазмұнын сурет 6 -дей етіп бейнеледік.
Дене тәрбиесі бағдарламасында қаралғандай, дене мәдениетін қалыптастырушы элементтерінің бірі гимнастиканы құраушы кешендер, жаттығуларды пайдалануда оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесі - оқушылардың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс жүйелерінің жан-жақты жетілуіне, өзі таңдаған спорт түрімен айналысуға, дене мәдениетін қалыптастыруға, белгілі жетістіктерге жетуге, еңбек пен әскери міндетті атқаруға дайындалуына бағытталған арнаулы тәрбиелік үдеріс.
Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесінің мақсаты – оқушыларды жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруін көздейді.
Ол мыналарды қамтиды: мықты денсаулық, дене мәдениетінің қалыптасуы, дамыған қозғалыс қабілеттерінің үйлесімді деңгейі, дене тәрбиесі саласындағы білімдер мен дағдылар, денені шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асырудың себеп-салдарлары мен меңгерілген тәсілдері, баланың қабілеттері.
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады:
-денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
-өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
-қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;
-дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
-денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілетті үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;
Кесте 1 - Оқушыларда дене мәдениетін қалыптастыру мазмұны








Наркологиялық диспансері

Мектеп тарапынан қолдау

Мектеп (басшылық, пед. ұжым)

Тері-вен диспансері

Қалалық денсаулық орталығы

“Қазақстанның болашағы үшін” республикалық жастар қозғалысы

Ұлттық тәрбие жүйесі

Нашақорлыққа, маскүнемдікке, темекіге қарсы күрес қоғамы

“Неке және отбасы” кеңесі






Денсаулық орталығы



Әдістемелік бірлестік

Емхана

Санаторий-


профилакторий

Спорт-сауықтыру


лагері

Валеология пәні

Психологиялық дамылдау бөлмесі

Спорт кешені

Салауатты өмір салты бөлмесі

Дәрігер
Фельдшер

Сенім телефоны (кеңес)

-адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.
Денені шынықтыру жаттығуларымен және спортпен шұғылданудың сабақ, сыныптан және мектептен тыс түрлерін біріктіретін дене мәдениетінің мектеп оқушыларының денені шынықтыру жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани қабілеттерін ашу және дамыту, оның қоршаған ортада өзін-өзі айқындауы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл орайда демократияландыру, адамгершілік пен имандылыққа іскерлікпен қарау, алдыңғы қатардағы дамыған психологиялық-педагогикалық және психологиялық-физиологиялық теорияларды пайдалану негізінде оқу-тәрбие үдерісін үйлестіру және жаңалық идеялары, мектептегі дене мәдениетін одан әрі дамыту үдерістері негізге алынады.
Дене мәдениеті бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:
-дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу;
-өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру;
-жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау;
-мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;
-дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау;
-дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану;
- әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру;
- әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы.
Дене мәдениетін қалыптастыру үдерісін жүзеге асыру үшін, қажетті міндеттер үш топты құрайды. Олар - сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет